Жәннатқа бірге ♡


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


Психология, Құран, аят, хадис, видео,визуал, аудио, діни кітаптар🌸
Консультацияға жазылу үшін ⬇️
@a_gulfira
Инста: gulfira.dauletkyzy

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Ережеп - үлкен ай. Алла бұл айда жақсылықты кесек-кесегімен береді. Бұл ай, хадисте айтылғандай, Алла тағаланың айы болып саналады. Ережеп айы - мұсылманша ай күнтізбесіндегі жетінші ай. Одан кейін қасиетті Шағбан және Рамазан (Рамадан) айлары келеді. 

#islam.kz


Ойлаш, пайғамбар (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) қараған айға сенде қарайсың,

Ол қараған аспанға сенде қарайсың. 🤍


Керемет қой. 🥰


Есейгеннің бір белгісі — ата-анаға реніштің болмауы,кінәләуды тоқтату.

Кінәліні іздемеу, шешім іздеу.


31-желтоқсан қасиетті ережеп айының алғашқы күні! 🫶


نَحْنُ أَوْلِيَاؤُكُمْ فِي الْحَيَاةِ الدُّنْيَا وَفِي الْآخِرَةِ

"Біз дүние тіршілігінде де ақыретте де достарыңбыз!"

41:31


Біреу жаңа жылмен құттықтағанда "сізге де" деген сөздің орнына "сізге бар жақсылықты тілеймін" деп жауап беруге болады екен.


Ақшасын тиімді жұмсауды үйренбеген адам уақытын да тиімді пайдалана алмайды.


Ерте ме кеш пе бұл дүниеден ажырауың керек болады.

Сені ажыратпай тұрып, оны жүрегіңнен алып таста.


Адам өзін танудағы амалдардың бірі-өзіне сұрақ қою.

•"Мен кіммін?"

•"Маған не ұнайды? "

•"Маған не ұнамайды? "

•"Мен не үшін жаратылдым? "

•"Мен қай кезде қуанамын? "

•"Қай кезде мұңаямын? "

•"Мен қай кезде өзімді жәйсыз сезінемін? "

•"Мен қай кезде өзімді жәйлы сезінемін? "

•"Мен қандай мақсаттан шабыт аламын? "

•"Мен өзімді қалай көремін? "

•"Мен өзім туралы не ойлаймын? "

•"Менің жүрегімнің тыныштығын қандай істер бұзады? "

т. б.

Осы сұрақтарға кем дегенде он жауаптан


Алланы жақсы көре алмасаң Оны тануға тырыс.

Таныған кезде жақсы көресің, жақсы көрген кезде мойынсұнасың.

Дұрыс танымасаң Оған бағынғың келмейді.

Оны тану үшін өзіңді тану керексің.


Ең қорқынышты нәрсе-өзіңді сатып кету.

Өзіңді алдау және сол өтірікке уақыт өте келе шын сияқты сеніп кету.

Жүрегіңнің қалауларын тұншықтырып басқалардың мақсатын, арманын өзіңнің арманың сияқты қарау. Өзіңді жоғалту.

Өз-өзіңе теріс қарау. Өзіңді танығың келмеу.


Өзіңді алдау...

Жүрегіңді тұншықтырған сайын Алладан алыстап қалу.




Жүрегі жетім, Раббысынан ажырап қалған, мейірімге мұқтаж адамдар тез еріп кетеді өзгелердің айтқанына.


Сондықтан адам өзіне не керек екенін білетін, адаспайтын жүректе болу үшін өзін Алламен мықтап байлау қажет.


Қыз өз қадірін білмесе көрінген бір жақсы сөз айтқан адамды жақсы көріп қала береді.

Жігіт өз қадірін білмесе көрінген түрі ұнаған қыздың артынан жүргіреді.


Эххх...


Саған өмір сүруге құқықты кім берді?

-Алла

Саған бақытты болуға құқықты кім берді?

-Алла

Саған еркін болуға құқықты кім берді?

-Алла

Саған өз ойыңды айтуға құқықты кім берді?

-Алла


Онда неге сол берілген құқықты адамдарға тәуелді етесің?

Адамдардың сенің өміріңді шешуіне жол бересің? Сенің қандай екеніңді адамдар шешпейді. Алла шешеді.


Рухани интеллекті бар адамдар қандай болады?

•Олар ренжігіш болмайды

•Өмірдегі болып жатқан жағдайларды жеңіл қабылдайды.

•Разы бола білетін адамдар

•Кінәліні іздемейді, шешім іздейді

•Олар күн мен түнге ілесіп жүреді. Таңмен бірге тұрады кеш батқанда уақытымен ұйықтайды.(ауыспалы мағынада)

Яғни ренжімеуінің себебінен бір жерде тұрып қалмайды.

Себебі ренжігіш адамдар бір жерде тұрып қалады.

•Оларды кейде харизматичный адамдар деп те айтуы мүмкін. Себебі олар кек сақтамайтын, кең мінездерінің себебінен басқа адамдарды өздеріне тартады.

Рухани интеллекті қалай дамытуға болады?

•Өзін тану
(Өзін тану үшін өзіне сұрақ қою, жауап беру. Мен нені ұнатамын? Нені ұнатпаймын? Қай кезде қуанамын?Мен кіммін? т.б)

•Көп кітап оқу

•Реніштерінің барлығын шешіп алу. Өзіне өтірік айтпау.

•Жасаған қателерін мойындау.

•Өзін басқалармен салыстырмау, басқаларды өзімен салыстырмау.

•Жақсы әдеті бар адамдармен араласау, т.б.


Ештеңе жасамай қол қусырып отыру энергияны жейді.

Ештеңе жасамай шаршайды адам.

Тез қартаяды.


Алланың бергені де мейірім,
бермегені де мейірім.



Всё, что Всевышний дарует - это милость,
То, что Он не дарует - это тоже милость.


https://t.me/gilman_yessen


Кез-келген адам үлкен жетістіктерге жете алады.

Бірақ бәрі оған жете алмайды.

Физикалық тұрғыда барлығының мүмкіншілігі бар!

Тіпті мүгедек адамның өзі сау адамның жасағанынан асырып керемет істер жасап жатады.

Онда неге бәрі жетістікке жете алмайды.

Себебі, адамның рухани интеллектінде.

Дене-мүше бәрінде бар.

Ал Рухани интеллект кей адамдарда ғана бар.

Енді осы екі адамның арасынан қайсысы алда болады?

Дене мүшесі сау бірақ рухани интеллекті төмен адам жәй тіршілік етеді. Ол өмір сүруді ойламайды, рухани сал болып қалуы мүмкін.

Ал рухани интеллекті бар адам дене-мүшесі түгел болмаған жағдайда да жетістікке жете алады.

Өйткені рухтың интеллекті,( саулығы) тәннің мүмкіншіліктерінен жоғары тұрады.

Тән рухқа қызмет жасайды.


сказал Али ибн аби Тáлиб:

«Остерегайся чрезмерности в упрёках (замечаниях, придирках), ведь они сеют ненависть и злобу в сердцах людей, а также являются проявлением скверного нрава»

Показано 20 последних публикаций.