Комментатор Шалқар


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Спорт


Комментатор Шалқар Естеннің арнасы!
- Жылдам ақпарат
- Сараптама
- Ойындарға болжам
- Қызықты статистика мен спорт тақырыбындағы әдебиет
Жарнама бойынша: @shalkaryesten77

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Спорт
Статистика
Фильтр публикаций


💪 Мбаппе "гол+пас" жүйесі арқылы 500 ұпай жинады - 26 жасында ол тарихтағы бұл көрсеткішке жеткен ең жас футболшы атанды.


«Челсидің» жанкүйерлері «Брайтонмен» өткен матчтың соңында Роман Абрамовичтің есімін атап ұрандады – лондондықтар жеңіліп, Англия кубогынан ұшып кетті. Челси соңғы 28 жылда үшінші рет 1/8 финалға өте алмай отыр.


🇷🇴Румынияның екінші лигасындағы қызық жағдай!
«Миовени» соңғы орында -66 ұпаймен тұр. Негізі өзінде 8ұпай еді.

Бірақ клуб жалақыны кешіктіруіне байланысты 74 ұпай алынып тасталды.


Репост из: KFF Team
🔥 Ұлттық құрамаға үміткерлер мен жаңа есімдер

✅ Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі қарсаңында өтетін оқу-жаттығу жиынына шақырту алған ойыншылардың тізімі анықталды.

📝 Тізімге 22 ойыншы енді. Олар:

Қақпашылар:
🤩 Бекхан Шайзада
🤐 Дінмұхаммед Жомарт
😚Нұрасыл Тоқтаров

Қорғаушылар:
🤩 Ұлар Жақсыбаев
🤔 Ади Адамбаев
🤔 Алмас Төлібай
🤐Дінмұхамед Қараман
😑 Асқар Сатышев
😚Амандық Набиханов

Жартылай қорғаушылар:
🤔 Абылайхан Назымханов
😙Серікжан Мужиков
😙 Ален Айманов
🤑 Жаслан Жұмашев
🤑Наурызбек Жагоров
🤑Мейрамбек Қалмырза
🤑Данияр Үсенов
😚Равиль Атыханов
🌊 Давид Есімбеков

Шабуылшылар:
😛Айбар Жақсылықов
😘Оралхан Өміртаев
😘Айбар Абдулла
😝 Алияр Мұхамед

❗️Оқу-жаттығу жиыны 10-18 ақпан күндері Түркияның Белек қаласында өтеді. Бапкерлік штаб бұл жиынға ұлттық құрамаға үміткерлер мен жас ойыншыларды шақырды.

📅 Айта кетейік, Қазақстан құрамасы ӘЧ-2026 іріктеу кезеңін 22 наурыз күні сырт алаңда Уэльске қарсы ойынмен бастайды. Үш күннен соң Лихтенштейнмен кездесеміз. Екі ойын да сырт алаңда өтеді.

#KFFTeam | #BizdinJiigitter💛💙


😡 🇪🇸 «Реалдың» клубтық телеарнасында мадридтік дербидегі пенальтидің тағайындалуы қатты сынға алынды:

– Бұл Негрейраның былыққа толы лигасы. Мүлде ереже бұзылған жоқ, доп әлдеқашан өтіп кеткен, ал Лино әдейі Тчуамениге жабысып ереже бұздуы іздеді. Мұндай әділетсіздікке төзу мүмкін емес – мен болсам, алаңнан кетіп қалар едім. Жүйе ең көп қолдау көрсететін командаға тағы да пенальти берді.


✂️🇦🇷 Лионель Месси Америкада жаңа маусымға жаңа шаш үлгісімен.

Леоның жаңа стилін қалай бағалайсың? 👍/👎


Мадридтіктер ұпай бөлісті.

Соңғы үш ойындада кім мықты екені анықталмады. Бұлда бір интрига болып тұр.

Және ла лига чемпионатына талас қыза түсейін деп тұр.

Реал Мадрид- 50 ұпай
Атлетико Мадрид- 49
Барселона - 45


👏 🤍 Бүкіл «Сантьяго Бернабеу» Марсело алаңға шыққан сәтте қол шапалақтап қарсы алды. Ал капитан Лука Модрич клуб аңызына естелікке жейде сыйлады.

Жаңа бастамаларыңа сәттілік, аңыз!


1936 жылғы Олимпиада ойындарында жапондық найзашығушылар – Шухей Нисида мен Суэо Оэ бірдей нәтиже көрсетіп, тек көшбасшыдан кейінгі орынға ие болды. Олардың қайсысына күміс, ал қайсысына қола медаль беру керектігін анықтау үшін төрешілер спортшыларға өзара сайысуды ұсынды. Алайда, олар бұл ұсыныстан бас тартты.

Нәтижесінде төрешілер жеребе тастап, күміс медальді Нисидаға, ал қола медальді Оэге берді. Жапонияға оралған соң, екі спортшы медальдарын зергерге апарып, оларды тең екіге бөлдірді. Кейін күміс және қола бөліктерін біріктіріп, өзара айырбастады.

Осылайша, тарихта теңдесі жоқ "Нисида-Оэ достық медальдары" пайда болды. Бұл медальдар бүгінгі күнге дейін спорттағы құрмет пен достықтың символы болып саналады.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Мемфис Депайдың керемет финті


📸 Фергюсонның кешегі Магуайрдың соңғы минуттағы жеңіс голын соқанындағы реакциясы.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
😍 🇺🇿 Абдукодир Хусанов «Манчестер Сити» үшін алғашқы голын соқты! Өзбек қорғаушысы Рико Льюистің соққысынан кейін гол соқты.


❌ 🇧🇷 «Аль-Ахли» Фирминоны чемпионаттың ойындарына қатыстырмайды, оны тізімінен алып тастады, оған клуб сенім артпайды, енді ол тек Азия чемпиондар лигасында ойнай алады.

Клуб оны өз жоспарларына қоспайды және қыста сатқысы келген, бірақ Фирмино барлық ұсыныстардан бас тартты. Ол айына 1,7 миллион еуро табыс әкелетін келісімшартынан бас тартқысы келмейді.


«Арсеналға» шабуылшы қажет, бірақ қыста ешкімді алмады, бәрін жазға қалдырды. Соның салдарынан кеше Мартинеллидің жарақат алып, бір айға қатардан шыққаны белгілі болды. Бұған қоса, Сака көктемде ғана оралады, ал Жезус бұл маусымда мүлде оралмайды.

Қазір шабуылда тек төрт ойыншы қалды:

1. Хавертц – орталық шабуылда оған балама жоқ

2. Троссард – ойыны бірде жақсы, бірде нашар

3. Нванери – небәрі 17 жастағы жігіт

4. Стерлинг – Рахим


Интернетте MLS U-13 кубогындағы матчтың суреті тарап жүр, онда «Интер Майами» «Атлантаны» 12:0 есебімен жеңіп, кіші Месси 11 гол соқты делінген.

Бірақ бұл – жалған ақпарат болып шықты!


2011 жылы 19 жастағы Неймар Бразилия құрамасында Робиньомен бірге ойнаған. Енді, арада жылдар өтіп, ол «Сантос» клубына оралып Робиньоның ұлы Робсонмен бірге ойнайды.

Ал Робиньоның өзі қазір өз елінде топтық зорлау үшін 9 жылға сотталып, жазасын өтеп жатыр.


🤯🇫🇷 Дембеле қатарынан 7-ші матчта гол соқты. Османның ПСЖ сапындағы соңғы 10 ойынында 15 гол соққан - француз 2025 жылы барлық матчтарда гол соққан.

🔥 – мансабымдағы ең жақсы форма!


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Магуайр гол соғып МЮге жеңіс сыйлады🔥

🔥 «Манчестер Юнайтед» Англия Кубогының 1/16 финалында «Лестерден» басым түсіп жарыстың келесі кезеңіне өтті.


❌🇪🇸 Винисиус «Реалдың» жаңа келісімшарт бойынша ұсынысын қабылдамады (Relevo).
Ол жалақысын оның «әлемдегі ең үздік ойыншылардың бірі» деген мәртебесіне сай болғанын қалайды. Қазір вингер The Best жүлдесін алғаннан кейін жылына шамамен 15 миллион еуро табады.


💰📈 Қысқы трансферлік рекордтар: ерлер клубтары 5863 халықаралық трансферге 2,35 миллиард доллар жұмсады, ал әйелдер клубтары 455 трансферге 5,8 миллион доллар ғана жұмсады.

Әйелдер футболында алғаш рет 1 миллион доллардан асатын трансфер тіркелді – «Челси» АҚШ құрамасының қорғаушысы Гирмуды сатып алды 🤯

Показано 20 последних публикаций.