Olzhas Hanafin


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


📚Дін, ілім, пайдалы мағлұмат

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Ілім жайлы оқығандарыммен бөлісе отырайын.

✅ Бірде сахаба Абу Мұса әл-Ашғари сахаба Омарға құптан намазынан кейін келеді. Сонда Омар: “Не үшін бұл уақытта келдің Уа Аба Мұса?” - деп сұрайды. Ол: “фиқһ ілімін қайталау үшін” - дейді. Содан екеуі түні бойы ілім қайталап отырады. Бір мезетте Абу Мұса: “Намаз!” - деп жар салады. (меңзегені тахажүт намазы) Сонда Омар: “Расында біз намаздамыз” - дейді. Солай екеуі таң намазы уақытына дейін іліммен айналысады. Алла екеуіне де разы болсын.

🔹Хафиз ибн Раджаб айтады: “ Ілім - зікір мен Алла жолында күресудің ең абзал түрі.” Және Латоиф әл-Ма’риф кітабында: “ 4 мазһаб имамы да ілімді нәпіл құлшылықтан жоғары санаған. Өйткені ілім - надандық пен нәпсіге берілу қараңғылының шамшырағы. Ал кімде-кім жарықсыз жолға шықса, ол қараңғыда құдыққа құлап, қаза болып кетуі әбден мүмкін.

🔸Егер ілімнен абзал нәрсе болғанда пайғамбарлар міндетті түрде оны үмметтеріне мирас етіп қалдырар еді. Алайда олар ілімнен басқа мирас қалдырмады.

🔺Имам Әсәд ибн әл-Фурот Мысырдағы ғалым ибн әл-Қасымнан ілім алуға келгенде, ибн әл-Қасым оған: “Мен Құранды күндіз бір рет және түнде бір рет хатым қылатынмын. Бірақ сен үшін ілімді тірілту мақсатында күніне бір рет қана хатым ететін болдым” - дейді. Алла ол кісіні рахым етіп, ақыретте сыйын берсін.

🔻Имам Абу Зур’а әр-Разидың өмірбаянына қатысты “табақат әл-ханабилада” Абдулла ибн әл-Имам Ахмадтан мынадай оқиға риуаят етіледі. Әкемнің үйінде Абу Зур’а болғанда екеуі ілімді көп қайтайлайтын болған. Бірде әкемнің былай деп айтқанын естідім: “Парыздан өзге намаз оқыған жоқпын. Нәпіл құлшылықтың орнына Абу Зур’амен ғылым қайталауды жөн көрдім”. Ал имам Ахмад дені сау күндері күніне үш жүз ракағат нәпіл намаз оқитын болған. Бірақ сынақтан кейін әлсіреген себепті күніне жүз елу ракағат оқитын болды. Алла ол кісіге разы болсын.

Шейх Мухаммад Аууаманың حفظه الله
кітабынан алынды "معالم إرشادية".


Репост из: Sakenkyzy
Олжекеміз жайлы айтылғандай екен🥹

Бұйырса сол кісі жайлы кітапша (pdf форматта) жазып шыққан едім. 9 жыл бірге тұрған соң ол кісі жайлы айтарым өте көп. Бірақ қысқартып жаздым. Ол кісінің соңғы сәтін жазғанымда маған өте ауыр болғандықтан кітапшаны тез бітіріп тастадым…

Стамбұл жайлы, алғашқы кезеңдерімізді, ол кісі қиындықта өзін қалай ұстағаны, жалпы үлгі алар сәттер келтірілген. Бұйырса күтіңіздер😇


Репост из: Хадис ізденуші
Тіріде жердің көркі, өлгенде кітап көркі болды деген осы…


Уақыт жетпейді ме жоқ әлде күш пе?

✅ Құранда Алла Тағала уақытпен көптеген аяттарда ант етеді. Ғалымдарымыз уақыттың барлық нәрседен құнды екенін айтады.

✅ “Уақыт емес жетпейтін, ол сіздің энергияңыз таусылып қалады, сондықтан энергия уақыттан қымбат” дейді кейбір кісілер. Иә, жалпы сөздің өзі дұрыс, яғни сіздің көп істі істей алмауыңыз уақыттың аздығынан емес, энергияны бос іске немесе энергия, күшсорғышқа жұмсағаннан болып тұр(ол әрине инстаграм, клип, видео, кино т.б.)

✅ Бірақ уақыт барлығынан жоғары. Уақыттың қадірін түсінген, өмірде мақсаты бар адам энергиясын бос іске жұмсамайды. Ислам ғалымдары уақытты үнемдегені соншалық шайнауды қажет ететін тамақты жемейтін, уақытты үнемдеу үшін барынша жұта салатын, іше салатын асты құп көрген.

✅ Әйтсе де уақыттан бұрын энергияны бос нәрсеге жұмсамау жайлы айтқым келіп отыр. Әсіресе инстада түрлі дүниені көре беру. Бір видеодан екінші видеоға көшіп 1-2 сағат отыру бізді “тупой” қылады. “Тупой” сөзін қолданғаным сіз бен біз оның қаншалықты қауіпті екенін сезінуіміз үшін.

✅ Ондай адам “намазды ықыласпен оқу” дегенді тек түсінде көре алады(оның өзі белгісіз). Неге? Себебі ойы әбден шашыраңқы болып кеткен.

✅ Ой шашыраңқы болмау үшін нақты жүйемен, ең болмағанда күніміздің 60% жүйемен өткізу қажет.

✅ Арнайы күнделік жүргізіп, күнді жоспарлау. Инстаға белгілі бір уақытта ғана кіру.

🗒 Күн жоспарын жасап, инстаға аз кіріп, ісіңізге кірісіп кетсеңіз міне берекелі күн болады.

🧎‍♂️Негізі құлшылығымызды да жоспарлайтын болсақ оны орындауға жеңіл болады. Ол кәдімгі сіздің бір күндік жоспарыңызда болу қажет.

Олжас Ханафин ұстаз (рахимаһулла)


Репост из: Абылай Кенжалы
Демаламын десең, өзіңді кінәламай демалуды үйрен.

©️Олжас Ханафин


Олжас ұстазымыздың (рахимаһулла) ақылы Құран курсын тегін таратып жатырмыз. Алда Құран түскен Рамазан айы келе жатыр. Құранға түсуге мүмкін осы дәрістер себеп болуы мүмкін.

Олжас ұстазымыздың амалдары тоқтады. Алайда артынан қалдырған ілімдерінен басқа. Барынша таратып жіберсеңіздер.




Нұр Мубарактың бірінші курсын оқып жүргенімде Бақдаулет ұстазым айтқан еді: “Бұл өмірде Алланың дініне қызмет етіп өтуден артық ешнәрсе жоқ”. Сол сөз жүрегімнің түбіне жетіп, қатты әсер етті.

Дінге жанашыр бауырларымның бірі @aidosabduroshit Нұр Мубаракқа түскенде бізге былай деген: “Сендер арқаларыңа өте ауыр жүк алдыңдар”.

20 ғасырда араб әлемінде ең атақты болған уағызшы ғалым Абдулхамид Кишк рахимаһулла бір уағызында: “Маған небір лауазымды қызметтерді ұсынды, бірақ мен Алла елшісінің мінберін صلى الله عليه و سلم ешнәрсеге ауыстырмаймын”, - деген екен.

📌 Йә Алла! Өзіңнің дініңе ықыласпен қызмет етіп, абыроймен атқаруды нәсіп ет. Іліммен бірге амалын да арттыра гөр. Кітап арқалаған есек болудан бір өзің сақтай гөр. Әмин.

Олжас Ханафин ұстаз (рахимаһулла)


Ересек адамда баланың мына 5 қасиеті болғанда баяғыда әулие(Алланың досы, жақыны) болар еді:

1. Ризықты уайымдамау
2. Ауырса Раббысына шағымданбау
3. Тамақты бөлісіп жеу
4. Қорықса, көзінен жас шығуы(яғни Алладан қорықса)
5. Жанжалдасса достасуға асығу

Ұстазым Шейх Хассанның статусынан.

📌Олжас Ханафин ұстаз (рахимаһулла)

13k 4 188 697

Бүгін сабақта ақидадан беретін ұстазым Шейx Фаррон حفظه الله атақты Мысырлық муфассир Шейx Шағрауидің رحمه الله ілім жолына қалай түскені жайлы айтып берді.
Соны сіздермен бөлісуді жөн көрдім.

Ол кісінің әкесі өзі ғалым болмаса да, ғалымдарды жақсы көріп, ұлы Шағрауиге шариғат оқытып, Исламдағы ғалымдар қатарынан болғанын қатты қалаған. Бірақ ол кісі шариғат ілімін мүлдем оқығысы келмеген екен. Әкесі сонда да сен сол оқуды оқисың деп, оны оқуға түсуге жібереді.

Шейx Шағрауи айтады: "Оқуды қаламағаным сонша, әкемнің жағдайы жоқ екенін біліп, әдейі 1жылдық емес 4 жылдық кітаптар тізімін жазып, әрі бізде оқытылмайтын басқа да үлкен кітаптарды ойдан қосып, жазып шықтым. Тізімді әкеме апарып, мына кітаптар менде болмай, мен ол жерде оқи алмайды екенмін, деп айтпақшы едім дейді.

Әкеме сол тізімді көрсеткенімде, әкем ойланып, "жақсы балам, мен алып берем саған бұл кітаптарды, сен тек қана оқы" депті. Сонда кедей әкесінің бір кішкентай жері болған, сол жерді сатып, тізімдегі барлық кітапты алып берді. Содан маған "балам, міне керек кітаптардың барлығы дайын, оқы" деп айтты.

Әкемнің сол ісі жүрегіме қатты әсер етіп, мен шариғат ілімін оқуға бел будым. Және ішімнен өзіме ант еттім, мына кітаптардың барлығын оқып бітірмей, мен бұл бөлмеден шықпаймын.

Солай Шейx Шағрауи رحمه الله әкесінің барлық әперген кітабын оқып бітіріп, ілім алып, ақыры үлкен ғалымдардан атанды.

Бұл жерде әкесінің шынайы ықыласының себебімен ол ғалым атанды. Сондықтан әр істе шынайы ықыласты болсақ, ол жемісін бермей қоймайды. Алла ислам ғұламаларынан разы болсын.

Олжас Ханафин ұстаз (рахимаһулла)


Бұрынғы ізгілер: “адам сау кезінде Алладан қорқынышы басым болғанын, ал өлім сәтінде Алладан үміт етуі басымдырақ болғанын құп көретін. Ендеше жүрек көбірек қорыққаны жақсы. Егер жүректе үміт басым болса, онда ол үміт жүректі бұзады”.

Қандай үміт бұзады? Оны күнә жасауға итермелейтін үміт. “Алла кешіреді ғой” деп жасай берсе, ол жаман үміт. Ал егер де ол күнәні тастап, тәубеге итермелейтін үміт болса, онда ол құпталған үміт. Себебі мұсылман Алладан ешқашан үміт үзбей, үнемі тәубеге асығуы қажет.

Олжас Ханафин ұстаз (рахимаһулла)


Адамның ниетіне үкім беруден сақ болыңыз. Біз ешуақытта кімнің қандай ниетпен айтқанын немесе істегенін айта алмаймыз. Іштегіні бір Алла біледі. Біз көрген нәрсеге үкім береміз. Іштегі сыр Алланыкі.

Пайғамбарымыздың ﷺ бір сахабасына айтқан сөзін ұмытпайық. “Сен оның жүрегін ашып көрдің бе?”.

🖌️Олжас Ханафин ұстаз (Алла рахымына алсын)


Алланың дінін жеткізу ұлы нығмет.

Олжас Ханафин ұстаз (Алла рахымына алсын)


Жақсы амалдар тек көркем мінезден шығады.

Олжас Ханафин ұстаз (Алла рахымына алсын)


Ертең өкініп қалма!

Мен кіммін? Қайда бара жатырмын? Мақсатым не? Мына өмірге не үшін келдім? Жәй ғана ішіп-жеп, нәпсілік қалауларымды қандыру үшін бе? Жоқ әлде қарынның қамын ойлаудан басқа ұлы мүдде бар ма? Қарап отырсам, баршасы, тіпті МЕН деген патшалар өліп, жер астында құрттың жемі болып жатыр. Олардың алып әскері мен таудай мал дүниесі қалайша өлімнен сақтап қалмады? Өзіңізге осы секілді сұрақтарды қойып көрдіңіз бе?

Демек сұрақтардың жауаптарын ойланып көрсеңіз, бұл жалған өмір екенін ұғынасыз. Ендеше өмірдің мәні неде? Өмірдің мәні Жаратушыны тануда. Әлемдегі барлық нәрсені танып, сізді Жаратқан, жан берген, ақыл берген Алланы танымасаңыз оның барлығы бос.

Алла Құранда: «Біл, Одан басқа Құдай жоқ.» Біл дегені, Алланы тануға асық. Саған міндет болған әуелгі іс сол. Раббыңды танысаң ғана екі дүние бақытына жете аласың. Бәлкім, Алланы танымай бақытқа жетерсің, бірақ сен сезінген бақыт, ол шынайы емес. Шынайы бақыт ол Жаратушыны танып, оған бойұсыну.

Жақында @abu4dy видеосынан бір керемет мысал жайлы естідім. Ол жерде былай делінген. Адият сүресінде Алла Тағала Алла жолында шапқан атпен ант етіп, артынша «Шынында, адам баласы – Раббысының жақсылығын көрмейтін рақметі жоқ жаратылыс» - дейді.

Алла жолында жорықта шапқан ат пен адамның қандай байланысы бар бұл жерде? Қызып жатқан соғыстың, ешнәрсе көрінбейтін шаңның, өлімнің ішіне ат шауып кіріп кетеді. Сондағысы қожайынына бойұсынғаны. Ал бойұсынуы бар жоғы тамақ беріп, қарағаны үшін ғана. Ал сен адам баласы, Алла саған қанша нығмет берсе де қарсы келуші, шүкірсізсің!

Осы мысалға қатты таңғалдым. Шынымен-ақ, адам сондай. Бірақ білесіз бе, ондай емес екеніңізді Аллаға көрсету үшін сізде әлі уақыт бар. Сіз тірісіз. Жүрегіңіз соғып, тіліңіз сөйлеп тұр. Раббыңызды танып, оған итағат етіңіз. Және ұмытпаңыз, ажал айтып келмейді.

Олжас Ханафин ұстаз (Алла рахымына алсын)


Репост из: Bir adamnyn qolzhazbalary📝
Олжекеңнің мен байқаған ерекше бір мінезі бар болатын. Ол мінезі өзгенің қуанышына шынайы қуану болатын.

Ия Олжекең сондай жан еді. Бір бауыры осындай кітап бастадым десе, қуана тауфиқ сұрайтын, кітап сатып алса, өзі алғандай болатын. Қандай жақсы бір іс бастаса қолдаушы болып пікірін аямайтын еді. Әрі қуанышы шынайы жүзінен, айтқан сөзінен білініп тұратын. Өйткені эмоциясын ашық көрсететін еді.

“Алла тағала жүрегіңізге қуаныш сыйласын десеңіз, өзгенің қуанышына қуана біліңіз, әрі бауырыңыздың жүрегіне қуаныш ұялатыңыз”

Олжас ұстаздың рухына Фатиха оқып қойыңыздар!


✍️ Уайымдамаңыз, қайғырмаңыз.

📌Алла бәрін реттеп қояды. Алламен бірге болсаңыз түгел барлық мәселе шешіледі. Өмір уақытша, оның ішіндегі қайғы мен қуаныш та уақытша. Бәрі бітеді, бәрі аяқталады. Мәңгі тек Алла. Ендеше Мәңгі болған Алламен болыңыз. Мәңгілік ол ақырет, мәңгі өмірімізді көбірек уайымдау керек, өткіншіні емес.

Бірақ пенде болғасын сабырсыздық танытатын шақтар болады. Қазірден бастап өзіңізді қолға алып, алдыға жылжыңыз. Бар өмір әлі алда, бәрі болады, бәрі шешіледі. Шешілмесе де ақыретте сабыр қылғаныңыз үшін есепсіз сауап алып, кеңдігі жер мен аспандай болған жәннәтқа кіресіз. Ал жәннәтқа кірген адам үшін ешбір қайғы, қорқыныш жоқ.

Ол кезде мәңгілік бақыт басталып, уақытша болған қайғылар мен уайымдар түгелдей ұмытылады. Ал енді оған жету үшін бұл өмірді соған лайықты түрде өмір сүруіміз қажет. Алла сізді жақсы көреді, бұл дүниеге бола қам жемеңіз.

Олжас Ханафин ұстаз رحمه الله




Олжас Ханафин ұстаздың (Алла рахымына алсын) телеграм каналындағы жазбалар мен аудармалардың жиынтығы. PDF форматта. Тегін.


«Жүрек туралы хадистер» дәрістерімізді түсіріп жатқанбыз. Сол сәтте үлкен ғұлама-ғалым Шейх Нуриддин Итр секілді алып ғалымдардан сабақ алған Шейх Махмуд Мысри (Алла ол кісілерден разы болсын) келіп, қарама-қарсы орынға отырды.

Қысылғанымнан түсірілімді тоқтатып, сол кісілермен амандасуға жандарына бардым. Сәлемдесіп сабақ түсіріп жатқанымды айтқан едім, ол кісі бірден: “неге тоқтаттың? Қап, біз білмедік қой сенің дәріс түсіріп жатқаныңды. Білгенімізде бұл жерге отырмас едік” деп кішіпейілділік танытты.

Ол ол ма, артынша өзі тұрып бізге екі сусын әкеліп берді. Ұялғанымнан кірер тесік таппай кеттім. Үлкен ұстаздығымен біз сияқты шәкіртке осындай мәміле жасауы қарапайымдылықтың нағыз көрінісі. Жүректің тазалығы. Нәпсінің кемелділігі…

Бұл секілді көріністі Шамдық ғалымдардан көп байқадым. Шынайы ғалым кішіпейіл болады. Бұл кісілер нәпсілерін құрықтаған ғалымдар. Тек қана сөздің емес, амалдың да адамдары.

“Ілімінен бұрын әдебін ал” деген осы шығар.

Алла барша ғалымдарға разы болсын. Бізге ғалымдардың қадірін түсінуімізді нәсіп етсін. Әмин.🤲🏻

📝Олжас Ханафин ұстаз (Алла рахымына алсын)

Показано 20 последних публикаций.