ӘЙЕЛ ҚЫЗДАРҒА АРНАЛҒАН


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Образование


https://t.me/womencourse
Отбасымен қарым қатынас
Денсаулық
Сұлулық
Бизнес

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Образование
Статистика
Фильтр публикаций


Репост из: ӘЙЕЛ ҚЫЗДАРҒА АРНАЛҒАН
👑Ұстаз:Умму Айша
📚Білімі жоғары
💡Біраз білім меңгерген, 8 жылдық тәжірибесі бар, білікті маман;
💡Онлайн сабақ беру сертификаты бар;
💡Мекке Медине қаласындағы Ал- Харамда  интенсивті мұғалімдер дайындайтын құран бөлімінің 4 курсында оқиды.
Көптеген шәкірттерді құран жарысқа дайындаған және шәкірттері жүлделі орындарға ие болған.
2023 жылы Республикалық жарыстан бір шәкірті 2-ші орын
және басқа жарыстардан бас жүлделі және 1-ші орындар алған.
⏰Сабақ кестесі:Сейсенбі-Жұма 20:00
🟠Оқы ақысы:10 мың тг айына
🔴Сабақ телеграм желісімен болады
🟠Оқушы саны:20
🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹
🔴Құран білімі:
🟠Сіз теориялық сабақпен әлі жүрсіз бе?
🟠Теория алып практика аз қолданасыз ба?!
🟠Әлі күнге дейін құранның ләззәтін сезінбей, құран қағидаларын дұрыс қолдана алмай жүрсіз бе?!
▫️Аллаһтың сөзін жүрекпен сезініп,көркем түрде,өз ережесіне сай,махрадждарын нық Аллаһқа сүйкімді қылып оқығыңыз келсе, сіздерге Аллаһ қалауымен
🟠 тілдік махрадждың қалай дыбысталуын;
🟠дыбыстар қайда қалай орналасқанын;т.б
үйренесіз.

https://t.me/+SQ9sMuoNzoNlMDg0




✔️баланың туылғаннан жасөспірімдік шағына дейінгі тәрбиенің барлық сәттерін талдаймыз;
✔️бала белгілі бір жаста не істеу керек, оны қалай бағыттау керек;
дағдарыс сәттері қай жаста пайда болады және олармен қалай күресуге болады;
✔️Біз әр балаға бағдарлама жасаймыз (өмірлік мақсат);
✔️Баланың алтын уақытын дұрыс пайдаланыңыз, маңызды сәттерді жіберіп алмаңыз;
✔️баланы қалай дұрыс көтермелеу және жазалау керек;
✔️Тәрбиені неден бастау керек

✔️баланы оқытуды неден бастау керек;
✔️ қиын баламен қарым-қатынас орнату;
✔️балаларын тәрбиелеуге уақытын жоғалтқандар, оны қалай дұрыс түзетуге болады;

ЗПР ЗРР Балалармен калай жұмыс жасау т.б сабақтар


❄️Бала жаман болса, біз жаман деген СӨЗ!

❄️Бала сабақты нашар оқыса, бізге оқу керек деген СӨЗ!

❄️Бала бауырына жаны ашымаса, бізде бауырмалдық жоқ деген СӨЗ!

❄️Бала өсекке жақын болса, үйде өсек көп айтылады деген СӨЗ!

❄️Бала өзгені ұрса, агрессивті болса, ата-ана арасында жанжал бардың белгісі. Алдында көп ұрысасыздар деген СӨЗ!

❄️Бала өзіне сенімсіз болса, үйде оны мақтайтын, оған сенетін адам жоқ деген СӨЗ!

🌷Айтайын дегенім, саналы, сапалы ұрпақ туу үшін, біз әйелдер ең алдымен:
1. Өсек айтпауымыз КЕРЕК, әсіресе жүкті кезде.
2. Өзгеге баға бермеу КЕРЕК, ол баланың тағдырына тиіп кетеді.
4. Біреудің кемшіліктерін күлмеу, сол балаға тез жұғады.
3. Барды бағалау.
4. Біреу ақырса, сабырлыққа шақыру.
5. Сынақты қабылдау.
____
🌷 Осы ереженің барлығын сақтаған, рухани бай, үнемі ізденісте жүретін АНА:
АҚЫЛДЫ, САНАЛЫ, САПАЛЫ, ИМАНДЫ, РУХАНИ БАЙ - БАЛА ТУАДЫ!!! . 🌷Тәрбие бала іште жатқан кезден-ақ басталады. Фундамент дұрыс қаланбаса, түзеу қиын болады, соны ескерейік!
.


Балаңызды әрдайым көтермелеп отырыңыз!
.
✅Егер жоғары баға беріп, ішкі үніңізбен де, сыртқа білдіріп те, ➡️менің баламның қолынан көп нәрсе келеді, өскенде ақылды, сауатты, иманды ел құрметтейтін азамат болады, бай-қуатты өмір сүреді, бұған қабілетті дейтін болсаңыз және баланы әрдайым алға ұмтылдырып, қанаттандырып, талпандырып, үйретіп, ақыл-кеңесіңізді айтып отыратын болсаңыз ойлаған мақсатыңызға жетесіз. .
.
✅Егер балаңызға төмен баға беріп, ➡️сен жарымсың, топассың, миғұласың, сүмелексің, ұсқынсызсың, ⬅️дейтін болсаңыз және баланың осы кемшілігімен күреспей, одан сайын тығырыққа тіреп, қабілетін тұмшалайтын болсаңыз, онда бағы жанбайды.
.
.
➡️ Сіз балаңыздың болашағына нық қадаммен баруына,  себепкер өзіңіз ата-ана!!! Сондықтан да әрдайым әрбір айтқан сөзіңіз бен ісіңізге қарап балаларыңыз сіздерден үлгі алады. Көбінесе ұлы ғұламалардың өмірі  туралы айтып отыруды ұмытпаңыз.қалай  десек те, ата-анасының баласы үшін тілеген тілегі қабыл болады. Сол себепті, балаға деген ниетіңіз бен пейіліңізге абай болсаңыз екен. Балаңызды бағалаңыз, адами құны мен өмірін бағалаңыз.
.
.
✅Алайда үнемі балаға сен жақсы сөздерді айту шарт. Сонымен қатар, кей кезде баланың ұсынысын қабылдаудан бас тартуда қажет.Себебі, бала болашақта өзі өмірмен күресе білуіне дағды қалыптастыру қажет.
. ↪Сіздің де қолыңыздан бәрі келеді.  Сіз ата-ана ретінде балаңызға сенесіз бе?
Сіздің балаңыз ата-анадан үлкен үміт күтетінін ұмытпаңыздар.Қымбатты ата-аналар !!!




📌Қазiргi заманда барлығымыз үнемi стрессте жүремiз. Əйел де, еркек те, тiптi, ересек адамды қойып, балалардың ɵзi стрессте жүредi.

Содан бəрiмiздiң жүзiмiз суық, қабағымыз түюлi, артық сɵз айту түгiл, тыңдауға да шамамыз жоқ.Осылай, бiреу "ə десе мə" деп, сiркемiз су кɵтермей жүру бiздiң ɵмiр салтымызға айналып кеткендей⚡️.

💥Үнемi стрессте жүру неге қауiптi?

🥀Бас ауруы, асқазан жаралары, жүрек, қан тамырлары ауруына алып келедi.

🥀 Ұйқының, орталық жүйке жүйесiнiң бұзылуы.

🥀Репродуктивтi ағза жұмысының бұзылуы, яғни, бедеулiк☝️

Тiзе берсек, стресс - барлық аурудың бастауы, əсiресе əйел ағзасын күйретушi күш деуге болады. Ал, бiздiң ɵмiрiмiзде стресске түспеу мүмкiн емес❌

❓Ендi, не iстеу керек?

🌀Демалу керек. Иə, иə, қарапайым болып естiлсе де, демалуды ең соңғы орынға ысырып қойып жүре беретiнiмiз ɵтiрiк емес.

🔰Демалыстың 3 түрi бар:

🔵Тыныштық
Балалардан, күйеуiңiзден, яғни, ешбiр адам, ешқандай дыбыс естiлмейтiн жерде, мүлдем ештеңе ойламай "абсолюттi тыныштықта" тынығу. Аптасына 1 рет осылай тынығып тұру керек.

🔵Тазалық
Үй жинауға деген кɵзқарасыңызды 180 градусқа ɵзгертiңiз. Үйiңiздi, тұрған жерiңiздi қоқыстан, шаңнан тазарту арқылы тек айналаңызды емес, сондай ақ, менталды тұрғыда ренжіткен адамдарды кешіру және Аллаға тәубе етіп күнәлардан кешірім сұрау арқылы жүрегіңізді де , да ойыңызды, миыңызды, iшкi əлемiңiздi де тазарта аласыз✨

🔵Дұға-тiлек
Дұға немесе зікір айту арқылы да тынығуға болады .

Демалысқа қаншалықты кɵңiл бɵлесiздер?


Сөйлеген сөзіңіз - тағдырыңыз !!!

Ауыздан шыққан сөзге абай болыңыз:

📌Бізге мұндай# бақыт қайда? - дей берсеңіз, ешқашан бақытты болмайсыз;
📌Өмірі жарымайтын шығармыз десеңіз - қайдан жарисыз;
📌Ешқашан #ақша жетпейді десеңіз - əрине жеткізе алмайсыз;
📌Мұндай үйде тұру бізге бұйырмаған десеңіз - əрине бұйырмайды;
📌Бізге осы да болады деу - жолыңызды кеседі;
📌Аурудан көз ашпаймын десеңіз - ашпаған күйі кетесіз;
📌Бізге #баю қайда деу де - ақымақтық; Өз көңіл-күйіңіз бен #тұрмыс-тіршілігіңізге байланысты айтылған кертартпа сөз - ол өз тағдырыңыз.

Одан да ол сөздерді басқаша айтып үйреніңіз:

📌Біз #бақытты болуға лайықпыз! Аллаһ Мейірімді,Аллаһ жақсылықтарды беруші
📌#Аллаһ Ақшаның берекесін берсін, бəріне жетеді! Альхамдулиллях
📌Мұндай #үй бізде де болады!Аллаһ береді. Аллаһ Ол Жомарт
📌Біз бұдан да көпке лайықпыз! Аллаһ маған арттырып береді!
📌Бұл -ауру емес! Жəй ғана сынақ! Бұл күн де өтеді! Күнәларым кешіріліп жатыр.Ин шаа Аллаһ бәрі жақсы болады.
📌Біз - баймыз Альхамдулиллях!
Сөзіңіз - ойыңыз, ойыңыз - өміріңіз, ойыңды өзгерт те өміріңді өзгерт!
Мен Аллаһ қалауымен өзгеріп келем!
Бəрімізге Аллаһ екі дүниенің бақытын нәсіп етсін!
.


Өміріңізді талқандайтын себептердің бірі

Әр адам өз өмірінің суретшісі. Егер біреу тек сұрғылт түсті жақсы көрсе, оның өмірі де сол түс секілді болуы мүмкін. Ал, кейбір адамдар сан түрлі бояуларды ұнатады. Демек, оның өмірі де сол бояулар секілді сан түрлі болуы ғажап емес. Әрине, қалай дегенде де әркімнің өз тіршілігі бар. Біреудің өміріне қол сұғу біздің мақсат емес. Жай ғана ой салу. Сонымен өміріңізді талқандайтын себептерге үңіліп көріңіз. 

1. Егер кешірімді болмасаңыз, өміріңізді талқандайсыз. Барлығын жүрекке жақын қабылдау шарт емес. Адамдар сізді ренжітуі мүмкін, сол секілді сіз де біреуге мұң сыйлайсыз. Көңілдегі реніш пен ашу-ыза ең маңызды нәрселерді ұмыт қалдыратынын естен шығармаған абзал.

2. Егер өзіңізге ұнамайтын жұмыс жасасаңыз, өміріңізді талқандайсыз. Сіз жақсы жалақы алу үшін амалсыз өзіңіз қаламайтын қызметке тұрасыз. Алайда, өз мақсатыңызға қарай ұмтылуға не кедергі? Жан дүниеңіз қаламайтын қызметпен ұзаққа бармайсыз. Уақытыңызды текке өлтіресіз. Көптің бірі боп қана ілбіп жүресіз. Ілгерілеу болмайды. 

3. Сіз туралы жұрт не ойлайды деп алаңдасаңыз, өміріңізді талқандайсыз. Ұмытпаңыз! Бәріне бірдей ұнау ешқашан мүмкін емес. Олардың өз өмірі, сіздің өз өміріңіз бар. Сіз туралы өсек айтылса, қуаныңыз. Демек, күнәларіңіз кешіріліп жатыр.  

4. Барлығын кейінге қалдыра берсеңіз, өміріңізді талқандайсыз. Бұл шындық. Ең маңызды шешімдерді дәл уақытында қабылдау керек. Бірден бәрі керемет болмайды. "Темірді қызған кезінде соқпасаңыз" тым кеш болуы мүмкін. Кейін өкінбес үшін дер кезінде қимылдау қажет. 

5. Өз-өзіңізге күтім жасамасаңыз, өміріңізді талқандайсыз. Дене бітіміңіз – жетістігіңіздің басты қозғаушы күші. Оның емі – салауатты өмір салтын ұстану. Яғни, дұрыс, уақытылы тамақтану, спортпен шұғылдану, т.б. 

6. Жиі шағым айта берсеңіз, өміріңізді талқандайсыз. Шағым айту – сізге ешқашан көмектеспейді, керісінше айналаңызға жек көрінішті боласыз. Керісінше, сіз үнемі алға ұмтылумен ғана көздеген мақсатыңызға жете аласыз. 

7. Өткенге өкіне берсеңіз, өміріңізді талқандайсыз. Барлығы бүгіннен басталады. Өткен күн өтті. Ол енді қайтып оралмайды. Өткеннің қателігін өткенге қалдырыңыз. Бүгін – нағыз жанатын шағыңыз. Мықты адам – өз қателігінен тәубе етіп сабақ алатын адам. сізді алдыңызда үлкен мүмкіндіктер күтіп тұр. Өзіңізді жей бермей, іске кірісіңіз. 


Дұрыс ойлаудың маңыздылығы🌸

🔹«Жағымсыз ой». Ғалымдар адамның басына күні бойы келетін ойдың 80%-ы жағымсыз ой екенін анықтады. Көп адам өміріне шағым айтумен уақытын өткізеді, бірақ өзі бастап бірдеңені өзгертуге талпынбайды. Кез келген тығырықтан шығатын жол бар, сондықтан алдымен ойыңызды бақылап, жақсы нәрсеге ұмтылыңыз.

🔹«Бұл іс қиын», «бұл сабақ қиын» деген сияқты тежеуші ойлардың орнына «Қажетінше тырысатын болсам бұл менің қолымнан келеді» деп ойлау керек.

🔹Кез келген жағымды ой - қорқыныш тың бәсекелесі. Неғұрлым позитивті ойлаған болған сайын, соғұрлым қорқынышыңыз әлсірейді.

🔹Өміріңізді қоқыстан тазалаңыз.
Артық заттар ойыңызды шашыратады. Сондықтан сабақ үстеліңізден бастап тазалаңыз.

🔹Адам бір нәрсені бүкіл ынта-жігерімен, шын жүрегімен қалап тырысып бақса, оның ала алмайтын қамалы болмайды. Еш нәрсе қол жеткізе алмайтындай биікте емес, сондықтан мүмкін емес деген ойлаудан аулақ бол.

🔹Қателермен жұмыс жасаңыз.
Жолыққан қателікті қайталап, уақыт жоғалтпас үшін қателермен жұмыс жасаңыз. Келесі жолы қатеге бой алдырмас үшін жаңа әдісті қолдануды ойлаңыз.

🔹 Қорқынышты ой. Көптеген адам миын бақытты, қуанышты сезіммен емес, қорқынышпен толтырады. Түнде жалғыз қалғаннан пайда болатын қорқыныш пен бір нәрсені бастаудан жүрексіну жақсы өмір сүруіңізге кедергі келтіреді. Арылыңыз!

Жетістікке жетудің ең маңызды негіздерінің бірі алға мақсат қою. Cондықтан қазіргі сәттен бастап алдыңызға мақсат қойыңыз. Мақсатсыз адам, жүзетін бағытын білмейтін кемеге ұқсайды, оған ешкім көмек бере алмайды.


🌸Әйелді жұмаққа кіргізетін 4 амал

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын.) былай деген: "Егер әйел кісі бес уақыт намазын оқып, рамазандағы оразасын ұстап, ар-намысын қорғап, күйеуіне бағынатын болса, жұмаққа кіреді"

(Әнәс ибн Мәліктен (р.а.) риуаят етілген хадисте)

🔺️ Намаз оқу
🔺️ Ораза ұстау
🔺️ Ар-намысын қорғау
🔺️ Күйеуіне бағыну

Күйеуім- менің жұмағым деген сөздің мәні енді ашылғандай. Расымен де күйеуінің разылығын алу әйел үшін ең үлкен нығметтердің бірі екен.

Ал егер істейтініміз:

🔻 Күйеуді аңду
🔻 Өзгертуге тырысу
🔻 Онымен бірме бір ұрысу
🔻 Басқаға жамандау
🔻 Әйелдік натураны ұмыту

Қанша ашуыңыз келіп тұрса да, ол сіздің шапағатшыңыз екенін, өзіңіз таңдау жасағаныңызды ұмытпаңыз. Таңдауыңызды сыйлаңыз.

Ренішіңіз болса онымен ұрысып, қолындағы шоқпарын алып, өзіне шаппай, әйел екеніңізді, одан әлсіз екеніңізді, сізді қорғау керектігін көрсетіңіз.

Оны сөзден жеңгеннен, осылай жеңілгеніңізбен оның көзінде дәрежеңіз әлдеқайда өседі. Мұндай тәрбиені көріп өскен қыздарыңыз бен ұлдарыңыз да ертең сіздерден үйренгенін жасайтын болады.


НЕДОВОЛЬНАЯ БОЛМАУДЫ ҚАЛАСАҢЫЗ..

Байқайсыздар ма, әйелдің көңіл- күйі үйдің ауа-райына қатты әсер етеді?!
Егер әйел жадырап жүрсе, үйдің іші де жап-жарық болып көрінеді.

Сіздің көңіл-күйіңіз бен іс-әрекетіңіз балаңыздың тәрбиесі мен еріңіздің сізге деген қатынасына да әсерін тигізбей қоймайды.

Ал, ендеше неге біз көпшілік жағдайда ашушаң, көңілсіз, #недовольная болып жүреміз 🥀?
Көбінесе мойнымыздағы жауапкершіліктің көптігінен, ойымыздың шашыраңқылығынан, қажетте вниманияның жетіспеушілігінен.

Бір жұмысты істеп тұрып ана жақтағы балаңды,  жұмыстан келетін күйеуіңді, жуылмай қалған ыдыс-аяқты, оқылмай қалған сабақты т.с.с. ойлап, барлығы үшін мойынға артылған жауапкершілікті ойлаған сайын мазамыз қашады.

Өмірдің өзі ақ пен қара секілді, барлығы үнемі біз қалағандай мінсіз бола бермейді. Өмірдің қиыншылықтарын жеңілдетіп, қарапайым ғана болмашы қуаныштарын сезінуді үйрену қажет. Мысалы:

🏵 Шай ішіп отырып, шәйдің дәмінен ләззат алыңыз;
🏵 Балаңыздың  иісінен, тәтті тілінен қуаныш сезіңіз;
🏵 Айнаға қарап Аллаһ жаратқан мүсініңіздің сымбаттылығына шүкір етіңіз;
🏵 Табиғатқа қарап оның әдемілігіне, барынша мән беріңіз;
🏵 Жолдасыңыз әңгіме айтып отырған кезде оның әрбір сөзіне мұқият мән беріңіз, онымен сырласыңыз  т.с.с.;

Қысқаша айтқанда, өмірдің әрбір сәтін сезініп өмір сүріңіз. Себебі адам қаншалықты осындай сәттер үшін Аллаһқа шүкір ете білсе, соншалықты бақытты.
БАҚЫТ әр бір нығметке Аллаһқа шынайы шүкір ете білу.

Келісесіз бе?


НЕ НӘРСЕ САДАҚА?

▪️Бауырының жүзіне күлімдеп қарау

▪️Жақсылыққа шақырып, жамандықтан сақтандыру

▪️Бір адамға іздеген жолын көрсету

▪️Жолдан тас, тікен, сүйек тәрізді нәрселерді алып тастау

▪️Өз шелегіңнен бауырыңның шелегіне су құю

▪️Бала-шағаға Алла ризалығы үшін жұмсалған барлық нәрсе

▪️Ілім үйреніп, оны жаю

Садақа деген - тек АҚШАЛАЙ БЕРУ ғана емес!

Садақа деген - Алла ризалығы үшін жасалған әрбір жақсы әрекет!

Бастысы - Н И Е Т!

Енді тоқтатпай күнделікті садақа бересіз бе?




Сұлулықтың 8 құпиясы
Өте пайдалы кеңестер

🌸 Көп су ішіңіз
🌸 Босқа ашулана бермеңіз
🌸 Тәуекелшіл болуды үйреніңіз
🌸 Өсек айтпаңыз
🌸 Ерніңіз әдемі көрінсін десеңіз, жақсы сөз айтыңыз
🌸көзің сұлу болу үшін мейіріммен қараңыз
🌸 Жан дүниеңіз сұлу болса, келбетіңіз де дәл солай нұрланады

Әрбіріңіз теңдесі жоқ сұлусыздар, қайтланбас эксклюзивсіздер соны ұмытпаңыздар. Өздеріңіздің әйелдік натураларыңызды ұмытпаңыздар

Көңілдеріңіз, жан дүниелеріңіз қандай сұлу болса, бет-әлпеттеріңіз сондай сұлу болсын🌸


Қабылдаудың, кешірудің 4 дәрежесі.

Басымыздан өткен әрбір оқиғаны, ренжіткен адамды ерте ме кеш пе біз қабылдаймыз, кешіреміз.

Міне сол қабылдаудың, кешірудің 4 дәрежесі бар екен:

1️⃣ Өзіңнің пайдаңа қарай қабылдайсың: "Жарайды кешірейінші, ол қиналып жүр, кешіре салайыншы"

2️⃣ "Жарайды, ол өзі осындай ғой, кешірейін, мүмкін ол мені ренжіткісі де келмеген болар"

3️⃣ "Ия, ауыр тиді, бірақ бұл да бір сабақ. Бұл оқиға да маған керек болғаны ғой, қайырлысы"

4️⃣ Ең жоғарғы дәрежесі, шынайы қабылдау, кешіру ешбір комментарийсіз. " Әлхамдуллиляһ, барлығы бір Аллаһтың қалауымен, мен қабылдаймын"

Төртінші дәрежеге жеткен кезде, сіздің алдыңыздан нығметтердің есігі түгелімен ашыла бастайды.

Болайын деп тұрып, бір істің болмай қалған кездері- дәл осы кешірмеу, қабылдамаудан да болуы мүмкін.

Ал сіз қай дәрежедесіз?


Әр апта сайын өзіңізге қоятын 10 сұрақ👇

Апта соңында қойған жақсы немесе әр дүйсенбі

1️⃣ Мен осы апта қандай жаңа дүние үйрендім?

2️⃣ Осы аптадағы менің басты жетістігім?

3️⃣ Аптадағы жақсы есте қалған сәттерім және не үшін?

4️⃣ Келесі апта мақсатыма жету үшін қандай қадам жасаймын?

5️⃣ Келесі аптада үлгере алмай, тақалғанда жасап стресске түспейтіндей қазір не жасап қоя аламын?

6️⃣ Осы апта менің көп уақытым босқа кеткен дүние?

7️⃣ Мақсатыма жетуге мені не артқа тартты?

8️⃣ Жасау керек қандай істен қаштым?

9️⃣ Осы аптада маған қандай нығметтер берілді?

🔟 Менің мақсаттарым қандай?

Ал сіз өзіңізге сұрақтар қоясыз ба? Өзіңізбен отырып сөйлесесіз бе? Әлде уақыт жетпейді ме?


Әйел тәрбиесі қоғамның немесе заманның бастауы ғана емес, ол елдің табиғи мұрасы. Ұлттың дамуы үшін білімді әйелдердің маңызы зор. Бұрын үй шаруасындағы әйелдер ел дамуының, болашағының тірегіне айналды.

Әйелдер дамыса қоғам да дамиды.

Білімді әйелдер де балаларын дұрыс тәрбиелей алады.

Әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту – адамзаттың мүмкіндіктерін кеңейту
Әйелдер білімі дамыған елдер үшін маңызды рөл атқарады.

Білімді әйелдер жақсы өмір сүру стандарттарына ие болады, сонымен қатар денсаулық пен гигиена жақсарады. Әйелдерді тәрбиелеу – дамудың күшті құралы.

Әйелдің білімі болмаса, баланы дұрыс тәрбие бере алмайды.

Әйелдер бақытты отбасының нағыз құрылысшылары. Демек, аналар жақсы білімді болса, балаларының қалыптасуында маңызды рөл атқара алады.


Тобымыздың атауы өзгерді


Себақтар пайдалы ма?
Опрос
  •   Ия,пайдалы
  •   Қарап жүрген жоқпын
108 голосов

Показано 20 последних публикаций.