Фильтр публикаций


Таза, ұқыпты бояну білмеймін. Осы 2024-те ғана қызығып бастадым. Оның үстіне былтыр таза макияж, кір макияж деген де тиктоктан жиі шығып, ұялтатын.

Желтоқсанда кореядағы қазақ қызының мейкап жасауды үйретем дегесін, содан үйреніп көрейін дедім. Онлайн. Енді қарап отырмын. Бәрі стористерінде😣 Я жылжытып жібере алмайм, я өткізіп алған жеріме қайтадан ьара алмайм. Бірнәрсе өткізіп алсам, бір минуттық стористі қайтадан көріп отыру керек. Оны көріп отырып фокусым тағы шашырап, жаңағы жерді тағы өткізем. Ұйқым кеп, маужырап кеттім😫 Түу, сторисінесі😭 Енді запись экрана жасап ап, кейін бір-ақ қарармын. Көре алмайды екем.


Сыйлық демекші, екі нәрсе 2024-те жиі, көп сыйлықтар алыппын. Қалаған заттарымның бәрін сыйлапты, алыппын.

Екіншісі, мен сыйлық сыйлауды онша білмейді екем. Бұған дейін берген сыйларымды ойладым да, мә оны былай-былай сәндеп бергенде болар еді ғой деп қалдым.

Онша білмейді емес, жалпы білмеуім де мүмкін. Себебі, Бакуға барғанда осыларды қыздарға беремін деп алып қойған нәрселерім сол күйі қап қалды. Солай-солай осыны берейінші деп ап қойған заттарымды кейде сол күйі өзім қолданып кететінім бар.

Ең приколы, үйге сыйлыққап ап барған нәрселерді, Алматыға өзім қайтадын арқалап қайтады екем.
Осы жолы барғанда Еңкоштың микрофоны істемейтін боп шықты. Айбынтай бұндай блокнотқа жазу жаза алмайм негізі деді. Мамам да түймесі бар мен капюшоны бар ыңғайсыз деп, оны ап келейін деп жатқам. Кейіннен ұятты деді ма, киемін ғой деп ап қалды.

Біреудің не қалайтыны есімнен шығып кетеді. Беретін кезде қатты күмәнданам. Жалпы сыйлық қылып жарытпаймын.


Wish листті үйстіп бастаймын.

Өзіме де біреудің уиштерін оқыған ұнайды. Уиш-уиш заттарыңызды көрсете отырыңыздар.


wish list

🧢Басқа тағатын нәрселер. Кепка - топ сыйлық.
🍂Жилетка. Жилет сияқты, нымша сияқты нәрселер қатты ұнап жүр.
🌟Үйге киетін тапочка.
🌟Үйге жеңіл, жұмсақ шалбар, кофта
🌟Сөмкені сыйлыққа алу қызық сияқты.
🌟Кактус
🗝Жесткий диск - фото, видеоларды архив қып сонда көшіріп сақтау үшін.
🌟Кулон, жүзік те қызық сияқты
🪮Janeke тарақ
🕊Құс жастық
🍸Ұйықтағанда көзге тағатын🌟
👩Термобокал
✨Ананас
✨Тоқуға мастеркласс
🌟Кометика салатын или әшекей салатын
🤍Сүйкімді айна. Подругаларымнан естелік боп қалатын.
🌟Суреттері көп кітап или журналдар. Сән журналдары ма. Фотографтың кітабы ма
🌟Әлем Ертегі кітаптары. Мысалы, ағылшын ертегілері деген сияқты.
🖋️Поэзия жинағы. Өзімде Абай, Мұқағали, Ахметованың кітаптары бар. Мысалы, Шәкәрім, Шаханов немесе ьасқалары. ✨Фариза Оңғарсынованікі✨
🍂Хәрри Поттер. Қазақшасы. Алғашқы үш топы өзімде бар. Кез-келген басқа томы.
🍎Блокнот. Кез-келген түсініксіз жағдайда блокнот сыйлай беруге болады.


Керек емес дүниелер:
Тірі жанның, әсіресе адамның суреті бар нәрселер;
Нөмірмен сурет салу;
Дәәәәу сувенир




Жаңа жылды қатты күтпейміз. Бала кезімізде шырша қойып, қонақтар келіп, біз туған туысымызды аралап келітінбіз. Ол кезде кішкентай болғасын ба күткенім есімде емес. Тек бәрінің әйтеуір тойлатып жүргені күшті еді🎉

Бірте-бірте үй аралау қалды. Шырша да тозды. Өзіміз де жаңа жылға асықпайды екенбіз. Осы арада “негізі тойламай-ақ қойған жөн екен” дегенді түсіне бастадық.

Дүкенде бірақ ой шаруа қызады. Сыйлықтан сыйлық, торттан тор🕺

Бүгін кәз дүкенді жауып келгенде (12:00) жиналып шай ішеміз. Тамаққа вермишель. Десертке торт🎂


Осы жаңа жылға мән бермегенім сонша, жылды қорыту деген нәрселер қалып қала береді🪶


Ә! Ә! Ә! Ә! Ә! Ә! Ә! Ә!

[ң-ның құқы тапталып жатқан қоғамда Ә-ге қойылатын назар азайып қап жатыр]

ә, і, ң, ғ, ү, ұ, қ, ө!


Әсел, Әділ, Іңкәр, Ғали, Үміт, Ұлжан, Қарлығаш, Өркен

Мүлде бөтен адамдардың ә-ден қашқанын көргенде қарным ашады да, туған досымның ондай әдеті мүлде байқалмайтыны бар😅


Өлең 🦢🦢


Память
за прошлое держится цепко,
то прибывает,
то убывает...
В школе
когда-то были оценки
две:
«успевает»
и «не успевает»...
Мир из бетона.
Мир из железа.
Аэродромный разбойничий рокот...
Не успеваю
довериться лесу.
Птицу послушать.
Ветку потрогать...
Разочаровываюсь.
Увлекаюсь.
Липкий мотив
про себя напеваю.
Снова куда-то
бегу,
задыхаясь!
Не успеваю...
Не успеваю.
Время жалею.
Недели мусолю.
С кем-то
о чём-то
бессмысленно спорю.
Вижу
всё больше вечерние
зори.
Утренних зорь
я почти что не помню...
В душном вагоне —
будто в горниле.
В дом возвращаюсь.
Дверь открываю.
Книги
квартиру
заполонили.
Я прочитать их
не успеваю!..
Снова ползу
в бесконечную гору,
злюсь
и от встречного ветра
немею.
Надо б, наверное,
жить
по-другому!
Но по-другому
я не умею.
Сильным бываю.
Слабым бываю.
Школьного друга
нежданно встречаю.
«Здравствуй!
Ну как ты?..»
И —
не успеваю
вслушаться
в то, что он мне
отвечает...
Керчь и Калькутта,
Волга и Висла.
То улетаю,
то отплываю.
Надо бы,
надо бы остановиться!
Не успеваю.
Не успеваю.
Знаю,
что скоро метели
подуют.
От непонятной хандры
изнываю...
Надо бы
попросту сесть и подумать!
Надо бы...
Надо бы...
Не успеваю!
Снова меняю
вёрсты
на мили.
По телефону
Москву вызываю...
Женщину,
самую лучшую
в мире,
сделать счастливой
не успеваю!..
Отодвигаю
и планы, и сроки.
Слушаю притчи
о долготерпенье.
А написать
свои главные строки
не успеваю!
И вряд ли успею...
Как протодьякон
в праздничной церкви,
голос
единственный
надрываю...
Я бы, конечно,
исправил оценки!..
Не успеваю.
Не успеваю.


2024-те оқып үйренем бааа дегем. Болмады. Мен тек тыңдайды екем📖

Қазақ әдебиетімен, Мағауин, Бөкейлердің шығармашылығымен таныссам деген планым болған. Шынымен таныстым. Оқымадым. Кітапханға көп рақмет))


2025-те тоқып үйренсем екен🧦


Жаңа айфонның мына жері біртүрлі. Галереясы да біртүрлі.


Кітап оқитын қыздардың бойынан елден ерек мінез, қиял-қалау, нәзіктік сезіліп тұрады ше маған🦢🦢


Өз тректерін өзі жазатын кісі басында біреуге симпатиясын жазады, сосын ұзақ уақыт ғашықтық әндер жазады, сосын отбасылық тақырыпқа қарай ауыса бастайды ғой. Мысалы, “самая вышка”, “ең әдемі менің жүктім”, “ұлым, қызым, немерем, шөберем”.

Өмір бойы әндерінде қызға сөз айтып жүрген “өнөр адамын” әні қанша топ болса да, сәл кринжданып ап барып тыңдайтыным бар.


қауын-қарбызымыз осы⛄️🌟


Жігітіммен танысқанда бірден гүлдерді фотоға түсіре алмайтын мәселемен таныстым.


Репост из: Desen Ya
ӨНЕР БІЛІМ ЖОҚ ЖҰРТТАР

Өнер-білім жоқ жұрттар
Дәу ресторан салғызды,
Миллион төлеп бір әнге
Жалған әнші алғызды.
Тұмсық бұзған адамды
Ту ұстатып көтерді,
Ғалымдарға дым да жоқ,
"Қыса тұр!" – деп көтенді.

Қыс түскенде жылу жоқ,
"Шүкір!" – деп күрс жөтелді.
Тұсау болған несие
Кешіктіріп өтелді.
Ағайынмен алауыз,
Бауыр көрді бөтенді.
Жиған-терген – ремонтқа,
Тәрк етеді шетелді.

Пайдалы істер ісі жоқ,
Мәһр, тоқал талқылар.
Хиджаб үшін бет жыртып,
Салғыласып алқынар.
Біреу үшін сәнденіп,
Тек желіде жарқырар.
Көзбояушы жалғанның
Қаншалықты парқы бар?

Ауа сатты көпестер,
Еңбексіздік сән болды.
Қанттың түсі ақ десе,
Ауызын ашып таң болды.
Қылмысына пұл төлер,
Сатылмалы заң болды.
Күнәсіне мақтанып,
Авторитет паң болды.

Өнер-білім жоқ жұрттар
Бабасымен мақтанды.
"Мәңгілік ел" іспеттес
Сөздер бар жаттанды.
Игілік жоқ, теңдік жоқ,
Құқықтары тапталды.
Жалаң аяқ, жалаң бұт
О дүниеге аттанды.


ұят, кринж нәрселерді көріп-көріп, көңілім қалғанын білдіру үшін ауылымда жүрм✌

Показано 17 последних публикаций.