Devotion


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Telegram


Хей, жақсым! Осы каналда өз ойларымды, оқыған-тоқыған білімімді, кітаптардан, sohbet-терден алған пайдалы ақпараттармен бөлісетін боламын. Stay with me😉🤍

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Telegram
Статистика
Фильтр публикаций


Great things never…
Came from comfort zones💀


Өмірдің екі тірегі : үйренуден жалықпау , үйретуден аянбау

🗣️: Дінмұхамед Қонаев


🌱Тиімді оқу жолдары


миғраж түүні мүбәрәк болсын!.pdf
6.4Мб
Миғраж түні жайлы көптеген пайдалы ақпарат ала аласыздар✨


Жас бала - жас бір шыбық, жас күнде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ. Теріс иіліп қалған шыбықты артынан түзеймін десең, сындырып аласың.


Өміріңді толық өзгертетін Жапондық 6 қағида:

1️⃣ Кайдзен – Үздіксіз даму қағидасы. 📈 Күн сайын кішкентай, бірақ маңызды қадам жасаңыз. Мысалы, 10 минут жаттығу немесе жаңа дағдыны үйрену!

2️⃣ Икигай – Өміріңіздің мәнін табыңыз. 🧭Ол 4 идеяға негізделген:
⁃ өзің жақсы көретін іспен айналыс
⁃ Өзің жақсы болатын нәрсені істе
⁃ Әлемге қажет нәрсені жасаңыз
⁃ Төлеуге болатын нәрсені жасаңыз

3️⃣ Миэнаи гаку - дайындыққа көбірек мән беруді көздейді. 💻 Басқалар көрмесе де, тынымсыз дайындық нәтижесінде үлкен жетістіктерге жетуге болады.

4️⃣ Шошин – Бастаушының ақыл-ойы. 🧠 Әр нәрсеге қызығушылықпен және ашық оймен қараңыз. “Мен бәрін білемін” деген ойдан арылып, жаңа білімге құштар болыңыз!

5️⃣ Ганбару – Ешқашан берілмеу. 💪 Бұл табандылық пен қайсарлық философиясы. Қандай қиындық болса да, соңына дейін күресіңіз!

6️⃣ Шинрин-йоку – Табиғатпен байланыс. 🌳 Орманда серуендеп, тыныштықты сезініңіз. Бұл денсаулық пен рухани тепе-теңдіктің керемет көзі.


Істеріңді кейінге қалдыра берсең, саған 100% көмектесетін 5 тиімді әдіс:

1. “5 минут ережесі”
Кез келген істің ең қиын тұсы – бастау. Мұны жеңудің қарапайым тәсілі:

• Таймерді 5 минутқа қойыңыз.
• Сіз кейінге қалдырып жүрген істі дәл қазір бастаңыз.
• Таймер шырылдағанда тоқтасаңыз болады… бірақ құпиясы мынада: сіз тоқтағыңыз келмей қалады.

2. “Бақаны жеу” әдісі
Күніңізді ең қиын әрі маңызды іспен бастаңыз:

• Ең үлкен «жүк» бірден жойылады. Осы істі орындап тастасаңыз, өзіңізді жеңіл әрі жетістікке жеткендей сезінесіз.
• Қалған істер жеңіл көрінеді. Ең қиыннан кейін қалғаны оңай болады.

3. “2 минут ережесі”
Егер бір істі орындауға 2 минуттан аз уақыт кетсе, оны қазір орындаңыз. Кішкентай бітпеген істер санаңызды мазалап, күндерге, тіпті апталарға созылуы мүмкін:

• Бірден әрекет етіңіз:
• Контентті жариялаңыз.
• Журналға жазып қойыңыз.

4. “Артық үйренуді тоқтатыңыз”
Үйрену – дамудың кілті. Бірақ үйрену мен әрекет етпеу – кейінге қалдырудың бір түрі. Әрекетсіз білімнің пайдасы жоқ.

• Прокрастинацияның тұзағы:
Үйрену -> Үйрену -> Үйрену -> Үйрену
• Өсуге арналған тәсіл:
Үйрену -> Қолдану -> Үйрену -> Қолдану

5. “Фокус қой”
Назарды бөлетін нәрселер тәртіптің жауы. Жұмыстың шыңына жету үшін барынша шоғырлану қажет:

• Телефоныңызды «ұшақ режиміне» қосыңыз.
• Назар аударуға кедергі келтіретін ойларды журналға жазып қойыңыз.
• Жұмыс кезінде журналды басшылыққа алыңыз.

Бастап көріңіз, нәтижесін көріп таң қаласыз!


Мотивация тамақ сияқты. Қарының ашқан сайын, оны алып отыру керексің.


Жатарда ойлаймын
Тұрғанда ойлаймын
Орныма қоймайды
Обал ойлар-ай
Орындамай қоймаймын
Орындамай қоймаймын


2 апта қорытындысы:

1 курс өттім
3 кітап бітірдім
4 подкаст тыңдадым
Дуолингуо 26 сабақ
Планк 26 мин
8 рилс 1 пост
Push ups 1200
Отырып-тұру 1200
Ағылшын (listening, reading, speaking, vocabulary)


Understanding is an art
And not everyone is an artist.


💡Ағылшын тілі деңгейіңді көтеруге көмектесетін ең мықты ютуб каналдар🇬🇧:

1. Speak English with Tiffani - тіл үйренудің жылдам әдістерімен бөліседі.

2. Neurolera - нейрометодиканы қолданып, қалай тіл үйеніп бастауға болатынын айтады.

3. baobaopearly - полиглот әрі тіл үйренудің оңай жолдарымен бөліседі

4. Tedx Talks - ағылшын тілінде түрлі тақырыптағы пайдалы видеолар (қалай тілді үйрену керек, баланы қалай тәрбиелеу керек…)


Кітап лифт сияқты.
Кітапты қаншалықты көп оқысаң, соншалықты биікке шығасың.


Кемел адам шам сияқты, өзі жанса өзгелерге де жарық сыйлайды.


Тектілік әйелдің көркі, әшекейі ар-намысы мен абыройы, ал оның ең таңқаларлық, құрметке лайық қасиеті – көрегендігі, тәрбиелігі мен жарына деген адалдығы


Тәжірибе ақылдың ұстазы)


Ұғыну басқа, білу басқа; мың түрлі нәрсені білгеннен гөрі
бір нәрсені ұғыну артық


Зачем слово, когда говорят глаза…


Олар сені жеңілді деп ойлады, бірақ сенің енді ғана бастағаныңды қайдан білсін?!


Жаман күндер жақсы күндердің іргетасын қалайды.

Показано 20 последних публикаций.