temyrtauuly


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


Ілім ізденушілердің қызметшісі 📚
اللَّهُمَّ لَا تُعِقْنَا عَنِ الْعِلْمِ بِعَائِقٍ وَلَا تَمْنَعْنَا عَنْهُ بِمَانِعٍ
Негізін қалаушы: @a_temyrtauuly

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


✅ 1 адамға жеңілдіктер қалды‼️


‼️Бұл ақылы дәрістерімді 5 кісіге толықтай 50% жеңілдікпен 10 мың теңгеге беремін! Бұл соңғы сатылым болмақ! Осыдан кейін бұл дәрістерімде мүлде сатылымға шықпайды. Ниетті жандар болса жеңілдікпен алып қалыңыздар‼️


📜 Біз ұсынатын ақылы дәрістер топтамасы:

❗️Сарф (Морфология) және Нах’у (Синтаксис) ілімдері
бойынша дайын видео форматта жазылған дәрістеріміз кері байланыссыз сатылымда❗️

📚 Сарф ілімінен бастауыш деңгейдегі “Әмсилә” кітабы бойынша дәрістер - 4000 теңге. (13 дәрісті қамтиды).

📚 Сарф ілімінен ортаңғы деңгейдегі “Бинә” кітабы бойынша дәрістер - 6000 теңге. (31 дәрісті қамтиды).

📚 Сарф ілімінен жоғарғы деңгейдегі “Мақсуд” кітабы бойынша дәрістер - 8000 теңге. (30 дәрісті қамтиды).

📚 Нах’у ілімінен бастауыш деңгейдегі “ән-Нах’у әл-Уәдих” кітабы бойынша дәрістері - 6000 теңге. (16 дәрісті қамтиды).

🎁 Осы дәрістердің бірін сатып алсаңыз “Дурус әл-Луғат әр-Арабия 1-том” дәрістерін сыйға береміз. (24 дәрісті қамтиды).

📌 Дәрістерді сатып алғыңыз келсе
+77086567307 номеріне төлем жасап, түбіртекті жіберуді ұмытпаңыз❗️


▪️Алла нәсіп етсе жақын күндерде бұл каналымды толыққанды өшіремін. Ендігі тек “HADDASANA” деген каналымды жүргіземін. Менімен екі жылдың үстінде бірге болған жандарға алғысымды айтамын.

https://t.me/haddasanaa енді тек осы жерде боламын


▪️ «Опасыз адамға берілген махаббат пен алғыс айтпаған адамға жасалған жақсылық, босқа (ауаға) кеткен уақытпен бірдей».

📘 Ибн Хиббән, Раудат әл-Ғуқалә


▪️Бәшшәр ибн Бурд (Алла оны рахымына алсын):

«Ғашықтықтың мені өлтіретінін білгенімде, сені кезіктірместен алдын өзіме кебін дайындайтын едім».

📌 Неткен романтик ақындар бар
…😊


▪️Ғалымдарымыз айтады:

Үш нәрседе шарасыздық бар:

1) Жалқаулықпен бірге жүретін кедейлік.
2) Қызғанышпен байланысқан дұшпандық.
3) Қартайған шақтағы ауыру.

📘 Ибн Әбдилбәр, әл-Мәжәлис


▪️Бұл сызық тұзу болған уақытта, барлығы сені аяқ-асты жақсы көріп кетеді…


▪️Хатим әл-Асам (Алла оны рахымына алсын):

«Төрт нәрсе достар арасындағы өшпенділік пен ренішті жояды:

1. Оларға істерінде жәрдемдесу.
2. Жұмсақ мәміле жасау.
3. Қаржылық қолдау көрсетіп тұру.
4. Ол жоқта артынан дұға ету.


💬 Менің тарапымнан “ҰСТАЗ” деп құрметтейтін жандар екіге бөлінеді:

▪️Бірінші топтағы Ұстаздар, алдарына тізе бүгіп білім алғандығым себепті ол кісілерді “Ұстазым” деп құрметтейтін жандар.

▪️Екінші топтағы Ұстаздар, өз басым ол кісілердің алдына отырып білім алмағанмын. Бірақ ол кісілердің тәрбилеп, білім беріп отырған шәкірттері болғандықтан оларға құрмет ретінде “Ұстаз” деймін. Мысалы: Қазіргі уақытта әсіресе жастарға көп пайда әкеліп жатырған, желіде де, өмірде де сыйласып араласатын Екі Олжас Ұстаз, Шоқан Ұстаз, Арсен Ұстаз, Зухруддин Ұстаз, Абылай Ұстаз тағыда басқа құрметке лайық жандарды атап өтсем болады.

📌 Айтқым келген нәрсе, “Ұстаз” деп тек қана білім алған кісіге ғана айтылмайды! Құрмет ретінде де “Ұстаз” ұғымы қолданылады.


▪️Аллаһ Тағала берекесін берсін Шоқан Ұстаз. Әрқашан алғашқылардың қатарынан болуыңызды нәсіп етсін. Нағыз үлгі боларлық жансыз🤲🏻🌹


Репост из: Shokhan Nuraliuly
Аса Қамқор, Ерекше Мейірімді Алланың атымен!

Басталған істі соңына дейін жеткізуіме сабыр, қайрат берген Жаратушы Раббымызға мың да бір алғыс-мадақтар айтамын!

Алланың қалауымен, осыдан бірнеше жыл бұрын екі ұстазыма оқып бастаған, Құранның 10 қырағатын жинау сапарым бүгін аяғына жетті… сонымен қоса үлкен жауапкершілік салмағын сеземін…

Бірінші ұстазым - шейх Жамал Занттың иджәзасы - шейх Зияд Хаж, шейх Махмұд Аккауи, Ахмад Шбайк (Аллаһ оларға разы болсын) секілді 3 ұстазының тізбегі арқылы келіп жетсе, екінші ұстазым - шейх Махмұд Заътаридің иджәзасы - шейх Махмуд Дейри, шейх Абдуразақ Халяби, шейх Мұхаммед Самир Насс, шейх Ъадил Химси, шейх Бакри Тарабиши (Аллаһ оларға разы болсын) секілді 5 ұстазының тізбегі арқылы Қазақстанмен жалғасын табуда.

Жоғарыдағы шейх Бакри Тарабиши - (ثقات) сенімді кісілер арқылы жеткен әлемдегі ең жоғарғы тізбектің иесі. Ол кісі мен Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уа саллам) арасында 27 адам бар болса, ол кісінің тікелей шәкірті - ұстазым шейх Махмұд Заътари 28-адам, ал біз пақыр 29-адам боп тұрмыз.

Қорытындылай келе, маған сабыр сақтап, әдепсіздіктеріме көз жұмған ұстаздарыма, отбасыма, жанымда қолдау білдірген бауырларыма, осындай ұлы тұлғалардан ілім алуыма себепші болған Еркінбек Шоқай, Ерсін Әміре ұстаздарыма алғыс айтамын. Аллаһ Тағала баршаңыздан разы болып, осы елімізге келген алтын тізбектердің жалғасын тауып, алған ілімім бірінші өзіме, кейін басқаларға пайдасын беруін Раббымыздан тілеймін!


Репост из: Shokhan Nuraliuly


📌 Шынайы сопылық:

“Құран мен сүннетке адал болу, бидғаттарды тастау, ғалымдарды құрметтеу, достармен сұхбаттасу және оларға қызмет етуді жақсы көру, уирдтерді(1) жалғастыру, көркем мінез-құлық.”

📕 Зәһәби, Тарих әл-Ислам

(1) Алланың разылығына жету үшін белгілі бір уақытта және белгілі бір мөлшерде жасалатын ғибадат. Дұға және зікірді білдіретін тасаууф термині.


Репост из: HADDASANAA
🎁 Жаңа туынды

📕 Мұра

👤 Ұстаз Азамат Жамашев

📖 Бұл еңбек Жәләлуддин әс-Суютидің «Қатф әл- әзһар әл-мутәнәсира фил-ахбар әл- мутәуәтира» мутауатир хадис жинағына, және хадистің түсіндірмесі (шархы) «Мирқат», «Умда» атты еңбектерге негізделді. Ислам негіздерінде бұлтартпас дәлел болып саналатын мутауатир хадис дегеніміз не? Оның үкімі, дәрежесі қандай секілді сұрақтардың жауабы толықтай қамтылды. Сонымен қатар әс-Суютидің «әл- Қатф» атты еңбегіндегі мутауатир хадистерге түсіндірме жасалып, хадистерден шығатын үкімдер, хадистерден алынатын сабақтар жеке жеке аталып өтті.


▪️Сәйдә Ражә Каракуж (Алла оны сақтасын) айтты:

Бұл білімдер (Шариғи білімдер) барлығы бір-біріне байланған. Бір күні Шейх Бәдииғ әз-Зәмәннан ұстазы былай деп сұрайды: “Қай ілімді тереңірек меңгердің?”, сонда Шейх Бәдииғ әз-Зәмән былай деп жауап береді: “Мен бұл білімдерді бір-бірінен ажырата алмаймын. Білетін болсам барлығын білемін, білмейтін болсам ешбірін білмеймін.” Ақиқатында солай! Күнімізде бір маман иесі боламын дейтіндер көп. Бірақ қалған білімдерді тастап қояды өкінішке орай…


📜 Біз ұсынатын тегін дәрістер топтамасы:

1)
https://t.me/hadis_daristeri

2)
https://t.me/akida_darsteri

📌 Тіркеліп пайда алсаңыздар болады!




Репост из: HADDASANAA
📘 Ләйләтун Нисфи мин әл-Шәғбән

👤 Жазушысы: Абдулиләһ ибн Хусәйн әл-Ғәрфәж

📖 Шағбан айының “Бәрәәт” түні деп білінген 15’інші түнінің артықшылығын дәлелдеуде ғалымдардың талас-тартыстарын хадис және фиқһ тұрғысынан зерттеуде кең жазылған еңбектердің бірі. Бұл зерттеуде әл-Ғәрфәж, жумһур ғұламаның қабыл еткен бұл түннің артықшылығынан қалай пайда көрілетіндігін түсіндіреді және бұл түннің артықшылығын қабыл етпейтіндердің пікірлерін талқылайды.

🔻 ПДФ нұсқасы 🔻


💬 Шейх Ғисмәт Ғарибуллаһ Шимшек (Алла оны сақтасын):

“Бекітілген сүннетті әрдайым (үзірсіз) тастау, адамды күнәһар қылады.”

Показано 20 последних публикаций.

1 489

подписчиков
Статистика канала