Бүгін қызым Мәриямның орамал таққанына жанашыр түрмен бір әйел кісі маған: орамал тағып алыпты ғой, өзі тақты ма ? дейді. Мен: иә, ол орамалды жақсы көреді дедім. ііі деп аяп қалды...
Мәриям толық орамал тақпайды негізі. Қаласа шашын буып шығады, қаласа жайып шығады. Бірақ сирек. Балаға орамалды кішкентайынан сіңдіре, сүйгізе білсек орамал тағу парыз болған жасқа келгенде немесе оған жетпей-ақ өзі тағатын болады.
Баланы қинамаймыз. Бала тек көргенін жасайды. Оған ата-анасы үлгі болуы керек. Егер баланың өз қалауы болу керек деп діни істерде өз еркіне қоя берсек, ол “бала миымен” қалағанын жасап, дінге керағар пікірлерге еріп кетуі әбден мүмкін.
Баланың өз еркіне ойыншық, киім, тамақ таңдау секілді мәселеде айтса болады. Оның өзі бала пайда мен зиянды аса ажырата алмайды. Сол себепті екі дұрыс таңдауды жасауға ерік беру керек. Мысалы: “кола ішесің бе әлде сәбіз согын ба?” деп емес, “сәбіз шырынын ішесің бе әлде алма шырынын ішіесің бе?” деп дұрыс таңдауға көркем түрде ерік беру керек. Сонда баламен конфликт тумайды деп ойлаймын. Бірақ қырсық балаға бұл әдіс жүрмеуі мүмкін:)