TGStat
TGStat
Введите текст для поиска
Расширенный поиск каналов
  • flag Russian
    Язык сайта
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Вход на сайт
  • Каталог
    Каталог каналов и чатов Поиск каналов
    Добавить канал/чат
  • Рейтинги
    Рейтинг каналов Рейтинг чатов Рейтинг публикаций
    Рейтинги брендов и персон
  • Аналитика
  • Поиск по публикациям
  • Мониторинг Telegram
English Ағылшын тілін үйрену тобы

8 Aug 2018, 17:09

Открыть в Telegram Поделиться Пожаловаться

The Adjective – Сын есім
Ағылшын тіліндегі сын есім (The Adjective) де қазақ тіліндегі секілді анықтамаға ие, яғни, заттың сипатын, сынын, сапасын білдіреді. Мысалы: deep sea – терең теңіз, fresh air – таза ауа.

Сын есімнің екі түрі болады: 1) сапалық (негізгі) сын есім: big – үлкен, tall – биік, small – кішкентай, т.с.с.
2) қатыстық (туынды) сын есім: central – орталық, golden – алтын (алтыннан жасалған), т.с.с.
Бір буынды сын есімдердің салыстырмалы шырайлысына -er жалғауы, ал күшейтпелі шырайлысына -est жалғауы жалғанады. Күшейтпелі шырайдағы сын есімнің алдына кей жағдайларда the артиклі қойылады (the oldest man in our town (біздің қалашықтағы ең қарт кісі), my the newest socks (менің ең жаңа шұлықтарым)).
Соңы -y әрпіне бітетін бір буынды сын есімнің соңындағы -y әрпі -i әрпіне өзгереді. Сын есімнің шырайлары (Degrees of comparison)
1.Жай шырай – бұл оның сөздіктегі формасы.
Басқа екеуі осыдан туындайды.
2.Салыстырмалы және күшейтпелі шырайлардың жасалуының екі жолы бар:
1) жай (бір буынды сын есімдер: hot, thin, fat және кейбір екі буынды: happy, busy, pretty т.б.);
2) құрамды (барлық көп буынды: difficult, beautiful т.б.);
Ағылшын тілінде сын есім қазақ тіліндегідей септелмейді, тәуелденбейді, көптелмейді:
a large tree – үлкен терек; large trees – үлкен теректер; his young wife – оның жас әйелі; his young wife’s dress – оның жас әйелінің көйлегі; Ағылшын тілінде сын есім мағынасына қарай бөлінеді: 1. Сапалық сын есімдер (Qualitative Adjectives)
Сапалық сын есімдер – заттың әр алуан белгісін (түр-түсін, көлемін, сапасын, дәмі мен иісін т.б.) білдіретін сөздер. : big – үлкен, red – қызыл, young – жас, old – кәрі, difficult – қиын, important – маңызды т.б.
Сапалық сын есімдердің негізгі белгілері: а) шырайының 3 түрі бар (Degrees of comparison):
1) жай (the Positive Degree);
2) салыстырмалы (the Comparative Degree);
3) күшейтпелі (the Superlative Degree);
б) үстеулермен қолданылады:
very, too, so, rather, fairly very big – өте үлкен

Бұрыс сын есімдер
Кейбір сын есімдер шырай түрлері ережеге сай жасалмайды, оларды есте сақтау керек.
good – жақсы, better – жақсырақ, (the) best –ең жақсы;
bad – жаман, worse – жаманырақ, (the) worst – ең жаман;
little – кішкене, less – кішірек, (the) least – ең кішкене;
many, much – көп, more – көбірек, (the) most – ең көп;
far – алыс, further – алысырақ , (the) farthest, furthest – ең алыс;
Your neighbourhood is better than mine. – Сіздің ауданыңыз менікіне қарағанда жақсырақ.
Laziness is the worst of his faults. – Жалқаулық – оның кемшіліктерінің ішіндегі ең жаманы.

Құрамды түрі белгілі бір сөздердің көмегімен жасалады.
Салыстырмалы шырай more – көбірек и less – азырақ сөздерінің көмегімен жасалады:
difficult – more difficult, less difficult;
beautiful – more beautiful, less beautiful;
Family and friends are more important than money. – Жанұя және достар ақшаға қарағанда маңыздырақ.

Күшейтпелі шырай алдында the белгілі артиклі бар most және least сөздері арқылы жасалады:

difficult – (the) most difficult, (the) least difficult;
beautiful – (the) most beautiful, (the) least beautiful;
This exercise is the most difficult one in the textbook. – Бұл жаттығу оқулықтағы ең қиыны.
Каталог
Каталог каналов и чатов Подборки каналов Поиск каналов Добавить канал/чат
Рейтинги
Рейтинг каналов Telegram Рейтинг чатов Telegram Рейтинг публикаций Рейтинги брендов и персон
API
API статистики API поиска публикаций API Callback
Наши каналы
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
Почитать
Академия TGStat Исследование Telegram 2019 Исследование Telegram 2021 Исследование Telegram 2023
Контакты
Справочный центр Поддержка Почта Вакансии
Всякая всячина
Пользовательское соглашение Политика конфиденциальности Публичная оферта
Наши боты
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot