Qaıyrly úmbet


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


Алладан қорыққан кісі күнә жолына емес,Аллаға ғибадат жолында қадам аттайды.

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Әс сәляму ъалейкум уә рохматуллоһи уә бәрәкәтуһ құрметті жамағат!

Мынау жаңа телеграмм каналымыз😊тіркеле кетіңіз🌹 ин шаа Алла иманыңыз бен біліміңізді арттырарына сенеміз




Құран-дертке дауа✨
Құран-жанға шипа🌸
Құран-жүрек тыныштығы🤍


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


🛑Сіз? Иә иә сіз
Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) лайықты үмбетсіз бе❓❓❓


'Әмр ибн Қайс әл-Муләи, Аллаһ оны рақымына бөлесін:

«Егер сен өзінің жанымен айналыссаң, онда адамдарды ұмытасың. Егер адамдармен айнылыссаң, онда жаныңды ұмытасың».

Қараңыз. «Хилят ул-әулия», (5/102).
Бұдан қортынды өзіңмен бол өзіңді дамыт✋


Біздің мақсатымыз - Аллаға жақындау. Әрине рухани жағынан. Шынайы тақуалыққа және үнемі Оны еске алып жүретін жағдайға жету. Кімде -кім Алланы шынайы сезінсе, ол күнә жасай алмайды өйткені өзін Оның бақылауында екенін біледі. Жай ғана мысал егер де сені біреу бақылауға алса ,өзіңді әлдеқайда жақсы,әдепті ұстайсың. Ал ешкім бақылап тұрмаса босаңси бастайсың. Осыны ұмытпаңыздар.

Абдурахман ибн Юсуф Мангера


Егер өз рухыңды тақуалықпен әсемдесең , Алла мен сенің араңдағы барлық кедергілер жойылады. Сен мағрифат нұрымен нұрланасың , жүрегіңнен даналық төгіледі , сенің алдыңда материалды өмір мен рухани өмірдің құпиялары ашылады.

Имам Ғазали


Осман رضي الله عنه

"Жүректерің таза болғанда Алланың сөзіне (Құран) тоймас едіңдер"

Кей күндері Құранның бетін де ашпаймыз😔
Суфиян Саури:

"Сондай бір заман келеді тәндер өмір сүреді бірақ жүректер өлі болады!" 😔



Өз жүрегіңізге қараңыз . Әркім өз жағдайын біледі!

Күндеріңіз сәтті өтсін!


أُسيد النّصح للآخرين و اَ ما غارق في الذنوب

Басқаларға кеңес беріп жүріп, өзім күнәларға батып жүрмін...


Өміріңіз қанша қиын болса да, мойымаңыз .Расында тіріден өліні , өліден тіріні шығаратын Алла сізге күтпеген жерден есік ашып , ойламаған жерден ризық бере алады!


Репост из: 𝚉𝙷𝙰𝙺𝚄𝚃𝚃𝚈𝙼
📿Хазіреті Фатима (радиаллаһу анһә) Пайғамбар (Саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Мырзамыздың қайтыс болатынынан қысқа бір уақыт бұрын:

«Ей, Аллаhтың Елшісі! Сенің келбетіңді бұдан кейін көре алмаймын!» - деп жылағанда, Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Хазіреті Әлиді шақырып:

«Ей Әли, хілиемді жаз, сипатымды көру мені көру сияқты!» - деп бұйырған.

📚«Рахмет самалы» кітабынан үзінді. Осман Нұри Топ
баш


Репост из: quranuiren
Бір күні атақты халифа Һарун Рашидке бір кісі келіп: “Мен қазір саған бір сын айтам, айтсам қатты айтам, жаныңа батса, ренжіме!” - дейді. Сонда халифа: “Тоқтай тұр! Алла Тағала менен де жаман адамға сенен де жақсы екі адамды жіберіп тұрып, ол екеуіне былай деп бұйырған”,- деп “Таһа” сүресінің 44-аятын есіне салған екен. Құранда былай баяндалған: “ Екеуің Перғауынға барыңдар. Өйткені ол шектен шыққан. Оған жұмсақ сөз сөйлеңдер, мүмкін ол үгіт алар немесе қорқар.”
Көрдіңіз бе? Алла Тағала жер бетіндегі ең жаман адамның өзіне насихат, кеңес, сын айтатын кезде оның өзіне жұмсақ, мейірімді, сабырлы күйде сын айт деп бұйырып тұр. Демек, әр адам сөзі мен насихатының өткенін қаласа, онда мейірімнен алыстамай, айтатынын жанашырлықпен айту керек екен.
Даналықпен дән сеуіп, жұмсақтықпен көркем нәтиже шығаруды нәсіп етсін Алла баршамызға!
_________________________
#асыларна #asylarna #асыларнателеарнасы #мейірімдібол #сынайту


Мұсылман бауырларыңыз сіздерге өз шығармашылығымен қолдау білдіріп жатыр. Жігер береді деген сенімдеміз.


Жұбату.

Қарындасым!
Елдің айтқан улы сөзі,
Жүрегіңе оқ болып қадалмасын.
Сені олардың пайдасыз сөздері емес,
Махшардағы жағдайың мазаласын.
Олар сені сөккен сайын мықтырақ бол,
Төгілмесін мөп-мөлдір көзден жасың.
Әр айтқан сөздеріне сабыр сақта,
Ашулансаң шайтанға ұтыласың...
Ғайбаттарын айтса айтып жүре берсін,
Қияметте тартылады жазаға шын...
Олар сені сөкпей тұрып бастарына,
Дәл сендей орамалын тағып алсын.
Олар сені бүркенді демей тұрып,
Ашылған әуреттерін жауып алсын.
Сен киген хиджаб жайлы сөз қозғамай,
Жаратушы Раббысын танып алсын.
Мұсылман екендігін айғақтайтын,
Жаттап алсын бірінші кәлимасын.
"Оқы" десең сан түрлі сылтау айтпай,
Бес уақыт намазына тұрып алсын.
"Ұста" десең сан түрлі сылтау айтпай,
Парыз болған оразасын тұтып алсын..
Кеш батып, қараңғылық басқан шақта,
Үйде отырсын, көшеде қыдырмасын.
Ібілістің зәріне тойып алып,
Әр көшенің бойында жығылмасын..
Ібіліспен жарысып еркектерді,
Ашылған әуретімен азғырмасын.
Исламнан зәредей хабары жоқ,
Сөйте-тұра дін жайлы сөз қылмасын.
"Жүрегім таза менің" деп ақталмай
Алланың бұйрықтарын орындасын.
Шынайы мумин болса ғибадат етсін,
Кәпірлердей шеткері ысырмасын.
Жаратқанның бұйрығын орындамай,
Білсін жәннат есігі ашылмасын.
Сені "сектант" деп айтқан сөздері үшін,
Тәубе етіп, күнәсына шын жыласын.
Шын жыласын, әйтпесе арғы өмірде,
Азаптан көз ашпасын ұғып алсын.
Ұғып алсын олар сенен тым төменде,
Сен шыққан биіктерге шығып алсын.
Мықты болса ісімен дәлелдесін,
Құр тілмен әр нені бір жыр қылмасын.

Сен мұңайма, түнерме қарындасым,
Мен үшін-ардақтысың, асыл жансың.

Албаров Мадияр.


✅Менің халім не болмақ?

Бір күні Ислам ұлыларының бірі хазіреті Ибраһим Әдһам моншаға барып, шомылғысы келеді. Алайда ол кісі моншаның иесіне:
-Ақшам жоқ, моншаға кіруге рұқсат етесің бе? - дейді.
Моншаның иесі:
-Ақшасыз моншаға кіруге рұқсат жоқ! – деп оны моншаға жуытпайды. Хазіреті Ибраһим Әдһам қанша жалынса да, монша иесі кіргізбейді. Моншаға кіре алмаған хазіреті Ибраһим Әдһам басын төмен салып, жылап кете барады. Оның жылаған дауысын естіген халық хазіреті Ибраһим Әдһамның қасына жиналып:
- Бұған бола осынша налудың қажеті жоқ. Моншаға кіру ақысын біз берейік, жылама! – десті көңілін аулаған болып. Сонда хазіреті Ибраһим Әдһам жиналған қауымға былай деп сабақ боларлық сөз айтқан екен:
-Уа, халайық! Мені моншаға кіре алмағандықтан жылады деп ойлайсыңдар ма? Мен моншаға кіре алмағаным үшін жыламаймын. Ойланып қарасам мына дүниеде тіпті, ақысыз моншаға да кіргізбейді. Ал ақыретте «Сенің жәннатқа кіретіндей амалың жоқ» деп есіктен кері қайтарып жіберсе, сонда менің халім не болмақ?» - деп жылап тұрмын.




📌📌📌

"...Сені Аллаһқа жақындататын барлық нәрсе сен үшін берекелі.
Сені Аллаһтан алыстататын барлық нәрсе сен үшін зиянды.
Ол мейлі кедейлік болсын, байлық болсын..."

📖[Рисәлатуль мустаршидин]
227 бет


Репост из: БАҚЫТТЫ БОЛ
ЖӘННАТТЫҢ КІЛТІ – ЖАНЫҢДА!

Ер адамға бізді бағатын, ақша табатын адам деп қарама. Оған Жәннаттың кілті, менің Жәннатым не тозағым деп қара.
Айтшы, алдыңда Жәннат тұрса, сен оған сөз қайтарасың ба? Оны ренжітіп, өзің ештеңе болмағандай жүре аласың ба?
Жоқ.
Біздің ұмтылатын ең басты нысанамыз – Жәннат емес пе? Біздің мақсат - азаптан құтылып, мәңгілік бақытқа, рахатқа қол жеткізу ғой, солай ма?
Ендеше, сол мүмкіндік біздің қолымызда тұрған жоқ па?

Біреулер Жәннат үшін көп қиындыққа сабыр етіп жүр, ауруымен күресіп, жақсы көретін нәрселерін құрбан етіп жүр.
Біреулер Жәннат үшін көп ақша жұмсап жүр. Дүние-мүлкін сарп етіп, қажылыққа барып жүр.
Ал сенің Жәннатың күнде жаныңда жүр...

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Күйеуі разы болған күйде дүние салған әйел - Жәннаттық» деген. Күйеуін разы ете алмаған әйел Алланың разылығын да ала алмайды. Сондықтан Жәннаттың кілті – жарыңда, Жәннаттың кілті – жаныңда екенін бір сәт те ұмытпашы, құрбым?!
_______________
#асыларна #asylarna #asylarnatelekanal #отбасы #ер #әйел #татулық


Репост из: [AL] About Languages & IR
Америка Құрама Штаттары. Нью-Йорк қаласы. Нью-Йоркқа ұшып келіп, Джон Кеннедидің әуежайынан шыққаным сол еді, алдымнан бір ер адам тап болды. Кәстөм-шалбар киген, "солидный" кісі. Қаланың орталығына жетуім керектігін, метро көрсетіп жіберуін сұраған болатынмын. "Жүре ғой" деп соңынан ертіп кетті.

Автотұраққа келдік. Чемоданымды алып үлкен қара "Chevrolet Suburban"-ға салып жатыр (суретін гуглдан көрерсіздер). Мен деген аң-таң болып тұрмын. "Жоқ, маған метро керек" десем, "Қайтесің оны, мен деген тез жеткізіп саламын" дейді. "Жарайды" деп отырдым. Бір жағынан "келе салып ақшасыз қалып кетпейін" деп қалтамдағы ақшаны да ойлап тұрмын. [Омск қаласында таксист әуежайға жеткізіп салғаны үшін 2000₽ (10000₸-дей) алған болатын. Сөйтіп қолма-қол ақшасыз қалғанмын. Жалпы шетелде абай болғайсыздар.]

Сөйтіп "Qeens" деген районға қара джиппен кіріп келдім. Ол деген "VIP күтіп алу" екен. 50$ қағып алды. Әлі ол жақтағы тарифтерді, шығындарды білмей жатып, қалтамнан 50$ шығып кеткеніне кішкене күйініп те тұрдым.

Бару керек болған үйді таппай сандалып жүрдім чемоданымды сүйреп. Қолымда сим-карта да жоқ. Хабарласа да алмаймын. Енді осы орайда тіл білгеннің артықшалығын тілге тиек ете кетейік.

Бір кішігірім клиника бар екен бұрышта. Соған кірдім. Ресепшндегі телефоннан хабарласармын, болмаса "wifi" қосып берер деп. Ресепшнде бір қара нәсілді американдық тұрған етін. Жағдайымды түсіндіріп айттым. Ол ресепшндегі орнын тастап, менімен бірге көшеге шығып кетті. Екеуміз бірге әлгі мекен-жайды іздедік. Таба алмадық (мекен-жай қате берілген болып шықты). Айналып жаңағы клиниканың ресепшініне оралдық. Кіреберіс жерде отырып, "wifi"-ды пайдалануға рұқсат сұрап, елмен байланысып алайын дедім.

Күн жарықта келген едім, сағат түнгі 11-ден асуда. Менің барар жерім болмай тұр. Бір уақытта жаңағы қара нәсілді жігіт келіп "енді не істейсің? Нью-Йоркта түнде далада қалуға болмайды. Өте қауіпті. Паркке барып жататын болсаң, сөмкеңді кесіп, бүкіл ақшаңды тонап кетеді. Ол ең жақсы деген жағдайда" деп алаңдатып қойды.

Солайша әлгі жігіт енді кетіп бара жатыр еді, қайта келді жаныма. "Мен сені жалғыз қалдырғым келіп тұрған жоқ. Келгенің бүгін екен. Менің үйіме барасың ба?",-деген ұсыныс білдірді. 14 сағат ұшқан соң, шаршап та тұрмын. Ол жігіт қара нәсілділер шоғырланған "Bronx" деген жерде тұрады екен. Кішігірім "гетто". АҚШ-қа келмей тұрып оқып-біліп, ақпаратқа тойып алғанмын. Жанында басқа достары барын айтты. "Ешкімге тиіскізбеймін, алаңдамасаң болады. Барлығы жақсы жігіттер. Мазаңды алмаймыз. Тек бір ғана ескертетін жәйт бар. Біз шөп шегеміз. Өзіміз әңгіме айтып отырамыз, сен ұйықтай бересің. Егер ОК десең, жүре қой" деді.

Далада қалғаннан осы дұрыс қой деп енді келісейін деп тұрғанда, мен бару керек болған үйдің егесі өзі хабарласты уатсаптан. Жаңағы жігіт екеуміз қуанып кеттік. Чемоданымды алып, бағдаршамға дейін көтерісіп барды да, саулық тілеп тарқастық. Сонда алғыс білдіріп жатсам, "біз бәріміз адамбыз. Бір-бірімізге әрдайым көмектесу керекпіз" деп ешқашан есімнен кетпейтін сөздер айтты.

#Алла #жар #ғибрат #запискиВостоковеда


Репост из: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
☪️ Елуді еңсерген шағында ел ағасы, белгілі дін қайраткері Әбдіғаппар Шәкірұлы Сманов дүние салды.

Әбдіғаппар Сманов 1970 жылдың ақпанында Түркістан облысының Сарыағаш ауданында дүниеге келді.

1990-1994 жылдары Бекабад қаласындағы «Мағрифат» медресесінде (Өзбекстан) діни білім алды.

🕌 1994 жылдан бастап «Таяқты ишан» мешітінде бас имам және осы мешіт жанындағы медреседе ұстаздық қызмет атқарды.

2010-2016 жылдары Сарыағаш медресе-колледжі директорының орынбасары, 2016 жылдың желтоқсанынан бастап Сарыағаш медресе-колледжінің директоры қызметін атқарды.

🇰🇿☪️ Әбдіғаппар Шәкірұлы Қазақ топырағындағы Ислам дінінің гүлденуі жолында елеулі еңбек атқарды. ҚМДБ-ның Республикалық ақпараттық насихат тобы құрамында еліміздің бірқатар аймағында болып, жұртшылықпен жүздесіп, асыл дініміздің насихатшысына айналды.

🤲 Алланың рақымы, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шапағаты болғай! Әмин!

Показано 20 последних публикаций.

10

подписчиков
Статистика канала