Әкем және оның ағасы (атам) Семейде оқыған.
Әкемнің әңгімесінде мөлшері 2 апта сайын жер сілкінетін ол кезде оның не екенін білмейтінбіз деп айтады.
Бүгін үйге атам келді. Әдейі полигон туралы сұрадым.
Ары қарай атамның әңгімесінен.
Бірінші жұмыс күні жер сілкінеді. Сол күні сабақ басқа корпуста болатын. Сол есімде қалыпты. Люстра қозғалады.
Абралы, Абай аудандарына практикаға бардым. Мал бағып отырған ағайынды адамдардың үйлері қаз- қатар тұр. Жарымжан бала әр үйде бар. ( біреулердің қол аяғы осылай, біреулердің көзі деп көрсетеді). Есіктің алдында отырады. Әй тезекке барып кел
дейді. Шамасы жеткен бір-екі тезек алып келеді.
Өзім 17 жасар баламын. Неге олай деп ойланатынмын.
Полигон - Халқымның басына туған қасірет.