....Ал енді биыл айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жекелеген өнімдердің
тағы екі түрі туралы айта кетейік: «жалақыға дейінгі қарыз», PDL деп аталатын несие мен жеке тұлғалардың бизнес-несиелері.
«Жалақыға дейінгі» қарыздар (PDL)Әңгіме МҚҰ 45 күннен артық мерзімге бермейтін ерекше микронесие жайлы болмақ. Олардың сомасы жылдың көп мезгілінде 50 АЕК-пен (186 мың тг) шектелген болатын. Тамыздың екінші жартысынан бастап 45 АЕК (166,1 мың тг) дейінгі лимит қойылды.
Әртүрлі реттеуші өзгерістердің, кейбір ойыншылардың лицензияларын қайтарып алу немесе тоқтата тұруы, әсерінен бұл өнім бойынша жалпы портфель әжептәуір қысқарды – 36%-ға. 2025 жылдың 1 қаңтарына қарай 89,2 млрд тг құрады. Келісімшарттар саны 34%-ға азайып, 1,2 млн бірлікті, ал қарыз алушылар саны 20,9%-ға қысқарып, 652,4 мың адамды құрады.
Несиенің берілуі шамамен төрттен бірге баяулады, бір жылда көлемі 576,9 млрд тг жетті. Бұл сома 9,1 млн келісімшартқа (-28,9%) және 981 мың қарыз алушыға (-10,6%) тиесілі. Келісімшарт бойынша несиенің берілуінің орташа көрсеткіші аздап өскен (+5,3%, инфляция деңгейінен төмен).
Жеке тұлғалардың бизнес-несиелеріБұл өнімге қарыз алушы ретінде жеке тұлға көрсетілгенімен, несие беру мақсаты мен объектісі бизнеске байланысты болып табылатын несиелер жатады.
Мұндай несиелердің портфелі 1 қаңтарға қарай 436,1 млрд тг жетіп, бірден 54,5%-ға артты. Қарыз алушылар саны екі еседен астамға, 625,3 мың адамға дейін өссе, келісімшарттар саны 150,8%-ға, 890,6 мың бірлікке дейін артқан. Бір келісімшарт бойынша орташа қарыз сомасы 38,4%-ға төмендеп, 489,6 мың тг құрады.
Қазіргі уақытта портфельдің негізгі бөлігі МҚҰ-ға тиесілі. Нақты айтқанда, 360 млрд тг немесе жиынтық көлемнің 83%-ы.
Бұл сегменттегі көрсеткіш бір жылда шамамен 70%-ға өскен. Портфельдің сапасына келер болсақ, 2025 жылдың 1 қаңтарына қарай 90+ уақытқа кешіктірілген қарыздар жалпы көлемде 11,6% үлесті құрап отыр (жалпы, барлық сегменттер бойынша).
Барлық ойыншылар бойынша несиенің берілуі, жалпы алғанда, бір жылда 518,5 млрд тг жетіп, 2023 жылға қарағанда бірден 68,7%-ға жоғары болды. Қарыз алушылар саны 126,4%-ға өсіп, 632 мың адамды құрады, ал келісімшарттар саны бірден 254,5%-ға артып, 1,4 млн бірлікке жетті.
@DataHub_KZ