◾️ 1998 жылы Ақмола облысының Сандықтау ауданының тұрғыны
шаруа қожалығын құрып, оны отбасылық бизнеске айналдырған.
◾️ Шаруа қожалығының (ШҚ) барлық қатысушыларына жыл сайын шөп, сабан, кебек және үй жануарлары мен құстарға жем, отын мен көмір, ет-сүт өнімдері және артылған ауыл шаруашылығы өнімдерін сатудан материалдық көмек көрсетілген.
◾️ ШҚ-да әртүрлі техникалар бар.
◾️ 2021 жылы шаруа қожалығының басшысы қайтыс болып, жесір әйелі мен кәмелетке толмаған балалары шаруа қожалығының жер үлесі мен барлық мүлкін мұрагерлікке алған.
◾️ Сол жылы жесір әйел жиналыс өткізіп, мұрагерлік куәлік негізінде өзін шаруа қожалығының басшысы етіп сайлап, екі баласымен бірге жер үлестерін бөліп беріп, жерді жалдау шартын жасасу құжаттарына қол қою құқығын өзіне қалдырады.
◾️ Марқұмның жесірі, әпкесі мен ағасы қол қойған хаттама бойынша бұл шешімге барлығы бірауыздан дауыс берген.
◾️ Алайда, кейінірек марқұмның әпкесі өзін және ағасының қатысуын жоққа шығарып, отырыс хаттамасын жарамсыз деп тану туралы сотқа талап қоюмен жүгінген.
◾️ Сот тағайындаған сараптама қорытындысына сәйкес, қайтыс болған шаруа қожалығы басшысының ағасы мен әпкесінің атынан жиналыс шешіміндегі қолдарды олар емес, басқа адамдар қойған.
◾️ ШҚ-ның кезектен тыс отырысының шешіміне қол қою кезінде талаптардың сақталмағаны, атап айтқанда, құжатқа отырысқа қатысушылардың өздері емес, қол қоюы арқылы білдірілетін пікір еркіндігі болмағаны анықталғандықтан, сот талап қоюды қанағаттандырды.
◾️ Жиналыс шешімі жарамсыз деп танылды.
◾️ Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
https://t.me/Aqmola_sottary