журфак


Гео и язык канала: Казахстан, Русский
Категория: Новости и СМИ


қызық материалдар, өзекті жаңалықтар, журналистикаға қатысты трендтер, кеңестер мен мақалалардағы қателер. админ @ayankalmurat.

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Русский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


Күні бойы су басқан ауылдардың видеолары алдымнан шыға берді. Кемінде он облыста су тасып жатыр қазір.

Жолын су шайып, ас-сусыз қалған ауыл адамдарының шарасыз көмек сұрағаны, суға ағып бара жатқан малдың ақырған даусы қатты әсер етті өзіме…

Көп адам үйіне кірген суды түсірген екен. Сонда қарасаңыз, тұрып жатқан үйлерінің бәрі дерлік онсыз да тозған. Ертең енді әлгі үйлер көгереді. Сонда қалай тұрады? Қайда барады?

Ауылда қыстан енді шыққан қаншама мал қырылды. Құдай сақтасын, әлі қаншауы қырылар екен…

Көп жерде тасқын болуы мүмкін деп қанша уақыттан бері айтылды. Не жасалды осы уақытта? Қазақстанда еріген қар суын ұстайтын гидротехникалық қондырғылардың үштен бірі (!) тозып тұр екен. Неге жөнделмеді? Қашан жөнделеді?

Құтқарылған адамдардың гүл ұстап, билікке алғыс айтқан видеосын көргенде не ойларыңды білмейсің.

Осының бәрін ойлап, күйіп отырсам, «Жаңаөзенде полиция заңсыз насыбай өндіргендерді құрықтады» деген жаңалық шығып тұр лентамда. Боқтауға бола ма?!!!


Әріптесімізге көмек керек…

«Орал апталығы» газетінде істеген журналист әріптесіміз Есенжол Елекенов «ақ қан» дертіне шалдығыпты. Шұғыл ота қажет. 13 млн теңге тұрады. Көмектесіп жіберейікші.

Есенжолдың реквизит, шоттары:
Kaspi телефоны: 8 778 937 47 47
Kaspi картасы: 4400 4302 8113 6843
Халық банк картасы: 4405 6398 1029 9642


Репост из: Azattyq - Азаттық
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Астанада шенеунік сайлау учаскесі маңында Азаттық тілшісінің жұмысына кедергі келтірді

Астанада Кенесары көшесіндегі сайлау учаскесі маңында кезекте тұрған адамдардан сауалнама жинап жүрген Азаттық тілшісін полиция мен шенеунік тоқтатты. Сарыарқа аудандық полиция бөлімінің қызметкері Дамир Хисматуллин камераны өшіруді талап етті. Азатық тілшісі Аян Қалмұраттан ол “көшеде түсіруге рұқсат” пен аккредитация талап етті.

Бүгін Ресейдегі сайлауға байланысты Алматы, Астана, Орал, Өскемендегі Ресей өкілдіктерін полиция мен шенеуніктер қатаң бақылап тұр. Сайлау учаскелерінің алды – ұзан-сонар кезек. Азаттықтың Алматыдағы тілшісі кезекте тұрған адамдардың санын шамалап есептеп көрді – барлығы 2000 адам.

Азаттыққа жазылыңыз


Астанадағы Ресей елшілігінің алды. Ұзын-сонар кезек. Мыңнан аса адам тұр. Бәрі Ресей президентін сайлауға келген.

Кезекті аралап жүріп сөйлескен жиырма шақты ресейліктің бәрі «Путинге қарсы азаматтар көп екенін көрсетуге келдік» дейді. Камераға сөйлемей-ақ қояйын дегендер кө-ө-өп болды.

Бірнеше адам «туыстарымыз әлі Ресейде, тыныштық керек» деп қудалаудан қорқатынын ашық айтты.

Толығырақ Азаттықтың телеграм арнасынан оқыңдар: https://t.me/azattyq


Ұзақ жыл Азаттықта істеген екі аға әріптес — Асылхан Мамашұлы мен Руслан Ербота ARA Media жобасын бастаған екен.

Қазақстандағы өзекті саяси-әлеуметтік тақырыптарды талқылайды.

Жақсы жоба боларына күмән жоқ. Табысты, көрермені көп арна болғай.

Тіркеліп алыңдар, достар 😘

Мінекей, арнаға сілтеме:

@ara_media2024' rel='nofollow'>https://www.youtube.com/@ara_media2024


Елтаңба осындай болады дей ме 🙂


Ақпарат министрі Аида Балаева ток-шоу жабылатынын хабарлады.


«Хабар» арнасының кезекті масқарасы.

«Бірақ» деген ток-шоу кеше жылдар бойы күйеуінен таяқ жеп, ақырында қолын сындырған соң алты баласымен ажырасып кеткен әйелді студияға шақырды.

Әйел ажырасқан соң Шымкенттен Астанаға көшіп келген. Үш ай бұрын күйеуі олардың Астанадағы үйін тауып алып, ішіп келіп тағы шу шығарған.

Содан бері әйел балаларымен тұрмыста зәбір көргендер паналайтын орталықта тұрып жүр. Осы орталыққа «Хабардың» журналистері хабарласып, күйеуінен таяқ жеген бір әйелді тауып беруді сұрайды. Орталықтың жетекшісі Анна Рыль «әйелге қаржылай көмектесетіндер табылар» деп осы кісімен байланыстырады. «Хабардың» тілшілері әйелге «Студияда күйеуіңіз болмайды, түріңізді көрсетпейміз, маскада боласыз» деп уәде берген соң, апай ток-шоуға баруға келіседі.

Бірақ тікелей эфир кезінде бұрынғы күйеуі студияға кіріп келеді. Әйелге қалай қорлағанын, қалай таяқ жегенін жүргізушілер тағы айтқызады. Жылап отырып айтып береді. Күйеуі «өтірік айтпа, өтірік айтпа» деп отыр. «Ақ болсаң, маскаңды шеш, неге маскада отырсың?» деп тиіседі. Әйел «қызым сұрады маска киюді» десе де, шешіп тастайды.

Бір кезде «Хабардың» жүргізушісі (!) бұрынғы күйеуіне гүл ұстатып, ол әйелге апарады. Әйел «гүлді алмаймын, көргім келмейді» деп ентігіп жылайды. Жүргізуші осыдан соң әйелдің қасына отырып: «Әкесіне балаларды көрсетіңіз, балаларыңызбен біздің психологтар жұмыс істесін. Алты баланың біреуінде болсын әкесіне сағынышы бар шығар? Оны біз қазір айта алмаймыз» деп ақыл айтады. Әйел балаларына сөйлес деп айтатынын, бірақ балалар өзі қаламайтынын айтады (бірақ бұл маңызды емес!). Талқы басталып, күйеуі де сөйлей бастайды. Әйел өзін ұстай алмай, айқайлап жылай бастады. Ұзақ жылайды. Өте ауыр көрініс...

Ток-шоу істедік деп мәз шығарсыздар, «Хабардағы» әріптестер. Кейіпкерге берген уәдеде тұрмай, этиканы бұзғандарыңыз — бөлек әңгіме. Сіздер онсыз да өмір бойы ауыр психологиялық травма алған, содан емделіп жүрген адамды қорлап, әйелге үлкен қауіп төндірдіңіздер. Жылдар бойы таяқ жеп, күйеуінен зәбір көрген адамның нәзік, сезімтал психикасымен бұлай ойнайтындай сіздер кімсіздер? Ток-шоудан соң әйел ес жинай алмай, ұзақ жылады дейді. Оған бірдеңе болса, жауап бересіздер ме?!

«Хабардағы» (еркек) жүргізуші эфир кезінде «Тұрмыстағы зорлыққа әйелдің өзі жеткізетін шығар, мүмкін шыдау керек шығар?» дегендей сұрақ қояды. Сарапшы ретінде шақырылған нумеролог (!) «еркекке еркелеу керек, алдына түсіп алмау керек» дегендей ақыл айтады. Басқалар да әйелді татуласуға шақырады. Айта берсең көп... «Хабар», ток-шоу істемей-ақ қойшы.

4k 0 25 9 87

Сәлем бәріңе 😶‍🌫️

Әлима Пардашева деген журналист әріптесім бар. «Яндекс Кьюде», «Фактчекте» істеген. Редактор, медиатренер.

Телеграмда «Пардашьян» деген арнасы бар. Жұмыс іздеп жүрген журналистерге вакансияларды салып отырады, әріптестерге арналған күшті шаралар мен Қазақстандағы орыс тілді медианарықта болып жатқан елеулі оқиғалар туралы айтады.

Басқа әріптестің жұмыстарынан хабардар боп отыру үшін өзім біраздан бері оқып тұрам. Қызық болса, сендер де жазылып қойыңдар.


Бірнеше сайт «Нұрсұлтан Назарбаев 15 тәулікке қамалды» деген саржағал жаңалық таратып жатыр. Экс-президентпен аттас бір жас жігіт ішіп алып, көлік айдаған екен.

Жазған жаңалығы мыңдаған қаралым жинап, әріптестер мәз. Мен біртүрлі қысылдым.

Назарбаевты жылдар бойы ұлықтап, оған қатысты барлық сөзді міндетті түрде бас әріппен жазып, қай мақала-видеосын да «елбасының» сөзімен бастап, «елбасының» сөзімен аяқтаған билікшіл басылымдардың экс-президент ықпалын жоғалтқан соң осылай еркінсіп отырғаны ғой.

Бұл тірлік (қандай болса да) Назарбаевтың емес, осы сайттардың, осы редакциялардың деңгейін көрсетеді. Екіншінің ұпайы үшін экс-президентті масқаралау науқаны осындай лас тірлікке көшкені, әріптестердің одан жиіркенбей отырғаны қандай аянышты.

Билікшіл газеттерде ұзақ жыл «елбасылап» мақала жазып, Қаңтардан соң Назарбаевты «шал» деп жазған әріптес естен кетпейді.

Өздеріңді құрметтесеңдерші ең болмаса.


Осы туралы ойымды жазайын.


Тергеу дерегі бойынша, Нариман мен досы бардан шығып, қымбат көлік мінген екі жігітпен сөзге келіп қалады. Марқұмның досының сөзінше, екі күдікті оларды ұрып-соғып, сосын көлікке отырғызып, қаланың шетіне апарып тағы ұрған.

Нариман сол жерде жүре алмай, құлап қалады. Досы туыстарына көмек сұрауға кетеді. Келгенде Нариманның ендігі қаза тапқанын, мәйітін полиция алып кеткенін біледі.

Анасының сөзінше, қазір ықпалды отбасынан шыққан екі күдіктіге жеңіл жаза беруге тырысып жатыр.

Іс, расымен де, адам өлтіру бабымен емес, бұзақылық және адам ұрлау баптарымен қаралып жатыр. Күдіктілердің туыстары марқұмның анасына да, журналистерге де қысым көрсетіп жатыр деген ақпарат бар.

Толығырақ Азаттықтың репортажынан көріңдер.


Мына жас жігіт — 21 жастағы Нариман Рагуф былтыр көктемде қаза тапты. Мәйіті Оралдағы көшелердің бірінен табылған.

Пышақталған, денесінде соққы іздері бар, бетінің сау-тамтығы жоқ. Бірақ сот-медициналық сараптама оны «үсіп өлді» деп тапқан.

Нариманды өлтірді деп күдікке ілінген екі адам бар. Бірі — Оралдағы қалалық сот судьясының ұлы. Оны полиция ұстай сала босатып жіберген. Көптің наразылығанан соң қайта қамауға алынды.

Екіншісі де, марқұмның анасының сөзінше, қаладағы ауқатты отбасының баласы.


Бірнеше суретін көріп шығыңдар.

Басқа жұмыстары мұнда тұр.


Боямасыз суреттерімен шіріген Ресейдегі қарапайым халықтың шынайы өмірін көрсетіп жүрген әйгілі фотограф Дмитрий Марков та көз жұмыпты.

Суреттері қатты ұнаушы еді. Дудьқа бірер жыл бұрын сұхбат беріп, жетім-жарлы балаларға көмектесетін жоба істеп жүргенін айтқан.

Жатқан жері жайлы болсын.


Алексей Навальный қайтыс болды...


Репост из: masa.media
«Бұл сот цирк»: Журналист Мұхаммедкәрімнің соты даумен басталды

Қонаев қаласында тәуелсіз журналист Думан Мұхаммедкәрімнің ісі бойынша сот процесі басталды. Алдын ала сот тыңдауында судья прокурордың сотты жабық өткізу туралы өтінішін қанағаттандырды. Залға айыпталушының жақтастары мен журналистер кіргізілмеді. БАҚ өкілдері процесті басқа залда монитордан бақылады.

Толығырақ сайттан оқыңыздар


Маса.Медиадағы әріптестердің репортажын оқыңдар.


«Тақыр басым үшін кешірім сұраймын. Бұл — менің принципім. Маусымның 22-сі күні мені заңсыз апарып қамады. Сол күннің ертесінде шашымды қырып тастап Тоқаевқа салып жібергенмін «Міне, шашым, аз болса басымды ал» деп.

(с) Думан Мұхамедкәрім.


Репост из: zhapisheva
А вот и началась привычная пропагандистская грязь, ложь и манипуляции.
Напоминаю, что Закон.кз – это дно, управляемое Киселевым – правой рукой Дариги. Еще и за наш с вами счет.
Работающие там люди прекрасно знают, чем они занимаются – и это точно не журналистика.
вот замечательный пример – пост сотрудницы издания на личной странице и то, что она одновременно выдала на сайте 👇🏼

Показано 20 последних публикаций.