Ағылшын тілі | Alemtor Bilim


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Лингвистика


Ағылшын тілін үйренуге арналған #1 топ! 🏅
Admin: @alemtor_komek

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Лингвистика
Статистика
Фильтр публикаций






Listening жақсартуға арналған кеңестер ⬆️




B1 деңгейіне арналған мәтіндер,
толық нұсқасы астында ⬇️


https://t.me/agylshyntili_kz
Мына арнада А1 деңгейінің барлық тақырыптарын мәтін арқылы жеңіл түрде түсіндірмекшіміз, жоғалтып алмас үшін тіркеліп қойыңыз.

Алғашқы тақырып бойынша түсіндірме бүгін шығатын болады 😉


1️⃣ Сөздік қорды дамыту. Күн сайын жаңа ағылшын сөздерін үйреніп, оларды сөйлемдерде қолдануға тырысыңыз. Әр жаңа сөзді сөйлеу барысында пайдаланып көріңіз.
2️⃣ Күнделікті сөйлеу практикасы. Ағылшын тілінде сөйлейтін адамды тауып немесе арнайы тіл алмасу бағдарламаларын қолданып, әр күн сайын ағылшынша сөйлесіңіз.
3️⃣ Тыңдау және қайталау. Ағылшын тіліндегі подкасттарды, жаңалықтарды немесе фильмдерді тыңдаңыз және жаңа сөз тіркестерін қайталаңыз. Бұл сөйлеу акцентін және дыбыстарды дұрыс жеткізуге көмектеседі.
4️⃣ Айна алдында сөйлеу. Айна алдында сөйлеп, бет-әлпетіңіздің қозғалысын бақылаңыз. Бұл өзіңізге сенімді болуға көмектеседі.
5️⃣ Тақырып бойынша әңгіме құру. Кез келген тақырыпты таңдап, сол туралы өзіңізше әңгіме құрыңыз. Бұл ойды ағылшынша жеткізуді жақсартады.
6️⃣ Жаңа технологиялар қолдану. Duolingo, HelloTalk, Italki сияқты тіл үйрену қосымшалары арқылы шет тілінде сөйлесетін адамдармен танысып, сөйлесу дағдыларын жаттықтыруға болады.
7️⃣ Тыңдап, жазып алу. Өз ойыңызды жазып, кейін оны тыңдаңыз. Қате кеткен тұстарыңызды анықтап, келесіде дұрыстап айтуға тырысыңыз.
8️⃣ Диалог құру. Тіл үйренушілермен немесе тіл оқытушы мамандармен диалогқа түсіп, әртүрлі тақырыптарда әңгімелесіңіз. Жаңа тіркестер мен сөйлем құрылымдарын үйренуге бұл жақсы көмектеседі.
9️⃣ Сұрақтарға жауап беру. Ағылшын тілінде сұрақтарға жауап беруге машықтаныңыз. Бұл әртүрлі жағдайларда дұрыс жауап беруді үйренуге мүмкіндік береді.
1️⃣0️⃣ Сабырлы болып, тәжірибені жалғастыру. Қателерді қорқыныш көрмей, әр қате сайын жаңа нәрсе үйрену ретінде қабылдаңыз. Ең бастысы – жүйелі түрде жаттығу жасау.

❕Есіңізде болсын, сөйлеу дағдылары тәжірибе арқылы жетіледі, сондықтан жиі практика жасау маңызды!


Speaking дағдысын дамыту үшін келесі кеңестерді қолдануға болады:


Easier English Basic Synonyms.pdf
2.4Мб
SPEAKING/WRITING skills дамытуға көмектесетін кітап!
Бұл жерде antonym/synonym сөздер ✅


​​Сәлем достар! Бүгін слушание яғни есту/түсіну (listening) жайлы талқылаймыз! Мен қалай жақсартып жатырмын?

1. Подкасттар тыңдаймын. Телефонда Google Podcasts-та неше түрлі подкасстар тыңдай беремін. Ноутбукта Apple Podcasts-тан тыңдаймын. BigAppleSchool сайтынан (төмендегі видео) және BBC программаларын тыңдағанды ұнатамын.

2. Видео көремін. Мен қазір ютубта локейшнды Америкаға ауыстырып тастағанмын, гугл аккаунтта ағылшынша болғандықтан, тіпті іздегенде де ағылшынша болғандықтан маған тек қана ағылшынша контент ұсынады, мен оны тұтынамын.

3. Жұмыстағы консьюмерлермен және коллегаларыма. Университеттегі шетелдік студенттерге/мұғалімдерге сұрақ қойып оларды тыңдағанды ұнатамын.

4. Өлеңдер тыңдау. Мен өте аз қазақша өлеңдер тыңдаймын (тек Молданазар, Ayree, Kyle Ruh, Qonyratbay fam). Ағылшынша маған Chill, Alternative, Folk жанрлары ұнайды және сөздері анық естілетін өлеңдер ұнайды. Өлеңдерді аударуға кеңес бермеймін 😭 өте мағынасыз, тек қана кейбір слеңгтер және фразалық етістіктерді жаттап алса болады.

Сонымен осылай 😂 Егер түсінбей жатсам "Im so sorry, could you repeat please", "just spell this word please" деп сұраймын және сіздерге де солай кеңес беремін!


Good night guys!

Сіздердің жауаптарыңызды оқыдық енді келісім жасасақ қалай қарайсыздар?

Жазған әр адамның сұрауы бойынша болашақта мәлімет шығарамыз, ал сіздер (сұрауы орындалған адам) https://t.me/noldenbastap мына тегін сабақтар бар арнаға өзіңіздің 10 досыңызды шақырасыз,
қалай? келісесіздер ме?


Good morning guys!
Біздің арнадан қандай тақырыпта мәліметтер көргілеріңіз келеді астына түсінікті, толық жазып кетсеңіздер ойларыңызды алдағы уақытта қарастыратын боламыз 😇


Репост из: alemtor content
Movies and Cartoons list 🎥 🍿 🎦

1. The adventures of Paddington (2014)
2. The Boss Baby: Family Business (2021)
3. House M.D - Доктор Хаус Season 01
Episode 01 (with subtitles)

4. Ferdinand (2017)
5. All I want for Christmas (1991)
6. Bridge to Terabitha
7. Alice in Wonderland (2010)
8. The pursuit of Happyness (2006)
9. The Terminal (2004)
10. Surviving Christmas
11. The Peter Rabbit
12. Flora & Ulysses (2021)
13. MouseHunt (1997)
14. Harry Potter and the Order of the Phoenix (2007)
15. Frozen (2013)
16. Cars 3
17. Hotel Transylvania
18. Gulliver Returns (2021)
19. Minions (2021)
20. My best friend’s wedding (1997)
21. Ralph Breaks the internet (2018)
22. Monsters, INC. (2001)
23. Tad the Lost Explorer and the Emerald Tablet (2022)
24 The wolf of Wall Street (2013)
25. The Nut Job (2014)
26. The Princess Diaries
27. Home alone
28. Harry Potter and the Philosopher's Stone
29. Harry Potter and the Chamber of Secrets
30. Harry Potter and the Prisoner of Azkaban
31. Harry Potter and the Goblet of Fire
32. Harry Potter and the Half-Blood Prince
33. Harry Potter and the Deathly Hallows Part 1
34. Harry Potter and the Deathly Hallows Part 2



3k 0 16 3 15

мына пікір ше? 🤔


Жаңа рубрика, пікірлерді өзіміз аударып, жаттығайық 😉
Суреттегі пікірді аудара алған болсаң астына жазып кет ⬇️ бірге талдайық ✅


Good evening guys 👋🏻
How are things going ?




Verbs with "on"

1 Depend on

◦ Example: They depend on their parents for financial support.
◦ Мысал: Олар қаржылық қолдау үшін ата-аналарына тәуелді.

2 Rely on
◦ Example: You can always rely on me for help.
◦ Мысал: Сен әрдайым менің көмегіме сене аласың.

3 Focus on
◦ Example: She needs to focus on her studies.
◦ Мысал: Ол оқуына көңіл бөлуі керек.

4 Work on
◦ Example: He is working on a new project.
◦ Мысал: Ол жаңа жобаға жұмыс жасап жатыр.

5 Spend on
◦ Example: I spent too much money on clothes.
◦ Мысал: Мен киімге тым көп ақша жұмсадым.

6 Agree on
◦ Example: We need to agree on a solution.
◦ Мысал: Біз бір шешімге келуіміз керек.

7 Concentrate on
◦ Example: He couldn't concentrate on his work because of the noise.
◦ Мысал: Шудың кесірінен ол өз жұмысына көңіл аудара алмады.

8 Insist on
◦ Example: She insisted on paying for the meal.
◦ Мысал: Ол тамақ үшін төлеуді қатты талап етті.

9 Rely on
◦ Example: Can I rely on you to finish this by tomorrow?
◦ Мысал: Мен бұл істі ертеңге дейін аяқтауға сене аламын ба?

10 Live on
◦ Example: They live on a small salary.
◦ Мысал: Олар шағын жалақыға өмір сүреді.


Guys 👋🏻
Белсенді емессіздер ғой… әлде ақпараттар қызықсыз болып жатыр ма? 🤔⬇️

Показано 20 последних публикаций.