«Эйр Астана» әуе компаниясы


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Путешествия


«Эйр Астана» әуе компаниясының Telegram-дағы ресми парақшасына қош келдіңіздер! ✈️

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Путешествия
Статистика
Фильтр публикаций


Құрметті жолаушылар,
Енді біздің ресми Telegram-арнамызды https://t.me/AirAstanaofficial сілтемесіне өтіп оқи аласыз. Жаңалықтарымызды ағылшын, қазақ, орыс тілінде оқу үшін, сондай-ақ арнайы ұсыныстарды және билеттер сатылымын жіберіп алмау үшін арнамызға жазылыңыздар.


Жарты жыл ішінде Air Astana мен FlyArystan 2,97 млн жолаушы тасымалдады.

Сеніміңіз үшін алғыс айтамыз!


Нұр-Сұлтанға тек жұмыс бабымен ғана емес, демалысты жақсы өткізу үшін де саяхаттауға болады. Жолаушыларымызға түрлі талғамға арналған Қазақстанның елордасындағы қонақ үйлер топтамасына назар салыңыз.
Лайк басып, сақтап алуды ұмытпаңыз!
https://youtu.be/jmNiVF0eVjo


Шетелге сапар шектіңіз бе әлде Қазақстанға ораласыз ба? Ұшар алдында елге кіру талаптарымен танысуды ұмытпаңыз. Сізге ыңғайлы болу үшін барлық өзекті ақпаратты әуекомпания сайтында жинақтап қойдық: https://airastana.com/kaz/kk-kz/Ақпарат/Air-Astana-Secure
Саяхаттарыңыз тек жағымды естеліктер қалдырсын!


Air Astana Skytrax-тың COVID-19 рейтингісінде 5 жұлдызға ие болды

Пандемияның алғашқы күнінен Air Astana жолаушылардың денсаулығын қорғау мақсатында барлық шараларды сақтап келеді. Енді біз Skytrax-тың коронавирустың таралуын тоқтату сертификациясынан өттік.

Әуекомпания қызметкерлері мен жолаушыларға әуе мен жерде қауіпсіздік шараларын сақтағаны үшін алғыс айтады.


Tengri борттағы журналының кезекті санында Черногорияны неліктен Адриатика жауһары деп атайтынын, жазда Батумиде немен айналысып, биыл қазанда Дубайдың қалай болашақпен байланыс боларын біле аласыз.
Tengri журналымен жаңа саяхат пен әсерге шабыттану тек ұшақ бортында емес, үйде де мүмкін. Журналдың электронды нұсқасын tengri.airastana.com сілтемесі арқылы жүктей аласыз.
Ал сіз келесі саяхатыңызды жоспарладыңыз ба?


Ресейге баруды жоспарлап жүрсіз бе? 10 шілдеден бастап Қазақстан, Армения, Беларусь пен Қырғызстан азаматтары “COVID-19-сыз саяхаттаймын” қосымшасын жүктеп алуы керек. Одан кейін ұсынылған зертханаларда ПТР сынамасын тапсыру қажет. Ресей шекарасына өтерде жолаушылар сынама нәтижесін қосымшадан көрсетеді. Толық ақпарат: https://bit.ly/36l3zcO


Air Astana бірден бірнеше бағыт бойынша рейс санын арттырады.
✈Тбилиси - 12 шілдеден бастап аптасына 4 рейске дейін;
✈Франкфурт - 12 шілдеден бастап аптасына 4 рейске дейін;
✈Батуми - 13 шілдеден бастап аптасына 5 рейске дейін;
✈Сеул - 14 шілдеден бастап аптасына 2 рейске дейін.
airastana.com-да билет брондап, жиі саяхаттаңыз!


Подгорицада не істеуге болады деп сұрасаңыз, қуана-қуана айтып береміз. Тіпті көрсетеміз. Біздің жаңа «Подгорицадағы бір күн» бейнеролигімізді тамашалаңыз.
Дәл қазір Черногория астанасында болсаңыз не істер едіңіз?
https://youtu.be/bZiUUaiF67E




Жаздың үштен бірі артта қалды. Ал сіз демалысқа барып үлгердіңіз бе? airastana.com-да ең үздік бағыттарға билет брондап үлгеріңіз.


Саяхатқа жиналдыңыз ба? Ұшар алдында келесі қадамдарды орындауыңызды сұраймыз:
1. Бара жатқан елдің талаптарымен алдын ала танысып, қажет қосымшаларды жүктеп, анкеталарды толтырыңыз.
2. Ashyq қосымшасын жүктеп немесе Kaspi QR қолданыңыз.
3. Әуежайға халықаралық бағыт бойынша рейстен 3 сағат бұрын келіңіз.
4. Ел ішінде саяхаттасаңыз онлайн тіркеуден өтіп немесе әуежайдағы өзі бетімен тіркелу нүктелерінде тіркеуден өтіңіз.
5. Тексерістен өткеннен кейін рейске отырғызуға өтіңіз. Оның нөмірі таблода көрсетіледі.
6. Ұшаққа отырарда, рейс күткенде ара қашықтықты сақтаңыз.
Сіздерге сәт сапар тілейміз.


Nomad Club бағдарламасы - тұрақты тұтынышуларымызға алғыс білдіру жолы. Әлішер Елікбаев бағдарламаға қатысу деңгейлері мен ұсынатын мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Air Astana-мен ұшып, Nomad Club ұпайларын жинаңыз!
https://youtu.be/tKUGB0pC9xQ


Air Astana Нұр-Сұлтан, Алматы және Атырау қалаларында жолаушыларға қызмет көрсету бойынша агенттерге іріктеу жариялайды.
Аталған қызметке тұруға өтініш білдіріп, үміткерлерге қойылатын талаптар, жұмыс шартымен job.airastana.com сайтында таныса аласыз.

Тамаша әлеуметтік пакет ұсынатын халықаралық әуекомпанияның бөлшегі болыңыз!
Іріктеуде сәттілік тілейміз!


Air Astana Подгорицаға күн сайын қатынай бастады. Рейстің ашылу салтанатында әуекомпанияның ұшағын су доғасымен қарсы алды. Бұл туралы видеомызды тамашалаңыз.
https://youtu.be/qapzduJ-Brk


Air Astana Подгорицаға бара жатқан жолаушыларға COVID-19 бойынша теріс нәтиже көрсеткен ПТР-тест немесе IgG антиденесі анықталғанын растайтын анықтама не вакцинация төлқұжаты қажет екенін еске салады.
Қазақстанға қайта оралу үшін теріс нәтижелі ПТР-тест анықтамасы берілген күннен ҚР аумағына өткенге дейін 3 күннен аспауы керек.
Аталған құжаттары жоқ жолаушылар борттағы басқа жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі үшін рейске жіберілмейді.
https://airastana.com/kaz/kk-kz/%D0%96%D0%BE%D1%81%D0%BF%D0%B0%D1%80%D0%BB%D0%B0%D1%83/%D0%90%D1%80%D0%BD%D0%B0%D0%B9%D1%8B-%D2%B1%D1%81%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%80/%D0%9F%D0%BE%D0%B4%D0%B3%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%86%D0%B0%D2%93%D0%B0-%D2%B1%D1%88%D0%B0%D1%82%D1%8B%D0%BD-%D1%80%D0%B5%D0%B9%D1%81%D1%82%D0%B5%D1%80


Киевке жиірек! 1 шілдеден бастап Air Astana Украина астанасына қатынайтын рейстердің жиілігін арттырады. Енді Нұр-Сұлтаннан біз дүйсенбі мен бейсенбі сайын, ал Алматыдан әр сәрсенбі, сенбі және жексенбі қатынаймыз.

Толық ақпарат: https://airastana.com/kaz/kk-kz/Josparlau/Arnaiy-Usynystar/Kiev-Welcomes-You#head

Билеттер сатылымға шықты!


Airbus Neo LR - әсерлердің жаңа дәуірі. Мейлінше дыбыссыз қозғалтқыш, отбасымен саяхатқа арналған жайлы үш орындық, бас қоюға арналған ыңғайлы орын. Ұшақта демалып, борттағы ең ерекше сәттерді жақындарыңызбен бөлісіңіз.
Airbus Neo LR ұшағы Анталья, Батуми, Подгорицаға қатынайды.


Сатып алыңыз! Ұтыңыз! Ұшыңыз!

Nomad Club-тың 50 000 ұпайлық екi сертификатының бірін ұтып алыңыз да оны Air Astana ұшатын кез келген бағыт билетіне жұмсаңыз.
Науқанға қатысу үшін:
- 11 тамызға дейін Altyn Bank-тың Nomad Club картасымен 5 000 теңге көлемінде төлем жасаңыз;
- Түбіртекті @AltynBankNomadBot Telegram-ботына немесе nomad.altyn-i.kz сайтына жүктеңіз.
Түбіртекті көбірек жүктеген сайын жеңімпаз атануға мүмкіндігіңіз артады!
Біз сыйлықтарды 16 шілде және 16 тамызға дейін екi рет ойнатамыз. Жеңімпаздар кездейсоқ сандар генераторы арқылы таңдалып, nomad.altyn-i.kz сайтында жарияланады.


Біз бақыт іздеп әлемді шарлауға бармыз. Ал ол біздің жан-дүниемізде, жақындарымыздың жүрегінде. Ең жақсы сәттерді жақындарыңызбен бөлісіңіз!
Airbus Neo Long Range. Жаңалықтың жаңа дәуірі – осы.
https://youtu.be/InPeZU4JvvU

Показано 20 последних публикаций.

444

подписчиков
Статистика канала