ЕСКЕРТУШІ 2


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


ЕСКЕРТУШІ КАНАЛЫ УАҚЫТША ОСЫ КАНАЛДА БОЛАДЫ
@eskertushii каналына взлом жасалды. Онда келген сілтемеге кірмеңіздер❌ Админнің парақшасын алаяқтар бұзып алды.

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


"Я, Рохман" деп 100 рет айт

~ Аса Мейірімді - الرَّحْمَنُ

Кімде-кім осы есімді 298 рет қайталаса, дүниеде және ақыретте Алланың сүйікті құлы болады.

Парыз намаздарынан кейін 100 рет оқыса, Алланың разылығына ие болуы мүмкін және Алла Тағала мол ризық-несібе береді.

#99есім


"Лә хәулә уә лә қууәтә иллә билләһ" деп айт

لَا حَوْلَ وَلَا قُوَّةَ إِلَّا بِٱللّٰهِ‎

~барлық күш-қуат тек Аллаға тән~


"Я, Аллаһ! Бізді «Раббымыз Алла» дегеннен кейін тура жолдан таймаған құлдарыңның қатарынан қыл. Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) лайықты үммет болуды нәсіп қыл"

#дұғалар


"Субханаллаһи уә бихамдиһи, субханаллаһил-Азим" деп айт

سُبْحَانَ اَللَّهِ وَبِحَمْدِهِ، سُبْحَانَ اَللَّهِ العَظِيم

~Аллаһқа мақтау айта отырып, Оны кемшіліктен пәктейміз. Ұлы Аллаһ тағала кемшілік атаулыдан пәк~


"Аллаһу Акбар" деп айт
اَللَّهُ اَكْبَر
~Алла ұлық~


"СубханАллаһ" деп айт
سُبْحَانَ اَللَّه
~Алла - мінсіз~


"Я, Аллаһ" деп 100 рет айт

~ Әлемдердің Жаратушысы - اللَّهُ

Кімде-кім осы есімді күніне 1000 рет қайталаса, оның жүрегіндегі бүкіл күдік, шәк атаулы жойылады. Оның орнына Құдайға деген иманы кәміл, сенімі берік бола түседі.

Күніне "Я, Алла" деп 66 мәрте қайталаған жанның түрлі тілек-дұғасы қабыл болады.

#99есім


"Аллаһумма инни әс-әлукәл жәннәтә уә а'узу бикә минән-нәр" деп айт

اللَّهمَّ إنِّي أسألُكَ الجنَّةَ، وأَعوذُ بِكَ منَ النَّارِ

~ Я, Алла! Сенен жәннатты сұраймын, әрі тозақ отынан Өзіңе сыйынамын ~


"Әстағфируллаһ уә әтубу иләйһ" деп айт
أسْتَغْفِرُ اللَّهَ وَأتُوبُ إلَيهِ

~Алладан кешірім тілеп, Оған тәубе етемін~


“Аллаһумма ахсин хулуқи”

اللَّهُمَّ احْسِن خُلُقِي

~ Аллаһым, мінезімді жақсарта көр!~


"Бисмилләһир-рохманиир-рохиим" деп айт

بِسْمِ اللَّهِ الْرَّحْمَنِ الْرَّحِيم

~Аса Рақымды, Аса Мейірімді Алланың атымен~


"А'узу билләһи минәш-шайтонир-рожиим" деп айт

أَعُوذُ بِاللَّهِ مِنَ الشَّيطَانِ الرَّجِيم

~(Алланың рақымынан) қуылған шайтанның жамандығынан Аллаға сыйынамын~


"Әлхамдулилләһ" деп айт

اَلْحَمْدُ لِلَّه

~Аллаға мадақ (шүкір)~


"Я, Сабур" деп 100 рет айт

~ Аса Сабырлы - الصَّبُورُ

Кімде-кім осы есімді күн сайын 298 рет қайталаса, бастаған ісін оңай бітіреді, ашу-ызасын жеңіп, сабырлы болады.

“Я, Сабур” деп зікір етіп жүрген адамның жүрегі Аллаға деген сүйіспеншілікпен нұрланып, оның бойында қатыгездік, ашу-ыза деген болмайды. Бәле, жала және зұлымдықтан аулақ болады және қай істі қолға алса, Алланың жәрдемімен барлық ісінде табысты болады.

#99есім


«Джәзаллаһу 'аннә Мухаммадан бимә һуә әһлуһ»

{Алла Тағала Мұхаммедті біздің атымыздан сый құрметке бөлесін, өйткені Ол онсыз да бұған әбден лайық}

جَزَى الله عَنَّا محمدًا بِما هُوَ اهْلُهُ


ТАҢҒЫ ЗІКІРЛЕР✨


"ХасбунАллаһу уә ни'мәл-уәкиил" деп айт

حَسْبُنَا اَللَّهُ وَ نِعْمَ اَلْوَكِيل

~Бізге Алла жеткілікті, ол ең жақсы Қолдаушы~


"Аллаһумма иннәкә ъафуун, тухиббулль-ъафуа фаъфу ъанни" деп айт

اللَّهُمَّ إِنَّكَ عُفُوٌّ تُحِبُّ الْعَفْوَ فَاعْفُ عَنِّي

~Я, Алла, расында, Сен – Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Мені кешіре гөр!~


"Аллаһумма солли ‘алә Мухаммадин уә 'алә әли Мухаммад" деп айт

اللَّهُمَّ صَلِّ عَلَى مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِ مُحَمَّدٍ

~Я, Алла! Мырзамыз Мұхаммедке және оның отбасына салауат ет~


"Лә иләһә иллаллаһ, Мухаммадур расулуллаһ" деп айт

لَا اِلَهَ اِلَّا اَللَّه مُحَمَّدٌ رَسُولَ اَللَّه

~Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі~

Показано 20 последних публикаций.