Көңіл қалауына ерудің бір белгісі:
Нәпіл амалдарды орындауға талпынып, парыз амалдарды орындауға жалқаулық таныту.
Ибн Атаиллә әс-Сакандари: «Көңіл қалауына ерудің белгісі – нәпіл игі істерге құлшынып, парыз етілген амалдарды орындауға жалқаулық таныту», - деген.
Адамдардың жиналып ғибратты әңгіме айтып, ізгілікке жанашырлык туралы сөз қозғап, түннің ортасына дейін оты-рып, кейін әркім тарасып, үйіне барып демалып, таң намазын оқымай қоюы - көңіл қалауына ерудің белгісі. Рамазан айында тарауық намазға берік болып, оны жамағатпен окуға тырысып, алайда парыз етілген бес уақыт намазға деген ондай құлшыныстың болмауы да тура сондай. Түнгі намазға тұрып, бірақ таң намазын оқуға селқос карау, нәпіл садақаны беріп, бірақ парыз етілген зекетті бермеу, өзгелерге жәрдемдесіп, асырауы міндетті болған отбасының нәпақасын өтеуге дұрыс мән бермеу сияқты істердің барлығы да κөңіл қалауына ерудің әсері. Өйткені Алла Тағаланың бұйрығын орындауға талпынған адам, нәпіл амалдарды орындай тұра, ешуақытта парыз етілген істерге селқос карамауы тиіс.
Мұхаммад ибн Әбу әл-Уард (Алла оны рақымына алсын):
«Адамды құрдымға кетіретін екі іс бар. Бірі – нәпіл амалмен шұғылданып, парыз амалға мән бермеу. Екіншісі – дене мү-шелерімен ізгі амал жасап, бірақ жүректің онымен қатысы болмауы», - деген.
Қызметте, дүние істерінде сырттағы адамдарға жылы жүз, көркем мінез танытып, ал үйдегі, өзінің отбасы мүшелеріне келгенде дөрекі, жаман мінезбен қарым-қатынаста болуды да ғалымдарымыз көңіл қалуына ерудің белгілеріне жатқызған.
📚"Қалып", Думан Сайфулла