Спорт жаңалықтары | Руслан Бақытжан


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Спорт


Қазақ спортының жаңалықтары
Реклама: @alimjanasqar

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Спорт
Статистика
Фильтр публикаций


Өз алаңымызда есе қайтардық

🇰🇿 Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2026 іріктеу кезеңінің 4-турында Данияны 7:3 есебімен жеңді.

⚽️ Бізден Дуглас Жуниор дубль жасаса, Ақжол Дәрібай, Азат Валиуллин, Дамир Қайырбай және Дәурен Тұрсағұлов бір-бір голдан соқты.

❌ Түнеугүні сырт алаңда өткен матчта 2:3 есебімен жеңіліп қалған едік.

📆 Келесі ойынды 7 наурыз күні Албанияға қарсы өткіземіз.

@sportqazaq


Екінші жеңіске қол жеткіздік

🇰🇿 Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Харбинде өтіп жатқан Азия ойындарындағы екңнші матчта Қытайды 6:1 есебімен жеңді.

🔥 Осыған дейін Таиландтан 12:0 есебімен басым түскен едік.

🆚 Топтағы келесі ойынды 7 ақпан Тайбэйге қарсы өткіземіз.

@sportqazaq


Елена Рыбакина камбэк жасады

🇰🇿 Қазақстандық теннисші (5) Mubadala Abu Dhabi Open WTA 500 додасының 1/8 финалында америкалық Кэти Волынецпэті (67) 2:1 (2:6, 6:4, 6:4) есебімен жеңді.

🆚 Ширек финалда Вакана Сонобэ – Онс Жабер жұбының жеңімпазымен кездеседі.

💰 Турнирдің жалпы жүлде қоры 1 064 510 долларды құрайды.

@sportqazaq


Юлия Путинцева ұшып кетті

🇰🇿 Қазақстандық теннисші (21) Mubadala Abu Dhabi Open WTA 500 додасының 1/8 финалында чехиялық Маркета Вондрусоваға (37) 0:2 (2:6, 3:6) есебімен есе жіберді.

🎾 Ал Елена Рыбакина (5) америкалық Кэти Волынецпен (67) күш сынасады.

💰 Турнирдің жалпы жүлде қоры – 1 064 510 доллар.

@sportqazaq


Есе қайтаратын күн

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуро-2026 іріктеу кезеңінің 4-турында Данияны қабылдайды.

🇰🇿 Қазақстан – Дания 🇩🇰
⏰ 19:30
📺 QazSport
🏟 Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, Астана.

@sportqazaq


Ринат Жұматов Қуат Хамитовке жауап берді

«Ақша үшін өз досын жұрт алдында кемсітіп жүрген адам. Клоун. Солай айтып барыңдар», – деп жазды «Атырау» ойыншысы.


🗣️ Оған Қуат «Ертең терпила болып шықпасаң болды!» деп жауап қайтарыпты.

@sportqazaq


Үндістанда қазақ күресінен Әлем чемпионаты өтеді

📆 Дүбірлі дода 26-27 ақпан күндері Дели қаласында болады.

🔥Турнирге 20-дан астам елден 200-ге жуық спортшы қатысады.

🆚 Балуандар 16 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынайды.

@sportqazaq


Садриддин Ахмедовтің қарсыласы белгілі болды

🇰🇿 Отандасымыз (15-0, 13 КО) мексикалық Элиас Эспадаспен (23-6, 16 КО) жұдырықтасады.

🥊 Жекпе-жек 19 сәуір күні Лос-Анджелесте өтеді.

🔥 Осыған дейін SOQ америкалық Рафаэл Игбоквені мезгілінен бұрын жеңген еді.

@sportqazaq


Еркебұлан Сейдахмет «Ақтөбе» қатарына қосылды

❤️ 25 жастағы вингер «ақ-қызылдар» сапында жаттығады. Бәрі ойдағыдай болса, ресми түрде келісімшартқа қол қояды.

❌ Ал Дорни Ромеро клубтан кетті.

@sportqazaq


Бауыржан Исламхан «Ордабасыдан» кетті

💙 Шымкенттіктер жаңа маусым алдында жалпы 14 ойыншымен қош айтысты:

▪️Айбол Әбікен
▪️Артем Беседин
▪️Лавро Цвек
▪️Игорь Пластун
▪️Реджиналдо
▪️Сергей Игнатович
▪️Кристиан Товар
▪️Максим Федин
▪️Всеволод Садовский
▪️Шохбоз Умаров
▪️Ғафуржан Сүйімбаев
▪️Темірлан Ерланов
▪️Азамат Жомартов
▪️Бауыржан Исламхан.

@sportqazaq


Қыздар Таиландты да аямады

🇰🇿 Хоккейдан Қазақстан әйелдер құрамасы Харбинде өтіп жатқан Азия ойындарындағы екінші матчта 9:0 есебімен жеңіске жетті.

🔥 Осыған дейін Гонконгтен 12:0 есебімен басып түскен еді.

🆚 Топтағы келесі ойынды 6 ақпан (16:30) Тайбэйге қарсы өткіземіз.

@sportqazaq


Репост из: FONBET Kazakhstan
🗣«Отдаешь всего себя, а в итоге можешь услышать: «Когда ты начнешь работать?»

▶️ В новом выпуске «Это футбол, брат» Александр Кержаков рассказал про период в «Кайрате» и отношения с Боранбаевым. Смотрим! 👈



🗣«Өзіңді толықтай бересің, ал ақыр соңында: «Қашан жұмыс істей бастайсың?» деген сөзді естисін.

▶️ «Это футбол, брат» бағдарламасының жаңа шығарылымында Александр Кержаков «Қайрат» клубындағы кезеңі мен Боранбаевпен қарым-қатынасы туралы айтты. Көрей 👈


Sold Out!

❌ Футзалдан Еуро-2026 іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстан – Дания матчының барлық билеті сатылып кетті.

📆 Ойын ертең Астанадағы Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

⏰ 19:30-да басталатын ойынды QazSport телеарнасынан көре аласыздар.

@sportqazaq


Жігіттер де ірі жеңіспен бастады

🇰🇿 Хоккейдан Қазақстан ерлер құрамасы Харбинде өтіп жатқан Азия ойындарындағы алғашқы матчта Таиландты 12:0 есебімен жеңді.

🆚 Келесі ойынды ертең (17:00) Қытайға қарсы өткіземіз.

@sportqazaq


Қазақстандық футболшы 4-дивизионының клубына ауысты

🇪🇸 «Вальядолид Б» Мұхаммед Еңсебаевты «Сеута Б» командасына маусым соңына дейін жалға берді.

🇪🇸 «Сеута Б» Терсераның 20 турынан кейін 31 ұпаймен алтыншы орында келеді.

@sportqazaq


ҚФФ жарнаны төмендетті

🇰🇿 Федеарция Қазақстандағы ресми турнирлерді өткізу құқығын QFL-ден толықтай өзіне қайтарып алған еді.

Енді соларға қатысу жарнасын 10%-ға азайтыпты.

«Соңғы жылдары чемпионаттарға қатысу үшін төленетін жоғары жарна клубтарға қаржылық ауыртпалықты күшейтті. Осыған байланысты Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) бұл жарналарды 10%-ға төмендету туралы шешім қабылдады», – делінген ҚФФ жазбасында.


@sportqazaq


«Ордабасының» қарсыластары белгілі болды

💙 Шымкенттің клубы екінші оқу-жаттығу жиынын 25 ақпанға дейін Түркияда өткізеді.

🆚 Белекте бес клубпен күш сынасуды жоспарлап отыр.

🔥 Осыған дейін Әбу-Дабиде дайындалып, бар-жоғы екі матч өткізген еді.

@sportqazaq


«Шахтер» да Түркияға аттанады

⛏️ Қарағандылықтар 4 ақпан күні соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Лараны бетке алады.

📆 Бұл жиын 24 ақпанға дейін жалғасады.

💪 «Кеншілер» дайындықтың осыған дейінгі екі кезеңін Қарағанды мен Астанада өткізген еді.

@sportqazaq


Ризабек Айтмұхан Кайл Снайдермен күш сынасады

🇰🇿 Отандасымыз 25 ақпан күні Алматыда өтетін PWL 8 турнирінде өнер көрсетеді.

🆚 Одан бөлек тағы бірнеше қызық белдесу күтіп тұр:

🇰🇿 Ризабек Айтмұхан – Кайл Снайдер 🇺🇸

🇰🇿 Азамат Дәулетбеков – Магомедхабиб Кадимагомедов 🇧🇾

🇰🇿 Жәмлиә Бақбергенова – Айпері Медет қызы 🇰🇬

🇺🇸 Кайл Снайдер – Алихан Жабраилов 🇷🇺

🇰🇬 Ақжол Махмұдов – Ибрагим Ганем 🇫🇷

🇨🇺 Габриэль Росильо – Артур Саргсян 🇷🇺

🇬🇪 Автандил Кенчадзе – Ахмед Усманов 🇷🇺

@sportqazaq


Қыздар Гонконгті талқандап тастады

🇰🇿 Хоккейдан Қазақстан әйелдер құрамасы Харбинде өтіп жатқан Азия ойындарындағы алғашқы ойында 12:0 есебімен жеңіске жетті.

🆚 Келесі матчты ертең (16:30) Таиландқа қарсы өткіземіз.

@sportqazaq

Показано 20 последних публикаций.