Жаңалықтар - Qaz365.kz


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Новости и СМИ


Қазақстан жаңалықтары 🇰🇿
Жарнама бойынша: @bs2906
@aidananagiyeva

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


Қазақстанда қанша әйел тұратыны белгілі болды

Оның 64,4 пайызы қалаларда тұрса, 35,6 пайызы ауылдық жерлерде екен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

Олардың мәліметінше, Қазақстандағы әйел саны 10 381 377-ге жеткен. Бұл дегеніміз - еліміздегі жалпы халық санының 51,1 пайызы.

Әйелдер санының көптігі бойынша бірінші орында – Алматы, онда 1,2 млн әйел есептелген. Екінші орын Түркістан облысына түесілі, ол жақта әйел саны 1 млн екен. Үшінші орында – Астана қаласы, бұ жақта 803 мың әйел. Қызығы, Астанада соңғы он жылда әйел санының қатты өсімі байқалған. Ал Алматыда қыз-келіншектер саны 37,5%-ға, Маңғыстау облысында 32,5%-ға өскен.

Жас жамасына қарай жіктесек, әйелдердің 3,3 млн 18 жасқа дейінгі жастағылар. 18-60 жас аралығындағы қыз-келіншектер саны 5,3 млн. 60 жастан асқан апаларымыз 1,7 млн екен.

Қазақстандағы әйелдердің орташа жасы – 34,1. Бүгінде 4,4 млн әйел әртүрлі салаларда жұмыс істейді.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Пышақ ұстаған ер адам Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алды

Желіде ер адам пышақпен қызды Алматы әуежайында шашынан ұстап тұрған бейне пайда болды. Оқиға 7 наурызда сағат 11:45 шамасында ішкі рейстер терминалында орын алған.

Белгісіз бір ер адам жолаушының көзінше ұшу алдындағы тексеру аймағына жақындаған. Қызметкерлерден құжаттарды ұсынуды сұрағанда, ол кенеттен қауіпсіздік қызметкерін ұстап алып, оны пышақпен қорқыта бастады.7 минуттан кейін шабуылдаушыны полиция мен авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері қарусыздандырды. Қазіргі уақытта ол ұсталды, ТЖ мән-жайларын құқық қорғау органдары тергеп жатыр,

– делінген әуежай әкімшілігі мәліметінде.


Өзбектер Temu-ға тыйым салмақ, қазақтар неге қамсыз

Шетелдік маркетплейстер Қазақстанның өз өндірушілерін қыса түсті. Өзбек билігі содан сабақ алып, Қытайдың Temu маркетплейсінің қарқынды түрде танымал болуына байланысты оны шектей бастады.

4 наурыздан бастап Ұлттық перспективалық жобалар агенттігі азаматтарға бұл платформада тапсырыс жасамай, бұрын рәсімделген тапсырыстар бойынша ақшаны қайтару туралы өтініш беруді сұрады. 20 наурыздан бастап шетелдік электрондық сауда платформаларына, соның ішінде Temu маркетплейсіне шектеулер енгізетінін ресми түрде мәлімдеді.

Өзбекстанның электрондық коммерция басқармасының басшысы Камронбек Мұхаммадиев Temu-дың агрессивті түрде жаңа нарықтарға еніп жатқанын, бірақ жергілікті заңдарды сақтамайтынын атап өтті.

Қазақстан қамсыз ба
Шетелдік маркетплейстерге қосымша құн салығын төлетуді бұрын «Ақ жол» партиясының депутаттары көтерген еді. Экономист Сапарбай Жобаев бұл бастаманы дұрыс деп есептейді.


"Ескі вагонды 2 жыл пана еткен": Алматы облысында 3 бала арнайы орталыққа орналастырылды

Алматы облысында кәмелет жасына толмаған 3 бала адам шошырлық жағдайда өмір сүріп келген. Олар Алатау қаласына қарасты шаруа қожалығының аумағындағы ескі вагонды 2 жыл пана еткен.

Алатау қаласына қарасты ауданда аштықтан ауыр дертке шалдығып, ақыры мүгедек болып қалған бүлдіршін анықталды. Чикиндер отбасында еңбек етіп, табыс табар ешкім жоқ. Отағасы денсаулығына байланысты көшеге шыға алмайды, ал анасы 2 балаға қараумен әлек. Татьяна Чикинаның айтуынша, соңғы жылдары олар бір зейнетақыға қарап қалған, содан тұрмыстары күрт нашарлап кетіпті. Қаржы тапшылығынан кенжесі краббе ауруы, яғни ақуыз-энергетикалық жеткіліксіздігіне шалдыққан. Дер кезінде көмек көрсетпегеннің кесірінен 7 жасқа таяп қалған баланың физикалық жағдайы 4 жастағы баланікіндей дамымай қалған.

Әлеуметтік көмек 3 жастан кейін тоқтады. Мен күйеуімнің денсаулығына байланысты жұмысқа шыға алмайтын болдым. Бір зейнетақыға өмір сүріп жүрміз, бірақ қаржы тіпті тамаққа жетпейді, оның үстіне балам ауырды. Аяққа тұра алмай жатырмыз. Ауруханаға жүгіндім, бірнеше рет ем алдық, қазір балаға мүгедектік жазып беру жұмысы жүріп жатыр. Соңғы кезде құзырлы органдар азық-түлік әкеліп, жағдай сәл де болса жақсарды,

– деді Алатау қаласының тұрғыны Татьяна Чикина.

Алатау қаласында тағдыр тәлкегіне ұшыраған тағы бір отбасы бар. Кәмелетке толмаған 3 баласы бар жанұя қала шетіндегі шаруа қожалығындағы ескі вагонды пана етеді. Іші қараңғы, сыз тартады, адам көрсе шошитын көрініс. 15, 5 және 3 жастағы балалар мұнда анасымен және оның көңілдесімен тұрады. Білім алып жарытпағаны былай тұрсын, бозбала физикалық қорлық көрген. Жағдайды көзбен көрген құзырлы орган өкілдері әйел мен балаларды тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету орталығына орналастырды.

Егер ата-анасы ішіп кетіп, балаларға қарамаған жағдайда, мобильді топ құрып, комиссияның шешімі бойынша ата-ана құқығынан айыруға болады. Біздің міндетіміз – баланың және жәбір көрген, зорлық-зомбылық көрген ананың, құқығын қорғау,

– деді Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының директоры Ләйлә Кеңесханқызы.

Мұндай жағдайларды бақылауға алып, алдын алу үшін Алматы облысының прокуратурасы «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасын қолға алып, мобильді топ құрып, 13 мыңға жуық әлеуметтік осал топтағы отбасын тексерген. Жұмыс барысында анықталған жанұяларға азық-түлік, көмір жеткізіледі.
Жобаның мақсаты – зорлық-зомбылық қаупінде тұрған немесе оған ұшыраған балаларды анықтау немесе оларға көмек көрсету. Қалалық әкімдік, полиция, қамқоршылық органдары, психологтармен бірге Алатау прокуратурасында мобильдік топ құрылды,

– деді Алатау қаласы прокурорының орынбасары Рауан Махтаев.

Арнайы мобильді топ анықтаған қараусыз қалған бүлдіршіндер медициналық тексеруден өтіп, кейбірі ауруханаға жатқызылды. Прокуратура өкілдері мәлім еткендей, жұмыстар үнемі жүргізіліп, жағдайы нашар жанұялар үздіксіз бақылауда болады.


Қазақстан гендерлік теңдік жолында: мемлекеттік қызметтегі басшылық лауазымдардың 39%-ын әйелдер атқарады

Мемлекет басшысының бастамасымен жетекші билік органдарында әйелдерге арнайы квоталар берілді. Нәтижесінде, Парламент пен мәслихаттардағы әйелдер үлесі артты, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Қазіргі кезде Парламентте 28 әйел депутат бар, бұл жалпы депутаттар санының 18,9%-ы. Мәслихаттарда әйелдердің үлесі – 22,7%-ға (3 415 депутаттың 774-і) жетті.

Мемлекеттің 21 министрлігінде, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және ақпарат министрліктерінде 3 әйел министр, 8 вице-министр, 3 аппарат басшысы бар. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынышты және есеп беретін 14 мемлекеттік органда 6 әйел басшылық қызмет атқарады. Ел бойынша судья әйелдердің жалпы саны – 1 248 адам (53%).

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 55,8%-ға (84 482 мемлекеттік қызметшінің 47 158-і – әйелдер) жетті. Басшылық лауазымдардағы әйелдердің жалпы үлесі – 39,1% (23 947 басшының 9 363-і).

Сонымен қатар Үкімет әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға көп көңіл бөлуде. Шағын және орта бизнес иелерінің құрылымында әйел кәсіпкерлердің үлесі 48%-ға жетті.

Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мақсатында бірқатар бағдарламалар іске асып жатыр. Мәселен, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры қызмет еткен кезең ішінде 4,1 млрд теңге көлемінде 105 мыңнан астам әйелдің жобасына қолдау көрсетті.

Бүгінде әйелдердің тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған арнайы бағдарламалар бар. «Отбасы банк» пен Азия даму банкі бірлесіп, «Ұмай» ипотекалық бағдарламасын іске қосты. Үш жыл ішінде бұл бағдарлама 3 660 қазақстандық әйелге баспана сатып алуға көмектесті. Жалпы несие көлемі – 41,2 млрд теңге. Сондай-ақ, асыраушысынан айырылған әйелдер де енді мемлекеттік тұрғын үй алу кезегіне жеке санат ретінде енгізілетін болады.

Өткен жылғы ең маңызды оқиғаларының бірі – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңның қабылдануы. Заңда қылмыстық жауапкершілік қатаңдатылып, отбасы институтын нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша бірқатар нормалар бекітілді.

Президент тапсырмасы бойынша, Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінде «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау» басқармасы құрылды. Әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстарды тергеу үшін арнайы әйел тергеушілер тағайындалды (республика бойынша тергеу-жедел топтарына 280 әйел тергеуші енгізілді).

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлар 16 мың әйелдің құқығын қорғады.

Аталмыш заңдағы жаңашылдықтардың бірі – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат Министрлігі үйлестіретін бірыңғай Отбасын қолдау орталықтары желісін құру. Осыған байланысты 2024 жылдың маусым айынан бастап мұндай орталықтардың саны 33-тен 104-ке дейін артты.

Қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды ерте анықтау мақсатында Мәдениет және ақпарат министрлігі (МАМ), Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕХӘҚМ), Ішкі істер министрлігі (ІІМ) және Денсаулық сақтау министрлігі (ДС) мамандарынан құралған мобильді жұмыс топтары құрылды.


Республикалық «LEADER TOPIQ» байқауы кезекті кезеңіне аяқ басты

Алматыда білім беру саласындағы үздіктерді анықтайтын республикалық «LEADER TOPIQ - 2025» байқауының ашылу салтанаты өтті. Бес жылдық тарихы бар бұл байқау биыл да білім саласындағы жаңашылдар мен жасампаздарды біріктіріп, «TOPIQ-пен TOP-та бол!» атты республикалық челленджімен ерекшеленді.

Іс-шараға еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының педагогтері мен оқушылары қатысып, байқаудың бес жылдығына өз тілектерін арнады. Биылғы шараның басты жаңалығы – жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін интеллектуалдық ассистент «Qamqor» болды. Qamqor анимациялық кейіпкерге айналып, көк экран арқылы көпшілікті таңғалдырды. «TopIQ.kz» платформасында білім беру процесін жеңілдетуге арналған қызметтері туралы айтып, ұстаздар мен оқушыларға цифрлық білім берудің мүмкіндіктерін кеңінен таныстырды.

❗️Арнамызға жазылуды ұмытпаңыз!


"Алматы жастары" бағдарламасына өтініш қабылдау басталды

2025 жылғы 14-26 наурыз аралығында "Алматы жастары" бағдарламасы аясында жеңілдетілген тұрғын үй несиелерін алу үшін өтініш қабылдау басталады. Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі қала жастары қатыса алады7

Әкімдіктің мәліметінше, бағдарламаға қатысуға өтінішті www.almaty-zhastary2025.kz ресми сайты арқылы беруге болады, авторизация электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүзеге асырылады.

Бағдарлама аясындағы несиелендіру шарттары:
Ең жоғарғы несие сомасы – 20 млн теңгеге дейін;
Пайыздық мөлшерлеме – 5 пайыз;
Бастапқы жарна – 10 пайыз;
Бастапқы және қайталама тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігі;
Бағдарлама бойынша қамту – кемінде 2550 адам, оның ішінде 1050 "Жұмыс істейтін жастар" бағдарламасының жалға алушылары.
Бағдарламаға қатысу үшін негізгі талаптар:

Өтініш беру кезінде өтініш беруші мен оның жұбайы (зайыбы) Алматы қаласында тұрақты тіркеуде тұруы тиіс.
Өтініш берушінің жасы өтініш беру сәтінде 35 жастан аспауы тиіс (жұбайының жасына қарамастан). Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде ерлі-зайыптының біреуі ғана қатыса алады (бар болса).
Өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің меншігінде тұрғын үй болмауға тиіс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайын әдейі нашарлату фактілері болмауы керек.
Өтініш беруші соңғы 6 (алты) айда Алматы қаласында ресми түрде жұмыс істеген болуы керек және міндетті зейнетақы жарналары төленуі қажет. Қатысушы таңдаған келесі салалардың бірінде еңбек өтілі болуы керек: денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары, журналистика, әлеуметтік сала, құқық қорғау органдары, қалалық коммуналдық қызметтер.

"Жұмыс істейтін жастар" бағдарламасының (2019-2024 жылдар) жалға алушылары үшін жас шектеулері, тұрғылықты тіркеу талабы және ресми еңбек өтіліне қойылатын талаптар қолданылмайды.

Толық ақпарат www.almaty-zhastary2025.kz сайтында қолжетімді. Анықтама телефоны: +7 (727) 225 14 57.


СҚО-да 125 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Солтүстік Қазақстан облысында 125 мың гектар пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне қайтарылды.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Прокуратура органдары пайдаланылмаған жер учаскелерін анықтау және қайтару бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Ағымдағы жылдың басынан бері қадағалау органы жалпы ауданы 125 мың гектардан асатын 34 жер учаскесін мақсатына сай пайдаланылмағанын анықтады. Ақжар, Тимирязев, Уәлиханов аудандарының жер пайдаланушылары Жеркодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы мақсатындағы 34 жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған. Қадағалау актілері бойынша жалпы ауданы 8,3 мың гектардан асатын, кадастрлық құны 95,7 миллион теңгеболатын 8 жер учаскесі қайтарылды, олар қазіргі уақытта заңды экономикалық айналымға тартылуда,

– делінген Прокуратура хабарламасында.

Қалған жер учаскелері бойынша оларды қайтару жұмыстары жалғасуда.


"SDU-да оқып келдім": Маңғыстаулық 7 педагог жалған құжатпен ұсталды

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының 7 педагогы білім беру мекемелерінде жалған құжатпен жұмыс жасап келген.

Бұл туралы Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бейнеу ауданы прокуратурасы жалған куәлікпен жұмысқа орналасқан педагогтарды анықтады. Білім беру сапасының заңдылығына жүргізілген талдау нәтижесімен педагогтардың кәсіптік даярлықтан өту куәліктерінің жалғандығы анықталды. «Ә» есімді педагог 2024ж. наурыз айында SDU University университетінің (Алматы қ.) «Арнайы педагогика» мамандығы «логопед-дефектолог» біліктілігі бойынша қайта даярлау курсынан өткені туралы жалған куәлігін пайдалану арқылы, мектепте «педагог-психолог» лауазымында жұмыс жасаған. Ұқсас деректер, аудандағы орта білім беру ұйымдарындағы 6 педагогтен анықталды.Аталған әрекеттер үшін, сот үкімімен 7 педагог Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 385-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға айыппұл жазасы тағайындалды,

– делінген прокуратура хабарламасында.

ҚР Бас прокуратурасы жалған құжат жасау, жасату заңдық тұрғыдан жауапкершілікке тартылатынын есертіп отыр.


Fly Arystan билет бағасын жасырын өсіріп елді қанаған

Монополияға қарсы орган «FlyArystan» әуе тасымалдаушысы тарапынан үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерін анықтады.
Авиатасымалдаушы әуе билеттерін сату кезінде транзакция үшін комиссия алу арқылы әуе билетінің құнын арттырған. Бұл «drip pricing» деп аталады, демек, «тамшылап баға өсірген». Негізінен еуропалық заңнамада бұған мүлдем тыйым салынған. Осы фактілерді біз анықтап, авиатасымалдаушыға қатысты монополияға қарсы заңнаманы бұзуды тоқтату туралы хабарлама жолдадық. Ол кейіннен орындалды,

- деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы Марат Омаров БҚДА алқа отырысында.

Қазіргі уақытта агенттік ішкі авиатасымалдар нарығына қатысты монополияға қарсы талдау жүргізілуде.


ШҚО-да тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданына қарасты Жалғызтал ауылының тұрғындары алкогольді ішімдіктен мүлде бас тартуды ұйғарды.

Басылымның хабарлауынша, 150 адам тұратын елді мекен ресми түрде ішімдіксіз ауыл мәртебесін алды. Жергілікті тұрғындар бұл шешімді қоғамдағы қауіпсіздікке адалдық таныта отырып, саналы түрде қабылдаған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, соңғы үш жылда ауылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Полицейлер құқық бұзушылықтың басым бөлігі, соның ішінде тұрмыстық жанжал және басқа да қылмыстар көбінесе мас күйде жасалатынын айтып, ауыл тұрғындарының бастамасын қолдап отыр.

Айта кетерлігі, Жалғызтал – облыстағы алкогольден бас тартқан алтыншы елді мекен. Жергілікті тұрғындар мұны салауатты өмір салтына жасалған қадам деп санайды және осы әрекет басқа қазақстандықтарға үлгі болады деп сенеді.


Сын сильно избил собственную мать в Талдыкоргане

33-летнего мужчину суд города Талдыкорган приговорил к аресту на 10 суток по факту нанесения телесных повреждений своей матери.

Его действия квалифицированы по ч.1 ст.109-1 Уголовного кодекса Республики Казахстан (побои). Пострадавшая в суде заявила, что в ходе семейного конфликта сын несколько раз ударил её,

– сообщает прокуратура области Жетысу.

По статистике, приведенной прокуратурой области Жетысу, только за 2024 год в регионе по ст.109-1 УК РК к ответственности привлечен 161 нарушитель, а за истекший период 2025 года - 31 человек.


Қосылған құн салығына қатысты өзгеріс қашан күшіне енетіні белгілі болды

Қосылған құн салығы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты.

Оның айтуынша, заң нормасындағы өзгерістер шілде айына дейін парламенттің мақұлдауынан өтуі керек.

Бәрі дұрыс болса, шілде айына дейін парламенттен шығып, мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі. Ал салық кезеңі келесі жылдың наурыз айында басталады, – деді министр.

Бұған дейін Мәжілісте қосылған құн салығын 16%-ға көтеру ұсынылған. Ал денсаулық сақтау, IT, туризм, креативті индустрия және азық-түлік өндірісі үшін 10 пайыздық төмендетілген мөлшерлеме ұсынылды. Бұл Ұлттық қорға қол сала бермей, бюджет тапшылығын жоюға мүмкіндік бермек.


Депутат Үкіметке Қазақстандағы зейнеткерлердің несиесін түгел кешіруді ұсынды

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Қайрат Балабаев қарызға батқан зейнеткерлердің кешіруді ұсынды.

Ол бұл ұсынысты премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевқа жолдаған депутаттық сауалында айтты.

Мәжіліс жан-жақты қарап, президент қол қойған банкроттық туралы заң жобасының тетіктері дамымаған.Аталған заң борышкерлердің ешкімнің көмегіне жүгінбей-ақ, өтініш беруге оңтайлы жағдай жасауы тиіс еді. Сондай-ақ, оның шарттарында 6 млн 291 мың теңгеден аспайтын қарыздарды банкроттыққа тапсыруға болатыны көрсетілген. Алайда, шын мәнісінде, бұл заң да, банкроттыққа тапсыру тетігі де дұрыс жұмыс істеп тұрған жоқ. Қолда бар жалғыз ресурс «Е-өтініш» қосымшасы арқылы жолданған өтініштер қанағаттандырылмай отыр. Соның салдарынан өмір бойы бейнеттеніп зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер зейнетақысынан қағылып жатыр,

- дейді Қайрат Балабиев.

Ол бұл ретте бар-жоғы 30 мың теңге шамасындағы зейнетақысы картасына түспей жатып банктердің қолында кететін зейнеткерлердің мәселесін көтерді.

Банктерге барсаңыз, бар-жоғы 32 мың теңге зейнетақысы банк картасына түспей жатып жоқ болып кеткен, зар илеген зейнеткерлерді көресіздер. Жағдайды зерттесек, зейнетақы «кіріс көзі» болып саналады және зейнетақы әлеуметтік қорғалған есепшот санатына жатпайды. Әлеуметтік қорғалған есепшоттарды ашу тек «Каспий банкі», «Халық банкі» және «Центр кредит» банктеріне бекітілген. Бұл банктердің филиалдары тұрмақ, банкоматтары жоқ жер көп. Барлық жерде банкоматтары болмаса да, бөлімшелері бар «Қазпошта» әлеуметтік қорғалған есепшоттарды ашуға болатын тізімге енбеген. Бұл қасақана жасалған әрекет емес пе?,

- дейді депутат.

Оның айтуынша, микроқаржы ұйымдары айлықтан-айлыққа деп аз ақша беріп алдап, айналдырған 30 мың теңгені төлей алмаса да, оған он еселеп өсім қосып, қарызға батырып жатыр. Ешбір табыс көзі жоқ азаматтарға уақытша көмек болғанымен, оңайлықпен құтылмайтын қарызға айналып кететінін көпшілік біле бермейді.

Бірақ бұл біздің бұқараның тоқтығын көрсетпейді. Біздің партияның «Қарызсыз қоғам» жобасының аясында азаматтардың қаржылық сауаттылығы арттырылып жатыр. Ойланбастан несие алатындардың қатары сиреп келеді. Президент тапсырмасымен заң қабылданғанның өзінде, банкроттыққа тапсырудың неге қиындап кеткенін кім түсіндіреді. «Зейнетақы қорынан қомақты қаржыны алып, ел игілігі үшін пайдаланып жатқандықтан, зейнетақыны «кіріс көзі» деп санау - ұят емес пе?» деген сұрақтың жауабын таппаған. «Зейнетақы жинағына қол салғанымыз аздай, зейнеткерлерге зейнетақысын жегізбеуіміз елдігімізге сын болар,

- дейді Қайрат Балабиев.

Депутаттың ұсыныстары мынандай:

Әділет органдарына берешегі бар зейнеткерлердің зейнетақы есепшоттарын бұғаттаудан босатуды;
Республикалық базадан банктерде берешегі бар зейнеткерлерді бақылап анықтауды;
Құзырлы органдарға зейнеткерлердің соттан тыс және сот арқылы «банкрот» деп тану процесін жеңілдетуді;
Зейнеткерлердің қарызын кешіруді;
Барлық екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» мекемесінен де зейнеткерлер үшін әлеуметтік қорғалған есепшоттарды жаппай ашуды ұсынды.


24 жастағы елордалық 100 млн теңге болатын кокаин өнімін тасымалдаған

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Астанада есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері мемлекеттік күзет қызметімен бірлесіп, 24 жастағы ер адамды ұстады. Тінту барысында оның пәтерінен ірі көлемдегі есірткі мен оларды сатуға арналған құрал-жабдықтар табылды. Жедел іс-шаралар нәтижесінде 600 грамнан астам кокаин, 130 грамнан астам каннабис шайыры, 30 грамнан астам каннабис майы тәркіленді,

– делінген полиция хабарламасында.

Тәркіленген есірткілердің қара нарықта жалпы құны 100 миллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Басқа да күдіктілердің бар-жоғы анықталып, тергеліп жатыр.


Ақтау әкімдігі қоқыс жәшіктеріне 1 млрд теңге жұмсамақ

Осы ақшаға 192 контейнер сатып алу көзделген. Шенеуніктер теңіз жағасында үнемі жел соғатындықтан, уақтылы жиналмаған тұрмыстық қалдықтар қаланың сәнін бұзатынын айтты. Осы мәселені біржола шешу үшін жерасты контейнерлерін орнатпақ. Қала билігі былтыр осындай 10 қоқыс жәшігін қойып, тиімділігіне көз жеткізгенбіз дейді. Енді биыл әр данасы 4,6 миллион теңге тұратын 192 контейнер сатып алу үшін бюджеттен бір миллиард теңге бөлінеді.

Желіде әкімдіктің шығыны қызу талқылануда.


Құлыбаевтар отбасы өртенген ҚБТУ университетін бақылауды тоқтатты

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші қызы Динара Құлыбаева Қазақстан-Британ техникалық университетін (ҚБТУ) бақылауын тоқтатты.

Бұл туралы Қаржы есептілігі депозитарийінде жазылған.
Акционерлердің құрамы туралы және эмитенттің дауыс беретін акцияларының он және одан да көп пайызын иеленетін акционерлердің құрамында өзгеріс бар. «Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания» ЖШС,

– делінген хабарламада.

Құжатқа сәйкес, өзгеріс 27 ақпанда болған.

Ал «Нұрсұлтан Назарбаев білім қорына» Динара Құлыбаева, Галина Самарская және Асқар Нұрпейісов иелік етеді.


ШҚО-да мекеме басшысы танысына компания ашып, қаржы жымқырып отырған

Шығыс Қазақстан облысында заңсыз компания ашып қаржы жымқырған лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды.

Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді.

2019 жылы «Өскемен және Семей қалаларындағы көше жарықтандыру жүйелерін жаңғырту» жобасы аясында ескі жарықтандыру құралдарын қуаты тиімді жарықдиодты шамдарға ауыстыру көзделген болатын. Алайда, лауазымды тұлғалар жобаны жүзеге асыру барысында жалған актілерге қол қою арқылы жабдықтар мен жұмыстардың құнын арттырған және жалпы сомасы 2,5 миллиард теңгеге техникалық сипаттамаларға сәйкес келмейтін көшелерді жарықтандыру құралдарын қабылдаған. Сонымен қатар, қылмыстық кірістерді жылыстату мақсатында «Шығыс Қазақстан облысының Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аймақтық орталығы» АҚ басшысы компанияны сенімді адамының атына тіркеп, қаражатты жымқыру үшін қосалқы мердігерлік ұйым ретінде пайдаланған. Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа жалпы құны 265 миллион теңгені құрайтын элиталық жылжымайтын және жылжымалы мүлік сатып алынған, оларды ықтимал тәркілеуден жасыру мақсатында сенімді тұлғаларға рәсімдеген. Сот санкциясымен аталған мүлікке тәркілеу мақсатында тыйым салынды. Күдікті тұлғалар тарапында қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды

– делінген ҚМА ақпаратында.


Шымкентте жемқорлық толығымен жойылды - Руслан Берденов

Санаулы күн бұрын Шымкент қаласының әкімі орынбасары болып тағайындалған Руслан Берденов өңірдің жемқорлықтан тазарғанын айтып, мәлімдеме жасады.

Оның тілшілердің сауалына берген жауабында қалада құрылыс пен мемлекеттік сатып алу салаларында жемқорлық толыққанды жойылды деп отыр.

Мемлекеттік сатып алулар бойынша – бізде бұрын болған сыбайлас жемқорлық деректері қазір жоқ. Мен мұны ашық, ресми түрде айта аламын және бұл тек менің емес, бұл осы салада жұмыс істейтін кәсіпкерлердің сөздері. Қазір құрылыс саласында, мемлекеттік сатып алуларда сыбайлас жемқорлық жоқ,

– дейді Руслан Берденов.


Павлодардағы алюминий зауытынан 30 млн теңгенің металы ұрланған

Павлодардағы алюминий зауытынан екі қылмыстық топ көп көлемде металды заңсыз шығарып, қаржы жымқырып отырған.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Павлодар облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Алюминий зауыты аумағынан металл ұрлау схемасын анықтады. Қылмыс жасады деген күдікке кәсіпорынның қызметкерлері ілінді. Ұлытау облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы «Қазақмыс» корпорациясының қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, көрсетілген кәсіпорынның жұмыскерлерінен тұратын екі топ ұстады. Олар тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлау схемасын ұйымдастырған. Бірінші жағдайда топ мүшелерінің бірі учаске бастығы болып табылады. Олар 16 млн теңгеден астам сомаға кәсіпорын мүлкін ұрлаған. Екінші топта қылмыстарды жасауға корпорация басқармаларының бірінің басшысы қатысқан. Олар ұрланған заттарды кәсіпорын аумағынан құжаттарды қолдан жасау арқылы шығарып отырған. Аталған фактілер бойынша фигуранттардың құқыққа қарсы әрекеттері туралы дәлелдер жиналды. Барлық күдіктілер ұсталды,

– деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Олардың заңсыз әрекеті жедел іс-шаралар нәтижесінде құжатталды. Фигуранттар металдың кезекті партиясын шығару кезінде қылмыс үстінде ұсталды. Олардың іс-әрекеттерінен кәсіпорынға 30 млн теңге сомасында шығын келтірілді. Қылмыстық іс ұрлықтың бірнеше эпизодтары бойынша тергелуде.

Показано 20 последних публикаций.