Жаңалықтар 🇰🇿


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Новости и СМИ



Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


Уақыт белдеуінің әсерін зерттеуге 160 млн тг жұмсалуы мүмкін😱

Ғылым және жоғары білім министрінің айтуынша, бұл – үш жылдық бюджет.

Іс жүзінде сома аз болуы мүмкін – шамамен 90-100 млн теңге.

«Қазір зерттеуге байқау жарияланып, нақты құнын ұлттық ғылыми кеңес анықтайды», - деп түсіндірді Саясат Нұрбек.

Ведомство басшысының мәлімдеуінше, дәрігерлер сағат белдеуінің өзгерісі қазақстандықтардың денсаулығына қалай әсер еткенін зерттейді.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Талғарда қаскөйлердің қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Болаттың үйін өртеп кетті.

Оқиғадан зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. 
Куәгерлер өрт сөндіру қызметінің жедел әрекетіне қарамастан, үйдің толығымен жанып кеткенін жазуда.
Аталған оқиғаға қатысты Алматы облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.
«Бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу аясында куәгерлерден жауап алынуда, сондай-ақ бейнебақылау камераларының жазбалары зерттелуде. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайлары мен оған әкелуі мүмкін себептері анықталуда», - делінген хабарламада.


Тоқаевтың Қостанайға сапары қалай өтті?

Қасым-Жомарт Тоқаевқа шойын қорыту және қалыпқа құю, сондай-ақ бұйымды өңдеу секілді жұмыстардың толық процесі көрсетілді.
Зауыт барлық заманауи талапқа сай келеді. Автоматтандыру және энергиялық тиімділік деңгейі жоғары болғандықтан, қоршаған ортаға әсері аз. Қазір мұнда 30 робот бар. Олар анағұрлым күрделі әрі ауыр технологиялық операцияларды орындайды.
Мемлекет басшысының жұмыс сапары «KamLitKZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шойын құю зауытымен танысудан басталды. Аталған кәсіпорын өңірдің индустриялық аймағында орналасқан.
Президент жүк көліктеріне арналған қосалқы бөлшектер шығаратын өндіріс орнын аралап көрді. Серіктестіктің бас директоры Дмитрий Гуртовой зауытта жылына 45 мың тонна шойын құймасы өндірілетінін айтты. Құны 78,2 миллиард теңге болатын жобаны іске асыру нәтижесінде 500 жұмыс орны ашылды


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Астанадағы мешіттердің бірінде шапан киген ер адам өзін-өзі қанжоса етіп, пышақтап тастады.

Бейнежазбадағы оқиға бойынша, оны оншақты полиция қызметкері қоршап, пышағын тартып алуға әрекет жасауда. Полицияның біреуі қолына орындық ұстап алған.

Астана қаласы полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, азаматтың жасы 36-да. Алдын ала болжам бойынша ер адам психикалық диспансерде есепте тұрады.

«102 каналына белгісіз ер адам қолына пышақ алып, адамдарға қауіп төндіргені туралы ақпарат тарады. Оқиға орнына полиция дереу жетті. 36 жастағы күдікті ұсталып, полиция бөлімшесіне түсті. Оның пышағы тәркіленді. Тексеру кезінде анықталғандай, азамат 2006 жылдан бері психологиялық диспансерде есепте тұрады», - деп хабарлады полиция департаменті.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровты зорлады деп айыптаған Анару Құрманали тағы бір жанжалға қатысты болып шықты.

Өткен жылдың жазында бұл қыз Алматыдағы EVA мекемесінде жанжал шығарған. Анару полицейлерді шақырып, телефоным ұрланды деп көпшілік алдында наразылық тудырған, ал кейін кадрлардан телефонының өз қолында екені байқалған.

Видеода қыздың айқайлап, балағат сөздер айтып, басқа біреудің ұялы телефонын алуға ұмтылып жатқанын көруге болады.

Айта кетейік, бұған дейін Анару Құрманалидің басқа адамдарға зорлау туралы осындай мәлімдеме жасағаны белгілі болды. Ол кезде әйел Қонаев полициясына жүгінген.

Естеріңізге сала кетейік, Жанқош Тұраров - белгілі кәсіпқой боксшы. Ол бірінші жартылай орта салмақтағы IBO бокстан әлем чемпионы.

Боксшының өзі атына тағылған барлық айыптарды жоққа шығарады және жалған ақпарат таратушыларды сотқа беруге ниетті.


🥇 Нұрбек Оралбай — Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Нұрбек Оралбай финалда украиналық қарсыласын ұтылып, күміс медальді қанағат тұтты.


🇰🇿Нұрбек Оралбай финалда!!!

Ол доминикандық Кристиан Пиналесті жеңді. Енді ол Олимпиаданың алтынына таласады!


⚡️Нариман Курбанов 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері!

Спорттық гимнастикадан Қазақстан тарихындағы тұңғыш медаль! Құтты болсын, қазақ елі 🇰🇿🇰🇿🇰🇿


Назым Қызайбай жартылай финалда!

50 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшы колумбиялық Ингрит Валенсияны жеңді.


Өкінішке қарай, Бибосынов жартылай финалға шыға алмады.

3:2 есебімен өзбекстандық Дусматов жеңіске жетті.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Гусман Кыргызбаев БРОНЗА!!!🇰🇿❤️


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🥊 МҰХАММЕДСАБЫР ҚАРСЫЛАСЫН ШАҢ ҚАПТЫРДЫ

Париж Олимпиадасында бокстан ерлер арасында 63,5 кг салмақта алғашқы жекпе-жектер өтті.

Ұлттық құрама өкілі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы бірінші айналымда испан былғары қолғап шебері Ойер Ибаречченің адымын аштырмай, сенімді жеңіске жетті.

Енді отандасымыз 1/8 кезеңде Тайпей боксшысымен күш сынасады.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


🇰🇿⚡️Қазақстанға алғашқы алтын медальді Елдос Сметов алып келеді

Дзюдодан Қазақстан командасының көшбасшысы Елдос Сметов Париждегі 2024 Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды.


Біздің мақтанышымыз


⚡️🇰🇿Дәл қазір Париждегі Олимпиада ойындарының медальдық есебі осылай көрінеді.

Қазақстандық атқыштар жеңіп алған Медаль - Қазіргі ойындардағы ең бірінші Медаль.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Олжас Бектенов: Үкімет Мемлекет басшысының экономика өсімін қамтамасыз ету бойынша қойған міндетіне қол жеткізу үшін бар күш-жігерін салады




Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Сот Бишімбаевты 24 жылға қамады. Ал Байжановты 4 жылға соттады.

Показано 20 последних публикаций.