🇨🇳 Қытай және тағылым
Қытайдың 3 қаласында болып қайттым:
✈️ Ең әуелі Алматыдан Санья қаласына ұштық. Санья - Қытайдың оңтүстігінде орналасқан, мұхитқа шығатын теңізі, 25 км жағажайы бар жайлы қала. Ауа темперературасы 20° жылы. Адамдары чилл атмосферада жүреді. Бақытты, еш жерге асықпайды, өмірден ләззат алады.
🏙️ Саньяда бір күн болып Гуанджоуға ұштық. Гуанджоу - 20 млн тұрғыны, қарбалас тіршілігі, зәулім ғимараттары мен Саньяға қарағанда салқындау ауасы бар қала. Мұнда жай жүрген адамды кезіктірмейсің. Барлығы үйінде емізулі баласы бар анадай бір жерге асығыс. Тек бұларды асықтырып жатқаны ашығып жатқан сәби емес, асқақ арман мен қызылды-жасылды дүниенің тіршілігі. Бұл қалада 3 күн болдық.
🏯 Үшінші болған қаламыз Иу қаласы. Иу - нағыз саудагерлер қаласы. У-шу болып жатқан базары, қызып жатқан саудасы, бір тиын болса да үнемдегісі келіп тұрған адам мен бір тиын болса да жырып қалсам деп тұрған саудагердің тартысы. 2 күнімізді Иуға арнадық.
🌴 Сапардағы соңғы күнімізді шырайлы Саньяда жағажайдың құмына аунап, 4 сағат қатарынан теңізден шықпай өткіздік. Алматыға қайтар ұшағымыз осы Санья қаласынан еді.
💭 Қайтар жолда ұшақтың ішінде терең ойға шомып кетіппін. Көкей құлағыммен Құдайдың осы сапар арқылы маған не айтпағы бар екенін ұққандай болдым. Қытайға сапарым - өмір сапарымен парапар екен:
1. Өмір сапарым ең алғаш эмбрион болып анамның құрсағында басталған екен. Махаббат пен ләззаттың туындысы болған эмбрионға ең жайлы, жылы жерді - ананың құрсағын беріп қойған Құдайдың құдіретін-ай. Бұл менің Саньяда көрген жайлылығымды еске түсірді. 🌅
2. Эмбрионның сәтті пайда болғаннан кейінгі ұлы мақсаты - адами жаратылыс кейпін алып, бұлшық еті, сүйектері, он екі мүшесінің қалыптасуы, жан бітуі. 9 ай ананың жатырында болатын бұл кезеңді Гуанджоудағы қарбалас өмірге ұқсаттым. 💡
3. Аман-есен дүниеге келген әрбір жанның қарттыққа дейінгі өмірі үлкен бір базар іспеттес. Сендегі бар жастық, энергия, берілген барлық нығметің - сенің осы базардағы ақшаң. Ал базар - мына дүниенің қызылды-жасылды, жақсы-жаман, тәтті-дәмсіз, адал-арам, шынай-алдамшы бізді қоршаған барлық зат. Кіммен, қалай, қашан, немен саудалассаң да өз еркің. Өмірдің бұл кезеңін Иудағы сауда базарына ұқсаттым. 🧮
4. Өмірдың қызған шағы, “сауданың” көп бөлігі өтетін жастық шақ та өтеді. Қарттық келіп, қарбалас тіршіліктен демалатын уақыт келеді. Алдыға қоятын мақсатыңнан, артыңа қарап саралайтын, өміріңде болған жайттарды қорытындылайтын кезің. Осы кезеңді Иудан Саньяға қайтып, демалып, сапарды қорытындылаған 1 күнге теңедім. 📝
⌛️ Әрбір басталған саяхаттың бітіп, еліне қайтуы бардай әрбір басталған өмірдің тәмамдалып, раббысына қайтуы бар.
🧳 Сапардан қайтып келгенде не әкелді, қандай сауда жасап келді екен деп қолымызға қарайтын отбасымыз бардай, өмір саудасынан қайтқанда не нәрсемен алдына келгенімізге қарайтын Құдайымыз бар.
❓ Өзіме сұрақ қойдым: Өмірімнің саудасы қалай өтуде? Қарттық шағыма келгенде сан соқпастай өмір сүріп жатырмын ба? Құдайға қайтқанда қандай тауарыммен барам?
🛬 Осы сұрақтарды өзіме қойып, ойға шомып отқанымда Алматыға қондық. Қай сапарымыз болса да аман-есен оралғанымызды нәсіп еткей әрдайым.