Ulan Post


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Блоги



Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Блоги
Статистика
Фильтр публикаций


87476125971


Репост из: Ержан Бақытжанов
Екі ғайбатшының бірі – оны тыңдаушы.


Репост из: Ержан Бақытжанов
Зәм-зәм суының артықшылықтары турасында ғасыр имамы шейх Кашмири былай деген:

«Оны ішкен кезде дұға етсе қабыл болады. Бұған имам Ибн Һумам, Ибн Хажар, Суюти секілді ғалымдар көзі жеткен. Адамдар алдына қойған мақсатына жету үшін де зәм-зәмді ішіп, кейін соның орындалғаны ғалымдардың мысалында өте көп келеді. Ибн Хажар жаттау қабілеті имам Захаби секілді болсын деп ішкен, кейін жиырма жылдан соң одан да жоғары дәреже болсын деп ішкен екен».

Ғалымдардың өмірін оқып отырып назар аударатын жәйт олардың ғылымда озат болып, үмметке пайдалы кітаптар жазу үшін барын салғандығы, жоғары дәрежеге жету үшін барлық себептерді жасаулары.


Репост из: Ержан Бақытжанов
Соқыр – көретіндей, саңырау – еститіндей етіп жаз.

Ғабит Мүсірепов


Репост из: Абылай Кенжалы
Әлеуметтік желі шынайылық мекені емес. Олай болғанда емес.

“Елім, халқым, мұсылман бауырлар” деп сан соғып, пост жазып, өзінің қолдауын білдіріп жүрген адам шын мәнінде “Мені батыр деп айтсын, мынау неге үндемей қалды деп айтпасын” дегей оймен ғана шырылдап жүрген болуы әбден мүмкін.

Дәл сол секілді әрбір хайпқа толы жаңалыққа ешқандай реакция білдірмей, үнсіз көрінген адам, шынайы жанашыр болып, ешкімге білдірмей-ақ көптеген пайдалы істер жасап жүруі де әбден мүмкін.

Сол себепті біреудің жанашырлығы, патриоттығы немесе мұсылмандығына әлеуметтік желімен ғана баға бермеңіз.


Репост из: студентка
Абдулла ибн Аббас (Алла ол кісіге разы болсын): «Салиқалы амал - жүрекке нұр, жүзге көрік, денеге қуат, ризықтың кеңеюі мен жаратылыстың (сені) жақсы көруіне алып келеді. Күнәлі амал - жүрекке қараңғылық, жүзге суықтық, денеге әлсіздік, ризықтың тарылуы мен жаратылыстың (сені) жеккөруіне соқтырады», - деген екен.


Репост из: Дастан Құрманбаев
“Ендеше, бір істі бітірген соң, бірден басқа іске кіріс”. (“Шарх” сүресі, 7-аят)

Бұл аят бір шаруаны бітіріп алып бүкіл шаруаны бітіріп қойғандай құр босқа жүрмеу керек екенін білдіреді. Сонымен қатар☝🏻барлық шаруаны бірінің үстіне бірін былықтырмай біртіндеп істеу керек екенін де байқатады.


Репост из: Дастан Құрманбаев
Шыбықтың бір шетінен ұстасаң майысады. Ортасынан ұстасаң түзу болады.

Уахб ибн Мунаббих (Алла рахымына алсын)

Іске немқұрайды қарасаң бітпейді, сол сияқты шектен тыс қаттылық қылсаң да құртасың. Байыппен істе! (Дегені ғой)


Репост из: Дастан Құрманбаев
Біліп алыңдар! Дәмелену — кедейлік. Дәмеленбеу — байлық.

Омар ибн әл-Хаттаб (Алла разы болсын)

Бұл жердегі дәмелену деген — біреу бір нәрсе береді деп күту, үміттену.


Репост из: Дастан Құрманбаев
Қызық! Біреулер сауап алатын іс істейді де, одан ақша күтеді. Ал ақша табатын іс істейді де, одан сауап күтеді.

Біреу айтады “Неше жылдан бері салауат айтып жүрмін. Бірақ байып кеткен жоқпын. Керісінше, салауаттың не екенін де білмейтін кәпірлер байып жатыр” дейді. Мен айтам “Өйткені олар баю үшін ақша табу керек, ақша табу үшін жұмыс істеу керек екенін біледі” деймін.

Дүние деген — арзан нәрсе! Оны Құдай ғибадаттың сыйы етіп бермейді, ащы тердің ақысы қылып береді. Ал ғибадаттың сыйы ол — Өзінің ризалығы, жәннаты!

Соңғы уақыттары “Алла Тағаланың ең көркем есімдері”, “салауат”, “таңғы, кешкі зікірлер” ақша шақыратын дуалар сияқты болып кетті... соның салдары шығар


Репост из: TAǴYLYM TAMSHYLARY
Егер 14 күнге сапарға шыққан адам келген уақытынан бастап, толықтай 15 күн немесе одан көп уақыт тұрақтауға ниет етсе - намазын толық оқиды. Көп адамдардың осы мәселеге келгенде қателікке бой беріп жатқанын байқаймыз. Төменде түсіндіріп жазамын.

Мысалы, сіз вахталық жұмыспен бір жерге 14 күнге жұмысқа бардыңыз. Арадан 5 күн өткен соң, вахтада 15 күн болуға ниет еттіңіз немесе 14-ші күні тағы бір күн қалатын болып шешсеңіз - осы сәттен бастап сіз намаздарыңызды толық оқисыз. Толық оқу үшін вахтада болған 5 яки 14 күніңізді есептемей, басынан 15 күнге ниет ету шарт етілмейді. Тұрақтауға ниет ету жүрекпен болады. Тілмен айту шарт емес. Тіпті егер сіз 14 ші күні намазда тұрып, тағы бір күн қалуға ниет етсеңіз, оқып тұрған намазыңызды 4 ракағат етіп толық оқисыз. (Бахр раайқ 2/141-142)

Ескерту! Сапардағы адам екінші ракағатта әттахият оқып, намазын аяқтамай үшінші ракағаттың рукуғын жасап болған соң, 15 күн қалуға ниет етсе - намазын толық етіп оқиды. Сондай-ақ, үшіні ракағаттың қиямын және рукуғін қайта жасауы тиіс. Себебі ниет етуден алдыңғы қиям мен рукуғ - нәпіл болып есептеледі. Ал нәпіл - парыздың орнын баса алмайды.


Репост из: TAǴYLYM TAMSHYLARY
Қате ойды дұрыстайық

Ғалымдардың есебі бойынша, мұсылман адам шамамен 85-90 шақырымнан астам жерге жолаушылап шықса, сапардағы адам болып саналады. Егер барған жерінде 15 немесе одан да көп уақыт тұрақтауды ниет етсе, қалаға яки ауылға кірген сәттен бастап намаздарын толық оқиды.

Осы тұста “әлгі тұрақтауға ниет қылған 15 күн қай кезден басталады, үйден шыққан күннен бе, әлде ниет еткен жеріне жеткеннен бастап 360 сағат, сәйкесінше
15 күн тұрақтауды ниет еткеннен бе”, - деген сұрақ туындайды. Бұл сұрақтың дұрыс жауабы уақытша тұрақтауға ниет еткен жеріне жетудегі күн есепке алынбайды. Яғни мақсат еткен жеріне жеткен сәттен бастап, 15 күнге ниет етуі қажет. (Фатхул қадир 3/34, Әл-бахр 2/132) Мысалы, вахтаға 14 күнге жұмысқа барған адамның жолына кеткен 1-2 күні қосып есептелмейді. “Жолға кеткен күндерді вахтадағы 14 күніне қосып, намазы толық оқылады”, деп айтпаймыз. Керісінше бұл адам намазын қысқаратып оқиды. Себебі бір мекенде тұрақтау сол жерге кіріп, 15 күнді ниет етумен болады, сапарға шығумен емес.


Репост из: Ержан Бақытжанов
Өлімді екі адам ғана жақсы көрмейді.
Біріншісі: ақыретке иман келтірмей осы дүниемен өмірі шектеледі деп есептегендер.
Екіншісі: ақыретке сенетін, алайда күнәлары үшін қорқатындар.


Репост из: Ержан Бақытжанов
Парасат деген мектеп бар. Ол жақта берілетін білімнің алғашқы сабағы ренжітпеу. Соңғы сабағы ренжімеу.


Репост из: Ержан Бақытжанов
Бүгін амал ететін күн, есеп беру жоқ. Ал ертең есеп беру бар, бірақ амал істеуге мүмкіндік жоқ болады.

Хазірет Али (оған Алла разы болсын)
Сахих Бухари. Риқақ.


Репост из: Дастан Құрманбаев
Жақсы ойлау — иманның бір тармағы болса, аңду (айыбын іздеу) — екіжүзділіктің бір тармағы.

Әбу Хатим Ибн Хиббан (Алла рахымына алсын)


Репост из: Ержан Бақытжанов
Алламен ант етемін! Алла үшін бір нәрседен бас тартқан адам ол затты көксеп іздемейтін болады.

Шурейх (рахимаһулла)


Репост из: Ержан Бақытжанов
Құран кітап әкелінген кезде орнынан тұру – мустахаб амал. Өйткені ғалымдар мен игі адамдар келгенде орыннан тұру – мұстахаб. Ал, Құран үшін ол құрмет лайығырақ.

Имам Нәуәуи (рахимаһулла)
Тибиян. 211


Репост из: Ержан Бақытжанов
Фитна бүліктің ең негізгі себебі адамдардың өз ойларын шариғаттан артық қоюында жатыр.

Иғасатул Ләһфән. 2/165.


Репост из: Ержан Бақытжанов
Нағыз ер деген денесінің емес, жүрегінің өлуінен қорқады.

Ибн Қайим (рахимаһулла)

Показано 20 последних публикаций.

1

подписчиков
Статистика канала