Соққы және гол! арнасында рекорд шығарылым шықты
Кеше УЕФА чемпиондар Лигасының 18 матчы бір уақытта басталды. Біз эфир біткен соң бірден студияда жиналдық.
04:00-де басталған түсірілім 08:00-де аяқталды. Ұйқы қысты, мойын ауырды. Бірақ сөзіміз бүтін болды.
Монтаждан соң, видеоның хроны 2.5 сағатты құрады. Өте көлемді әңгіме өрбіді. 18 матчтың бәрін талқылап шықтық.
Барлық ойынға мүмкіндігінше бірдей көңіл бөлуіміз үшін барлық эксперттерімізді жинадық. 11 эксперт өз клубы жайлы зор ықыласпен айтып берді. Сізге ұнайды деп сенеміз ❤️
Қазақ Youtube-ында осындай білімді азаматтардың болуы және олардың Соққыда бас қосуы мені бақытты етеді.
Достарымның ой-өрісіне таңғаламын 👇
https://youtu.be/A9YsgPFfL1M?si=CZeO6_uaNYGNxzvK