TILSHI NEWS


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Новости и СМИ


Tilshi.kz телеграм-каналы

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


‼️ Ақтөбедегі гарнизонда бір сарбаз қаза болды

Бұл жөнінде гарнизонның баспасөз қызметіне сүйенген жергілікті ақпарат агенттіктері хабарлады.

"23 қарашада Ақтөбе гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде қарауыл қызметін атқару кезінде әскери қызметкер өзіне бекітілген қарудан оқ атып, суицид жасады. Себебі мен жай-жапсары анықталып жатыр. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды" деп жазылған хабарламада.


Дереккөз: азаттық

YouTube |Telegram | Instagram


🗣Ақтөбеде мүгедектігі бар 500 адам баспана алу құқығынан айырылған

Қала прокуратурасы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін тексеру барысында 1-ші және 2-ші топтағы мүгедек 500 адамның баспанаға мұқтаждар ретінде тіркелмегендігін анықтады.

Заңға сәйкес, жеке баспанасы жоқ мүгедектер мемлекеттік қолдау алуды қажет ететіндердің тізімінде болуға құқылы.

Сонымен қатар, Конституция күніне орай 39 мүгедекке 1,95 млн теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілмеген, сондай-ақ 17 азаматқа 850 мың теңге көлемінде бір реттік төлем төленбегені анықталды.

Қазір мүгедектер баспана кезегіне алынып, барлық қажетті төлем жасалды.

Дереккөз: qazaqstantv

Біздің мерч сатып алу арқылы қолдасыңыз болады.


📣 Мемлекет басшысы Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен кездесті

✔️ Қасым-Жомарт Тоқаев Будапешт қаласындағы Халықаралық дзюдо федерациясының штаб-пәтеріне барды.

✔️ IJF басшысымен әңгімелесу барысында осы танымал спорт түрін елімізде дамыту перспективасы талқыланды. Мариус Визер Қазақстан дзюдоны қолдауға арналған дәйекті шараларды жүзеге асырып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар спортшыларымыздың халықаралық жарыстардағы нәтижелеріне және Қазақстан дзюдо федерациясының жұмысына жоғары баға берді.

дереккөз: aqorda_resmi

Біздің контентті желілер мен мессенджерлерде бөлісуді ұмытпаңыз!


🪪 Neo Nomad Visa-ны қалай алуға болады? Цифрлық көшпенділерге виза алу жөніндегі нұсқаулық

🌏 Neo Nomad Visa әлемнің әртүрлі елінен келген саяхатшыларға көптеген мүмкіндік береді. Бұл виза шетелдік туристерге Қазақстанда бір жылға дейін тұруға және өздерінің шетелдегі компанияларында қашықтан жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Жаңа В12-1 визасын алу үшін Қазақстан Республикасының шетелдегі елшілігіне немесе консулдық мекемелеріне жүгіну қажет.

✅ Қазақстанда саяхаттап жүріп, жұмысын жалғастырғысы келетін шетелдіктер Neo Nomad Visa-ға өтініш бере алады. Ол үшін жақын маңда орналасқан Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесіне бірнеше құжатты ұсыну қажет:

Кейінгі 6 айдағы банк шотынан үзінді көшірме, ай сайынғы табысы 3 000 АҚШ долларынан жоғары екенін растайтын құжат
Азаматтығы бар елдің уәкілетті органы берген салық декларациясы
Азаматтығы немесе тұрақты мекенжайы бар елдің органы берген сотталмағаны туралы анықтама
Визаның қолданылу мерзіміне дейін жарамды медициналық сақтандыру
Қазақстандағы туристік компаниялардан шақыру (48 елдің азаматы үшін талап етілмейді)

🔷 Neo Nomad Visa-ны рәсімдеу 5 жұмыс күнінен аспайды. Виза бір жылға дейінгі мерзімге беріледі және оны ұзарту қарастырылған. Негізгі өтініш берушінің отбасы мүшелері де виза ала алады.

🔺 Neo Nomad Visa арқылы Қазақстанда жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылмағанын атап өткен жөн. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 216-бабына сәйкес Neo Nomad Visa иесінің Қазақстанда салық төлеу бойынша міндеттемелері жоқ, өйткені оның табыс көзі елден тыс жерде орналасқан.

дереккөз: kazakhstan.travel

Біздің мерч сатып алу арқылы қолдасыңыз болады.


⚠️ Кептеліс: Ақтөбеде 3 көлік соқтығысып, 1 жүргізушінің қолы сынды

22 қараша күні таңғы сегіз жарымдар шамасында ақтөбеліктер «Заречный көпірі» деп атайтын маңда көлік кептеліп қалды. Оған Нокин мен Қонаев көшелерінің қиылысында болған жол-көлік оқиғасы себеп.

Ақтөбе полициясының хабарлауынша, жұма күні ертемен Нокин мен Қонаев көшелерінің қиылысында үш көлік соқтығысып қалған.

ГАЗель, Hyundai Accent пен Mitsubishi көліктерінің соқтығысуынан қозғалыс қиындап, жұмысына асыққан тұрғындар кептеліп қалды.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл апаттан Mitsubishi көлігінің жүргізушісі зардап шеккенін хабарлады. Қолы сынған жүргізушіні оқиға орнынан жедел жәрдем алып кеткен.

YouTube |Telegram | Instagram


🗺 Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда

🇦🇿 Әзербайжанның Баку қаласында СОР29 конференциясы аясында туризмдегі климаттық шараларды кеңейтуге арналған кездесуде Қазақстан тұрақты туризм саласындағы жетістіктері мен болашақ жоспарларын таныстырды, деп хабарлайды Tilshinews.kz.

Іс-шараға ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев, Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас хатшысы Зураб Пололикашвили, Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік туризм агенттігінің төрағасы Фуад Нағиев, сондай-ақ 20-дан астам елдің және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

💬 «Қазақстанда ұлттық парктер мен қорықтар құрамында қорғалатын бірегей табиғи экожүйелер бар. Біздің міндетіміз – қоршаған ортаға зиян келтірместен экономикалық дамуды қамтамасыз ету. Біз туризм саласында көмірқышқыл көлемін азайтуға және экологиялық жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік беретін «Жасыл стандарттарды» енгізуді жалғастырамыз», – деді Ержан Еркінбаев.


Кездесу барысында туризм саласындағы климаттық әрекеттерді күшейтуге бағытталған Баку декларациясының негізгі бағыттары талқыланды. Қазақстан туризмнің климатқа әсерін азайтуға және тұрақты тәжірибелерді халықаралық аренада ілгерілетуге бағытталған барлық бастаны қолдайтынын білдірді.

Сонымен қатар Ержан Еркінбаев Қазақстанның экологиялық туризм саласындағы жетістіктерін, соның ішінде Саты ауылының Best Tourism Villages конкурсында үздік шыққанын және ITB Berlin халықаралық көрмесінде «Гүлденген қауымдастықтар» атылымындағы жетістігін атап өтті.

YouTube |Telegram | Instagram


💸 Ақтөбе облысында пара алғаны үшін айыпталған "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС "Батыс" филиалы Жем пайдалану локомотив депосының бастығы сотталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Антикорға сілтеме жасап хабарлйды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram-дағы ресми арнасындағы мәліметке сүйенсек, Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық соты "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС "Батыс" филиалы Жем пайдалану локомотив депосының бастығына қатысты үкім шығарған.

"Ол локомотив депосының кадрлар жөніндегі делдал-менеджері арқылы бір адамды тепловоз машинисінің көмекшісі лауазымына орналастыру үшін 1,5 млн теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.


Агенттік мәліметінше, осы үкіммен делдал 1 жылға 6 айға, ал пара берген адам және оның көмекшісі 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.


⚡️Мемлекет басшысы әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тапсырма берді

🔺Президент Премьер-Министрге, Президент Әкімшілігінің Басшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

Парламент палаталарының төрағалары қабылданып жатқан іс-қимыл туралы хабардар етілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жағдайды өз бақылауында ұстап отыр.

Біздің еліміз үшін басты стратегиялық мақсат – тұрақтылықты, тыныштықты, заң мен тәртіп үстемдігін сақтау.

Қазақстан славян екі халық арасындағы қақтығысты келіссөз арқылы тоқтату қажет екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын.

Дереккөз: qazaqstantv

YouTube |Telegram | Instagram


Tilshi Merch сатылымға шықты. Біздің мерчті сатып алу арқылы медиа жобаларымыздың дамуына үлес қоса аласыз!

Tilshi News, Tilshi Podcast және Isker Tilshi деген жазулары бар футболкаларды Ақтөбе қаласындағы Renzo ерлер киімі дүкенінен ала аласыздар!

Мекенжайы: Ақтөбе, Ә.Молдағұлова даңғылы, 30Б («Арман» ТК)

Сапалы және пайдалы контентті оқырманның қолдауымен бірге жасайық!

@renzo_qaz | @isker.tilshi | @tilshi.media.school | @tilshi.podcast | @tilshinews.kz








👀 Ақтөбеде су бұру арналарын салу жұмыстары аяқталуға жақын

Қаланың бірнеше ауданында, соның ішінде қалалық сүт зауыты, «Көктем» тұрғын алабы және «Жаңа Қарғалы» бау-бақша ұжымдарында жұмыс жүргізіліп жатыр.

Облыс әкімі Асхат Шахаров жобалардың іске асырылу барысын тексеріп, олардың ағымдағы жағдайын бағамдады.

🗺 Өңір басшысы екі шақырымдық каналдағы абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын «Көктем» тұрғын алабында болды. «Кварц-Спецсервис» ЖШС мердігер ұйымы нысанды жыл соңына дейін тапсыруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, «Жаңа Қарғалы» бау-бақша ұжымындағы арнада төсеу бойынша жұмыстар - аяқталу сатысында. Оның ұзындығы - 1,5 шақырым.

«Қазір біз арнаны бетондап жатырмыз. Ақжар т/а жағынан келетін су «Жаңа Қарғалы» бау-бақша ұжымындағы үйлердің шетімен өтіп, осы арна арқылы ағып кетеді. Жұмыс кестеге сәйкес жүргізілуде. Келесі айда жұмыстарды аяқтауды жоспарлап отырмыз. Каналдың ұзындығы - 1,5 шақырым. Оның 534 метрін біз бетондауымыз керек. Нысанда он бес адам жұмыс істейді», - деді «ARLAN TRANS-LOGISTICS» ЖШС Бас директоры Темірлан Жаманқұлов.

🔹 Ең ірі жоба – Елек көшесі мен қалалық сүт зауыты ауданы аумағынан жаңбыр мен еріген суды бұруға арналған нөсер кәріздерінің құрылысы. Каналдың ұзындығы 3,8 шақырым. Жобаның аяқталуы мерзімі келер жылға ауыстырылды.

📌 Облыс әкімі алдағы көктемгі су тасқынына тұрғындар алаңдаулы екенін алға тартты, сол себепті тұрғын алаптардың су басуына жол бермеу үшін жұмыстар сапалы орындалу қажеттігін және объектілерді мерзімінде аяқтауды тапсырды.


Аустралия билігі 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салатын заң қабылдады.❗️

“Әлеуметтік желі балаларымызға зиянын тигізіп жатыр. Мен мұны тоқтатуға шақырамын. Мыңдаған ата-ана, ата-әже, аға, апамен сөйлестім. Олар да мен сияқты балалардың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігіне алаңдайды”- деді Аустралия премьер-министрі Энтони Альбанезе.


1 қаңтардан бастап екі түрлі жәрдемақының мөлшері өседі: қанша теңгеге⁉️

Үкімет әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы тиісті қаулыны бекітті.

Құжатқа сәйкес, Қазақстанда еңбекке қабілеттілігінен айырылған және асыраушысынан айырылған азаматтарға берілетін жәрдемақы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұлғаяды. Оларға қазіргі мөлшердің 6,5% қосылады. 

Қаулы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

2024 жылы жалпы ауру-сырқаттан мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері мынадай соманы құраған:

• І топ үшін – 95 496 теңге;
• ІІ топ – 76 397 теңге;
• ІІІ топ – 52 089 теңге.  


2024 жылдың 1 қазанындағы көрсеткіш бойынша, мүгедектігі бар 542,2 мың қазақстандық жәрдемақы алған.

Дереккөз:ulysmedia

YouTube |Telegram | Instagram


⚠️ Жеке көлігін сатпақ болып, базарға барған әйелді өлтірген ақтөбелік 22 жылға сотталды

Сотталушының жасы 44-те, жұмыссыз. Ақтөбе қаласының тұрғыны. Ол 55 жастағы әйелді қарақшылықпен өлтіріп, оның көлігін гаражына тығып қойған.

Сотталушы өзіне тағылған айыпты ішінара мойындап отыр. Жәбірленуші тарап оған кесілген 22 жылдық түрме жазасын тым аз деп санайды.

Жарыссөз кезінде прокурор сотталушыны 23 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

Сот бұрын қылмыстық жауапқа тартылмағанын, кішкентай екі қызының бар екенін ескеріп, 22 жылдық түрме жазасын кескен.

Бұл оқиға биыл 6 маусым күні болған. Сол күні кешкілік туыстары полицияға хабарласып, 55 жастағы әйелдің жеке көлігін сатпаққа базарға кеткенін, содан қайтып оралмағанын айтқан.

Полиция алдымен Toyota Camry маркалы автокөлікті табады. Toyota-ны гаражына тығып қойған азамат кейін көлік иесін қауіпсіздік белдігімен буындырып өлтіргенін мойындаған. Әйелдің мәйіті қала сыртынан табылды.

Тергеу материалдарына қарағанда, қарақшы әйелдің алтын алқасын шешіп алып, бет-жүзін кісі танымастай етіп кескілеп тастаған.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


⚠️ Елшілік Украинада жүрген қазақстандықтарға елден кетуге кеңес берді.


Ақтөбеден Атырауға күн сайын ұшақ қатынайтын болды

✈️ Көлік министрлігінің хабарлауынша, QAZAR AIR әуекомпаниясы 1 желтоқсаннан бастап Ақтөбеден Атырауға күнделікті тұрақты рейстерді келесі кесте бойынша орындайтын болады:

Дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері:

IQ 395 Ақтөбе (17:50) – Атырау (19:10)
IQ 396 Атырау (19:50) – Ақтөбе (21:10)


📆 Сейсенбі, бейсенбі сенбі және жексенбі күндері:

IQ 395 Ақтөбе (09:10) – Атырау (10:40)
IQ 396 Атырау (14:50) – Ақтөбе (15:50)

🎫 Әуебилеттің құны бір бағытқа 13 000 теңгеден басталады.


📣 Елімізде желтоқсан айынан бастап заңды тұлғалардың көлік құралдарын әкелу тәртібі өзгереді

💥 Кеден одағы комиссиясының "Кеден одағының техникалық регламентінің сәйкестігін бағалау типін мақұлдау нысанында жүргізілген көлік құралдарын айналысқа шығару кезінде техникалық регламент талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжаттар көлік құралының типін мақұлдау болып табылады.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің түсіндірмесіне сәйкес дайындалған күнінен бастап 3 жылдан аз уақыт өткен және КҚТМ негізінде әкелінетін көлік құралдарын КҚТМ-да көрсетілген, ЕЭК Кеңесінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 130 шешімімен бекітілген ЕАЭО кедендік аумағына сәйкестігі міндетті бағалауға жататын өнімді ЕАЭО кедендік аумағына әкелу қағидаларының 10-тармағының б-тармақшасын қолдана отырып ресімделген тұлғалар ғана әкелуге құқығы бар.

Өз кезегінде, егер мұндай өнімнің декларанты КҚТМ-да көрсетілген тұлға болған жағдайда ғана КҚТМ-ны пайдалануға жол беріледі.

ℹ️ Бұл шара 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап енгізілетіні нақтыланады.

Дереккөз: zakon.kz

YouTube |Telegram | Instagram


⚡️ Ақтөбеде тікұшақ апатына ұшыраған ұшқыштар ауруханадан шықты

Ақтөбе облысында тікұшақ апатына ұшырап, ауыр жарақат алған екі ұшқыш ауруханадан шықты.

Қайғылы жағдай 9 қарашада Мәртөк ауданының аумағында болған еді. Қорғаныс министрлігіне тиесілі «Ми-8» тікұшағы құлап, бір адам қаза тапты. Тағы екі экипаж мүшесі ауыр жарақатпен облыстық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген болатын.

Олардың сүйектері сынған, денелерін күйік шалған. Дегенмен, дәрігерлердің көмегімен жағдайлары жақсарды. Бүгін үйлеріне шығарылды. Олар әзірше амбулаториялық бақылауда болады.

Дереккөз: qazaqstantv

YouTube |Telegram | Instagram

Показано 20 последних публикаций.