Репост из: 🇰🇿PrimeMinister.kz
Видеодайджест: Бақытжан Сағынтаевтың Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары
[28.03.2018]
• Осы жылдың 28 наурызында Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына барып қайтты. Сапардың мақсаты — «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдаулары мен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасының» жүзеге асырылу барысымен танысу
• Б. Сағынтаев өңірге келісімен Сарыағаш ауданының аграрлық кәсіпорындары: «КелесПласт» ЖШС полиэтиленді жабындар шығаратын цехы мен «Жабай ата» ЖШС жылыжай шаруашылығының жұмысымен танысты
• «Сарыағаш жер сыйы» көшеттерді өсіру тәлімбағын аралағаннан кейін, Бақытжан Сағынтаев өңірдің фермерлерімен кездесу өткізді. Онда АӨК жаңғырту мәселелері талқыланды
• Б. Сағынтаев сапар кестесінен тыс, Өзбекстанмен шекарада орналасқан «Жібек жолы» халықаралық бақылау – өткізу бекетінде болды
• Сонымен қатар Премьер-Министр «Shymkent City» шағын ауданының салынып жатқан нысандарында болып, «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасының өңірде іске асырылу қарқынымен танысты
• Бақытжан Сағынтаевқа «Оңтүстік» индустриалды аймағы аумағындағы «Shymkent Temir» оңтүстік өңірдегі болат блюм шығаратын алғашқы қазақстандық кәсіпорынның қызметі туралы ақпарат берілді
• Премьер-Министр Шымкенттегі облыстық клиникалық аурухананы аралау барысында өңірдің денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Сол күні Бақытжан Сағынтаев ОҚО мемлекеттік педагогикалық университетінің «Студенттер үйіне» барды
• ЖОО-лар мен колледждердің басшылығымен және студенттерімен, Шымкенттің студенттік ұйымдарының көшбасшыларымен кездесу кезінде жоғары білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, студенттердің жатақханадағы жағдайларын жақсартудың жаңа құралдары талқыланды
• Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрі облыс активімен және бизнес орта өкілдерімен кездесу өткізді. Онда индустрияландыру, цифрландыру, технологиялық жаңғырту және Индустрия 4.0 бағыттары бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері талқыланды