Тіл кеспек жоқ


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: не указана


Либерал қазақ басылымы
Жаңалық ұсыну @nazerkenb
YouTube арнамыз: https://youtube.com/@tilkespekjoq?si=gokZeuGDIQ3Udpnn

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
не указана
Статистика
Фильтр публикаций


eGov mobile қосымшасында Қазақстандағы уақыт белдеуіне қатысты сауалнама шықты. Ол жақта 5 сұрақ қарастырылған.

«Қазіргі уақыт белдеуі туралы ойыңыз қалай?», «Сізге қай уақыт белдеуі оңтайлы?» деген сияқты сұрақтар қойылған.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
😍 «Моана 2» — Disney студиясының қолдауымен қазақша аударылып, дыбысталған екінші анимация

Ержүрек қыз туралы танымал туындының жалғасы 28 қарашадан бастап жарыққа шығады.

🔗 Толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз

#Серіктестік

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp


‼️2024 жылы Қазақстанда адам саудасына қатысты 197 қылмыс тіркелді

Бұл туралы ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары Шынар Көшербаева хабарлады.

«Жыл басынан бері адам саудасына қатысты 197 қылмыс тіркелді. Адам ұрлау — бір іс, заңсыз бас бостандығынан айыру — 4 іс, адам саудасы — 17 іс», — деді ол.


Жыл басынан бері кәмелетке толмағандарды сатуға қатысты 6 іс тіркелген.

«Кәмелетке толмағандарды секс-қызметпен айналысуға тарту — 15 іс, кәмелетке толмағандарды саудалау — 6 іс, адамдарды секс-қызметке мәжбүрлеу — 13 іс», — деді Шынар Көшербаева.


Қазақстанда 2024 жылы адам саудасына байланысты 70-ке тарта адам сотталған.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp


‼️Халықаралық қылмыстық сот Израиль премьер-министрін тұтқындауға ордер берді

Халықаралық қылмыстық сот Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен Израильдің экс-қорғаныс министрі Йоав Галантты тұтқындауға ордер берді.

Сот бұл адамдарды 2023 жылғы қазан мен 2024 жылғы мамыр аралығында Газа тұрғындарына қарсы әскери қылмыс жасады деп айыптады.

Израиль премьер-министрі Халықаралық қылмыстық соттың шешімін «антисемиттік» деп атап, сот таққан айыпты жоққа шығарды.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp


⚡️Премьер-министр Олжас Бектенов Украинадағы жағдайға байланысты жиын өткізді

Олжас Бектенов қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар, сыртқы істер, денсаулық сақтау, көлік, энергетика, өнеркәсіп және құрылыс, ұлттық экономика, қаржы министрлерін жинады.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp


⚡️Ол премьер-министрге, президент әкімшілігінің басшысына, күштік құрылымдардың жетекшілеріне және әкімдерге шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

🔗 Толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp


⚡️Астана мен Алматыда адамды бет-әлпетінен танитын камералар орнатылды

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

«Енгізілген технологиялар — ақылды қалаларды құруға жасалған қадам. Олар қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттырып, қылмысты азайтуға көмектеседі», — делінген хабарламада.


Бұл жүйенің көмегімен Астанада 46, Алматыда 30 іздеуде жүрген құқық бұзушы анықталған.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp


🤔 2022 жылдың басынан 2024 жылдың қазанына дейін 6665 ресейлік Қазақстан азаматтығын алған. 6665 ресейлік азаматтың 2199 — қандас. Биыл 10 айда 1724 ресейлікке Қазақстан азаматтығы берілген.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp


⚡️Қазақстан орыс тілін дамытуға 131 миллион теңге бөледі

Мәжіліс пен сенат «Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құру туралы» шартты мақұлдады. Шартқа Қасым-Жомарт Тоқаевтың қол қоюы ғана қалды.

«Ұйым міндеттерінің бірі орыс тілінде білім беру сапасын қолдау, орыс тілі және әдебиет бағыттары бойынша педагогика және ғылыми кадрларды дайындауға атсалысу, оқулықтар мен оқу нұсқаулықтарына сараптама жүргізу бойынша тәжірибе алмасу, орыс тілін қолдау және танымал етуді көздейтін шығармашылық жобаларға грант байқауларын бекіту», — деп жазылған құжатта.


Ұйымның ең басты мақсаты — орыс тілін қолдап, халықаралық тіл ретінде дамыту.

Қазақстан осы ұйымның жұмысына 2025-2027 жылдары ел бюджетінен 131 млн теңге жұмсайды.

Құжат Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Беларусьте қабылданып, күшіне енген.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
👀Шымкентте арыстанның төлін сатпақшы болғандар ұсталды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp


⚡️Талғарда күдікті қашып кеткен изолятордың басшысы мен бір қызметкері жұмыстан босатылды

Бұл туралы Tengrinews.kz сайты жазды.

ІІМ «Салғырттық» бабы бойынша тергеу басталды деп хабарлаған. Министрлік қылмыстық іс бойынша лауазымды адамдардың іс-әрекетіне баға беріледі деді.

21 қазан күні Алматы облысындағы уақытша ұстау изоляторынан «Зорлау» бабы бойынша күдікке ілінген ер адам қашып кеткен. Ол 25 қазанда ұсталған.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp


Бұл кісі кімнен қорқу керек екенін шатастырып алған жоқ па?..🤔🤭

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp


💬 🤡 Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құруды қолдаған депутат Ермұрат Бәпи «Ескі Қазақстаннан» қауіптенеді екен

Ол ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев пен ақпарат және мәдениет министрі Аида Балаеваға депутаттық сауал жолдап, «Ескі Қазақстан» туралы сөз қозғады.

«Әлеуметтік желілер арқылы Дариға Назарбаеваны жер-көкке сыйғызбай мақтаған видео тарады. Дариға Назарбаева кеше ғана елдегі екінші басшысы ретінде жоғарғы саяси лауазым иесі болғанын ұмытпау керек», — деді ол.


Ермұрат Бәпи Дариға Назарбаеваның әлеуметтік желідегі видеосын «дәріптеу» деп атады.

«Сондықтан бұл нәрсені бұрынғы саяси режимнің артықшылығын дәріптеуге арналған, қоғамдық санаға сіңірілмек саяси манипуляция деп қабылдау керек», — деді депутат Ермұрат Бәпи.


Естеріңізге сала кетейік, мәжіліс орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құруды қолдап, бюджеттен 43 млн теңге бөледі. Бұл бастаманы Ермұрат Бәпи де қолдаған.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp


‼️ Қазақстанның Украинадағы елшілігі Украинада жүрген қазақстандықтарды елден кетуге шақырды. Бұл нәрсеге Украинада артиллериялық атқылау мен әуе шабуылдарының артуы себеп болған.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp


🤔 Бірыңғай уақыт белдеуінің денсаулыққа әсерін зерттеу үшін 160 миллион теңге бөлінуі мүмкін

Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.

«Қоғамдық сұранысқа байланысты қосымша зерттеу жүргізуге шешім қабылдадық. Бұл әлеуметтану емес, қолданбалы зерттеу. Жақын арада конкурс жариялаймыз. Ұлттық ғылыми кеңес нақты құнын анықтайды», — деді министр.


Естеріңізге сала кетейік, 1 наурыз күні Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшті. Осылайша, ел аумағында 5-ші уақыт белдеуі (UTC+5) қолданылады.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp


🇷🇺Мәжіліс «орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құруды» қолдады және бұған Қазақстан бюджетінен 43 млн теңге бөлінеді.

Бүгін мәжіліс депутаттарының 82-сі орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құру шартын ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады. 1 адам қарсы, 1 депутат қалыс қалды.

Құжатқа сәйкес, бұл үкіметаралық ұйым болады. Ғылым министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, ұйымды құруға Қазақстан бюджетінен 43 млн теңге бөлінеді.

❕Еске салсақ, орыс тілін қолдау және дамыту бойынша халықаралық ұйым құру идеясын 2022 жылы Тоқаев ұсынған болатын.


📢 21 қарашада Қазақстан бойынша дабыл жүйесі іске қосылады

Ертең төтенше жағдайлар министрлігі «Қыс-2024» республикалық оқу-жаттығуын өткізеді.

Сағат 11:00-де дабыл жүйесі қосылады. Барлық аймақта теле-радио хабарлары бір сәтке сөнеді.

Бұл іс-шара халықтың «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналына ден қою тәртібін дағдыландыру мақсатында өткізіледі, деп хабарлады ТЖМ.


💰Мемлекет меншігіне қайтарылған қаражаттың 28 млрд теңгесі Риддердегі аурухана құрылысына жұмсалмақ

Риддерде бір ауысымда 500 адамды қабылдай алатын көпсалалы аурухана кешенінің құрылысын аяқтауға 28,2 млрд теңге бөлінеді.

Қаржы «заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» шеңберінде қайтарылған қаражаттан алынады.

Аурухана кешенінің құрылысы 2021 жылы басталған. Жобаның жалпы құны 34,8 миллиард теңге, оның 6,6 миллиард теңгесі бюджеттен бөлінген.

Қазір 55 мыңнан аса тұрғыны бар қалада 80 жылдан астам тарихы бар бір ғана емхана істейді.

📍Бас прокуратураның дерегінше, 2022 жылдан бері заңсыз иемделген 1,5 трлн теңге көлемінде актив мемлекетке қайтарылған. Олардың ішінде кәсіпорындардың акциялары мен үлестері, коммерциялық кешендер, еліміздегі және шетелдегі жылжымайтын мүлік, жер учаскелері мен қымбат зергерлік бұйымдар бар.


❗️Қамауда отырған Марат Жыланбаев қайтадан аштық жариялады

Бұл туралы белсендінің адвокаты Мейіржан Досқараев хабарлады.

Белсенді өзіне қатысты сот шешіміне наразылық ретінде 13 қарашада мерзімсіз аштық акциясын бастаған. Сондай-ақ, Жыланбаев абақтыдағы санитария жағдайы мен тамақ мәселесін көтеріп, шағымданған.

Бұған дейін белсенді өзіне тағылған айыпқа наразылық ретінде 40 күн аштық акциясын өткізген еді.

«Алға, Қазақстан» тіркелмеген оппозициялық партиясының жетекшісі Марат Жыланбаев «экстремистік ұйымның ісіне араласты» және «экстремизмді қаржыландырды» деп айыпталып, 7 жылға сотталған еді.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
‼️ Желіде «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Саймағанбетов Жанболат Жаңаөзенде наразылыққа шыққан жұмысшыны боқтаған видео тарады.

Жаңаөзенде «Өзенмұнайгазға» қарасты «Бұрғылау жұмыстары басқармасы» жұмысшыларының ереуілі жалғасып жатыр.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Показано 20 последних публикаций.