that muslim girl✨🌷


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Цитаты


Мазхаб: Ханафи, Акида: Матуруди

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Цитаты
Статистика
Фильтр публикаций


Репост из: sóz
🌙🕋

ҚҰРБАН АЙТ МҮБӘРӘК БОЛСЫН!✨

Пенденің пендешілігі мен мәрттігі, сараңдығы мен жомарттығы сыналатын бұл мейрамда атқарған әрбір ізгі амал-әрекеттеріңізге сауаптан жазғай! Жаратқан Иемізден ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, игі де ізгі қызметіңізге жеміс, отбасыңызға баянды бақыт тілеймін! Аса қамқор, аса мейірімді Алла разылығына жақындау ниетімен шалынған құрбандықтарыңыз қабыл болсын. Жаратқан әрбір шаңыраққа, әрбір құлына аман-саулық бұйырта көрсінші деп тілеймін!
Осындай асыл мейрамда Алладан рахым, пайғамбардан шапағат келсін! Құрбан айт мерекесіне аман есен жеткізген Аллаға сансыз шүкірлер болсын. Барша мұсылман қауымын ұлық мереке құрбан айттың басталуымен шын жүректен құттықтаймын.


Репост из: Жазушы - كاتب
خير الدعاء دعاء يوم عرفة

“Дұғаның ең жақсысы,

Арафа күні жасалған дұға.”

📕хадис

Telegram channel ЖАЗУШЫ


Репост из: Айбек, дамушыға.
2 жылдық күнәларыңыз кешірілгенін қалайсыз ба?
(Акция🥳)

ертең(15.06.24) арапа күні.
бұл күні Меккеде қажылар бір күн бойы тұрып дұға етеді.

ал біз осы күні ораза ұстайтын болсақ, Муслим риуаят еткен хадиске сай: өткен және келер жылғы күнәларымыз кешіріледі.

📌қалай ұстаймыз:
- бүгін түнде – таң намазына дейін ауыз бекітеміз.
- ертең шам намазында ауыз ашамыз.
- ниет: Алла разылығы үшін арапа күнінің оразасын ұстауға ниет еттім.
- ауыз ашқанда кез-келген дұға ете берсеңіз болады.
- сәресіге ұйықтап қалсаңыз түске дейін(бесін) ешнәрсе жемеген болсаңыз ниет етіп ұстап кете берсеңіз болады.

Тәкбір ташриқ:
- ертең таң намазынан бастап әр парыздан соң(23намаз бойы) тәкбір ташриқ айтамыз:

Аллаһу әкбар Аллаһу әкбар.
Ләә иләһә иллАллаһу уАллаһу әкбәр
Аллаһу әкбәр(у) уә лилләһил хамд

құрбан айттың 4-күні екінті намазына дейін айту - уәжіп.
(Әйел кісілер іштей айтады)
- тек парыз намаздарынан соң айтылады.


Репост из: ескертуші
ЖҰМА КҮНГІ САЛАУАТ

Алла Елшісі ﷺ былай дейді:
"Кімде-кім маған жұма күні 80 рет салауат айтса, ол адамның 80 жылдық күнәсі кешіріледі".

"Аллаһумма солли ‘алә Мухаммадин уә 'алә әли Мухаммад" деп 80 рет айту


Репост из: قلب راحة البال ❤️‍🩹
ЗІКІРЛЕР.pdf
380.3Кб
#Зікірлер
#Zhurek_Tinichtigi


Репост из: قلب راحة البال ❤️‍🩹
ҚЫЗ БАЛАНЫҢ,ЕР АДАМДАРМЕН ҚӘЖЕТСІЗ КӨП СӨЙЛЕСУІ, ОНЫҢ ҚӘДІРІН КЕТІРЕДІ....

#Бір_пақыр_каналынан
#Zhurek_Tinichtigi


Репост из: sóz
Егер сүйсең намазға ниет еткеніңдей ниет етіп сүй. Нәпсің де, көздеріңде ешқайда қарай алмасын...


Репост из: قلب راحة البال ❤️‍🩹
«Мүмін әйелдерге де айт! Бөтен еркектерден көздерін төмен түсірсін! Әрі ұятты жерлерін харамнан сақтасын! Олар тек өздігінен көрініп тұрғаннан басқа әшекейлерін көрсетпесін! Және орамалдарын басына салып, онымен омырауларын жапсын! Әрі олар әшекейлерін көрсетпесін! Тек күйеулеріне, немесе әкелеріне, немесе күйеулерінің әкелеріне (яғни қайын аталарына), немесе ұлдарына, немесе күйеулерінің (басқа әйелдерден туған) ұлдарына, немесе аға-інілеріне, немесе аға-інілерінің ұлдарына, немесе әпке-сіңлілерінің ұлдарына, немесе мұсылман әйелдерге, немесе құлдарына, немесе әйел керек қылмайтын еркектерге, немесе әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін жас балаларға көрсетсе онда оған рұқсат. Өздерінің жасырған әшекейлері біліну үшін аяқтарымен жерді тепсініп жүрмесін! Әй, мүміндер! Табыста болуларың үшін барлығың Аллаға тәуба етіңдер!» – делінген].

Әуретті жабу – жалпы әйел заты үшін Алланың бұйрығы әрі ең маңызды мәселенің бірі. Барлығын білуші, көруші Жаратқан Раббымыз мұндай бұйрықты бекерге бермейтіні хақ. «Алла ешбір кісіге оның шамасынан тыс нәрсені жүктемейді...»

Қыз бала жұмбақ болу керек....

#Zhurek_Tinichtigi


Репост из: قلب راحة البال ❤️‍🩹
«Қыздарыңызға ашуланып, ренжімеңіздер, өйткені олар қымбатты, мейірімді». (Набит бин Шурайттан Дилми риуаят еткен).
#Zhurek_Tinichtigi


Репост из: قلب راحة البال ❤️‍🩹
Әйел адамның дауысы фитна,оны бөтен еркектерге естіртпеңіздер,канал жүргізетін кісілер...

Өздеріңізді бөтен еркектерден сақтаңыздар...

#Zhurek_Tinichtigi


Репост из: قلب راحة البال ❤️‍🩹
Алламен сөйлес,Алламен сырлас...🕊

#Zhurek_Tinichtigi


Репост из: قلب راحة البال ❤️‍🩹
«Алла қиянатшыл, опасыз, күнә жасауда шектен шыққандарды жақсы көрмейді» (Ниса сүресі 107 аят; Әнфәл сүресі, 58 аят).

«Алла жаман сөздің жарияланып ашық сөйленуін жақсы көрмейді. Бірақ, жазықсыз жапа шегіп, зұлымдыққа ұшыраған жанның ашынғаннан айтқан сөзінің жөні бөлек» (Ниса сүресі 148 аят).

«Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді» (Әнғам сүресі 141 аят; Ағраф сүресі 31 аят).

Алла Тағала қасиетті Құранында осындай Өзі сүйетін және сүймейтін нәрселерді баяндай келе, пенделеріне Өзінің махаббатына жеткізетін төте жолды былай көрсетеді: «Уа, Мұхаммед! Оларға былай айт: «Егер Алланы шын жақсы көретін болсаңдар, менің (Мұхаммед пайғамбардың) соңымнан еріңдер, мені үлгі тұтыңдар! Сонда, Алла да сендерді жақсы көріп, жасаған қателіктеріңді кешіреді. Алла аса мейірімді, өте кешірімді» (Әли Имран сүресі, 31 аят).

#Алланы_махаббатпен_жақсы_көр❤️‍🩹🕌
#Zhurek_Tinichtigi


Репост из: قلب راحة البال ❤️‍🩹
Даму дәптері - Asem В _ PDF Онлайн _ FlipHTML5
2.4Мб
Даму шүкіршілік дәптері
Пайдалы болсын..

#Zhurek_Tinichtigi
@ZhurekTinichtigi


Жұма күні Кәһф сүресін оқуды ұмытпаңыз🙌🏻

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жұма күні Кәһф сүресін оқудың артықшылығы жайында былай деген:

"Кім жұма күні Кәһф сүресін оқыса, ол оны келесі жұмаға дейін нұрландырып тұрады".

@eskertushii


Әссаламуалейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ

Жұма мүбәрәк болсын🕊


Репост из: قلب راحة البال ❤️‍🩹
Мұсылманның барлық дұғасы қабыл болады Алланың қалауымен..
Намаз оқысын,намаз оқымасын барлық мұсылманның барлық дұғасы қабыл болады Алланың қалауымен бірақ намаз бұл Аллаға жақындатын амал сол үшін намаз оқыңыз

Намаз – діннің тірегі, құлшылықтың ең абзалы. Исламның негізгі бес парызының бірі. Намаз – өзін мұсылман санайтын кісіні Жаратушысына мойынсұндырып, қанағат пен өзге де қайырлы қадамдарға бастайтын ғибраты мол ғибадат. Сондай-ақ, ол – жат әдеттер мен арсыздықтан тыятын, азғындықтан сақтайтын құлшылық һәм рухани азық. Қысқасы, намаз – жұмақтың кілті. Сондықтан намазды дұрыс орындау – мұсылмандар үшін ең маңызды міндет. Ардақты Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) намазға былайша анықтама берген: «Уа, үмбетім һәм сахабаларым! Бүкіл шарттарына сай толық орындалған намаз – Алла Тағала жақсы көретін істердің ең мәртебелісі, пайғамбарлардың сүннеті, періштелердің ең сүйкімді ісі, жер мен көктің нұры, тән саулығының қайнар көзі, ризық-несібенің берекесі, дұғалардың қабыл болуына септігін тигізетін себептердің үлкені, жан алғыш періштеге араша түсетін шапағатшы, қабір әлемінде Нәкір мен Мүңкір атты періштелердің азабынан құтқаратын жауап. Қиямет күнінде – жанға сая. Жәһаннам отына тосқауыл қоятын перде. (Қылдан жіңішке, қылыштан өткір) Сират көпірінен жарқ еткізіп өткізетін пырақ. Жұмақтың кілті. Жұмақ жұртында киер тәжің. Алла Тағала мүміндерге намаздай маңызды құлшылық жүктемеген. Егер намаздан артық ғибадат түрі болғанда, Алла Тағала құлдарына соны міндеттер еді. Шын мәнінде, періштелердің бір шоғыры ұдайы намаздың қиямында, тағы бір бөлігі үнемі рүкүғта, тағы бір тобы сәждеде, енді біреулері тәшәһһуд қалпында құлшылық етіп тұрады. Міне, осылайша құлшылықтың хикметке толы қасиеттерін бір рәкағат намазға жинақтап, мүміндерге сыйлады. Ақиқатында, намаз – иманның басы, діннің тірегі, Исламның сөзі әрі мүміндердің миғражы».

#Zhurek_Tinichtigi
@ZhurekTinichtigi


Репост из: قلب راحة البال ❤️‍🩹
Өміріңді жақсы жаққа өзгерткің келме онда НАМАЗ баста...🕊

@ZhurekTinichtigi


Репост из: قلب راحة البال ❤️‍🩹
Қолың әрең жеткен намазның қадірін біл Алтыным..
Аллахым бізге мейірімділікпен көркем түрде намаз келуге себепші болды...Аллахым мейірімді...Қадірін біл..🤍

#Zhurek_Tinichtigi


Репост из: قلب راحة البال ❤️‍🩹
Қыз баласы парақшасын кілтеп қою керек.Себебі ашық етке жиналатын иттер көп.Әйелдің халі жасырын болуға арналған...

#Zhurek_Tinichtigi


Репост из: ✍🏽Жазушы Бәкеш
Армандар орындалады,түгел болса дұғаларың..

Шәй үстінде жазылған хат☕️

Показано 20 последних публикаций.

285

подписчиков
Статистика канала