Танысу-посты.
Өзім туралы қысқаша айтып берудің уақыты келді деп ойлаймын. Қарап тұрсам, мен IT және стартаптар саласында жүргеніме 12 жылдан асып кетіпті.
2011 жылы мен өзімнің алғашқы стартапым vzyatochnik.info жасадым. Ол сізден пара талап еткен мұғалімнің үстінен арыз қалдыратын сайт болатын тұғын. Бұл жоба көпшіліктің ішінде шу шығарып, Білім министрі мен қаржы полициясы өкілдерінің назарын аударды. Жобамен BarCamp Central Asia 2011 байқауында «2011 жылдың үздік стартапы» номинациясында Гран-при жүлдесін жеңіп алдым.
Содан кейін мен Samsung Electronics Kazakhstan and Central Asia компаниясының корпоративтік маркетинг бөлімінде үш жылға жуық жұмыс істедім. Ол жерде корпоративтік веб-сайтқа, корпоративтік блогқа жауапты болып, блогерлермен және әлеуметтік желілермен жұмыс істедім. Корпоративтік сайтпен бірге Award KZ 2012 байқауында «Үздік корпоративтік веб-сайт» жүлдесін жеңіп алдық.
Сол уақытта әртүрлі платформаларда IT туралы белсенді түрде жаза бастадым: Esquire, The Steppe, WeProject, «Бизнес и власть», «Курсив» және т.б. Бизнес және стартаптар туралы жазатын vc.ru ресейлік ең ірі веб-сайттың шолушысы болдым.
ZeroToOneLabs әзірлеу студиясында және nFactorial инкубаторында Арман Сүлейменовтің @armansu командасында екі жылдан астам жұмыс істедім. Корпоративтік блог, PR және маркетингке жауапты болдым. Сонымен қатар Imbra атты тамаша жобада проджект менеджер болдым — мұнда кез келген қазақстандық жұлдыздың (әнші, актер, блогер және т.б.) бейне құттықтауына тапсырыс беруге болушы еді.
Сонымен қатар, бос уақытымда Google компаниясындағы Тілек Мамутовтың шақыруымен Google Translate қызметінде қазақ тілінің аудармасын жетілдірген 300-ден астам еріктілердің жұмысын үйлестірдім, нәтижесінде қазақ тілі ресми түрде аударма қызметіне қосылды. Мен әлі де Google Translate қауымдастығы қызметін дамытуға үлес қосқан бүкіл әлемдегі адамдардың 1%-ның қатарындамын.
2017 жылдың соңында Astana Hub идеясының авторы және негізін қалаушы Мағжан Мадиевтың @madiyev шақыруымен технопарк командасына бас редактор болып қосылдым. Үш адамнан тұратын команданы басқарып, IT стартаптар туралы жазатын Z журнал деп аталатын медиа құрдық.
Хабтан кеткеннен кейін Қазақстандағы IT және стартаптар саласындағы қазіргі ең үлкен @thetechkz телеграм арнасын және the-tech.kz сайтының негізін қаладым. 2020 жылы ол Qaznet Telegram Awards нұсқасы бойынша «Үздік тақырыптық Telegram арнасы» сыйлығын алды. Мен жобаны шарықтау шегінде, 100% бөлігін жақсы досым және керемет медиа менеджер Исмаил Хасановқа @has_ismail сатып, жобадан шықтым.
2019-2020 жылдары Саясат Нұрбек @sayasatnurbek жетекшілік ететін ұжымда, BTS Education edtech жобасында жұмыс істедім. Ол жерде PR және маркетингке жауапты болдым.
2020 жылдың қазан айынан бастап Astana Hub командасына PR директор ретінде оралдым. Командамызбен бірігіп, аз уақыттың ішінде «Черное зеркало» стиліндегі сенсациялық қысқаметражды фильмдер түсіріп, 1 сәуірде қатты әзілдесіп, бірнеше ірі пиар-науқандар жүргіздік.
Қазір не істеп жатырмын? Мен квазимемлекеттік жобаның PR бөлімінде жұмыс істеймін. Сонымен қатар әлеуметтік желілерімде IT және стартаптар туралы айтамын. Мен стартап негізін қалаушылар үшін 73 беттік стартап нұсқаулығын жасап және стартаптың негізін қалаушыларға кеңес беріп келемін.
P.S. Мені бұрыннан білетін адамдарға сұрағым бар: сіз мені қай жобамен көбірек байланыстырасыз және сіздің ойыңызша қайсысы ең сәтті болды деп ойлайсыз? Пікірлерде бөлісіп немесе жекеге шығып жазыңыз :)
https://ShakenLive.t.me