AQ$HANEWS


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Новости и СМИ


Қаржы жайлы, қысқа да нұсқа. Басқа да тақырыптар табу емес. Жазамыз. Оқыңыз.

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


Мемлекет климаттың өзгеруіне байланысты мәселелерді экологтармен бірлесіп шешеді – сарапшы

Мемлекеттік органдар қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологтармен тығыз өзара іс-қимыл жасауы қажет. Премьер-министрдің қатысуымен өткен «Жасыл экономика» кеңесінің отырысында «Жасыл академия» ғылыми-білім беру орталығының директоры Бақыт Есекина осындай пікір білдірді.

«Қоғам мен билік арасындағы диалогтың бұл түрі өте тиімді. Мен ластаушы ғана емес, сонымен қатар парникті газдар қалдықтарын есепке алу және бақылау туралы да мәлімет бердім. Сіздер білесіздер, қазақстандық делегация COP29 алаңдарында өзінің алғашқы павильонын сәтті өткізіп, ұйымдастырды. Біз COP29 шешімдері аймақ пен бизнеске көміртегі бейтараптығы стратегиясына, сондай-ақ көміртегі саудасына қатысуға мүмкіндік береді деп санаймыз. Бакуде COP29-да қабылданған 6.4-бап біздің бизнесімізге қалдықтар саудасына қатысуға мүмкіндік беретінін сіздер жақсы білесіздер. Әрине, бұл үшін қалдықтарды түгендеуді және сертификаттауды бақылауды жетілдіру қажет. Осы мәселелердің барлығы бүгінде Қазақстан сарапшыларының назарында. Біз шешім қабылдаушыларға оқытуға қатысу туралы, Мемлекет басшысы жетекшілік ететін климаттық саясат жөнінде біліктілікті арттыру маңызды деген ұсыныс жасадық», — деп атап өтті «Жасыл академия» ғылыми-білім беру орталығының директоры Бақыт Есекина.



Қазақстандағы ірі жеке бизнес кредит алуға жергілікті банктерге жүгіне бермейді. Басқа қаржы көздері жетіп артылады. Үстірт талдаудың өзі басты шикізат өндіретін компаниялардың отандық ЕДБ ұсынатын қаржыланжырудан жақсырағын таңдайтынын көрсетіп беріп отыр.

Мәселен, Еуразиялық топтың (ERG) мекемелері Украинада соғыс басталғалы бері санкция құрсауында қалған Сбер және ВТБ секілді ірі ресейлік мемлекеттік банктермен жұмыс істегенді ұнатады. ERG ақпаратынша, бұл топ «Ресейдің Сбербанкі мен ВТБ банкпен кредиттік келісімдерді қайта құрылымдауды табысты аяқтап, қолданыстағы заңдар мен ережелерге сәйкес төлем міндеттемелерін орындауды жоспарлар отыр».

Айталық, Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі алдымен 2022 жылы Сбермен негізгі қарызды төлеуді екі жылға шегеру туралы келісім жасады. Сосын, 2023 жылы негізгі қарызды өтеуді 2024–2027 жылдардан 2028–2030 жылдар аралығына шегерді. Қайта құрылымдаудан 1,9 млрд теңге пайда табатынын көрсетті.

Ресейдің басты банктері доллармен жұмыс істеуді тоқтатқан соң, қазақстандық жеке компаниялар балама шешімдерді қарастыруға мәжбүр. «Казхром» компаниясының есебінде 2024 жылдың ақпан айында кейбір транштердің валютасы өзгергені айтылды. ВТБ банкімен кредиттік желі шеңберінде 669 млн АҚШ доллары (306 млрд теңге) қытай юанімен төленетін болды.


Бүгінгі «Кезекші бөлім» бағдарламада:
- Текелідегі тонау. Қаскүнем балалардың қолдарынан 6 млн теңгелік әшекейлерді алып кетті - 8 қап заңсыз ауланған балық. Қостанай облысында браконьерлерге қылмыстық іс қозғалды
- 25 шақырым өмір үшін күрес. Жүк көлігінің жүргізушісіне құтқарушылар мен жедел жәрдем қалай жетті?

https://youtu.be/m_5u4aNx92Y


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақтау қаласы маңындағы ұшақ апатына байланысты кеңес өтті

Президент Маңғыстау облысында болған ұшақ апатынан Қазақстан азаматтары да қаза тапқанына тоқталып, марқұмдардың отбасы мен жақындарына тағы да көңіл айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев жедел көмек көрсету құрылымдары апат кезінде шұғыл әрі үйлесімді әрекет еткеніне назар аударды.

– Апаттың салдары бұдан да ауыр болуы мүмкін еді. Біз бұған жол берген жоқпыз. Адам өмірін сақтап қалдық. Құтқару жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілді. Қажетті ақпараттың барлығы жұртшылыққа уақытылы беріліп тұрды. Яғни оқиға бойынша толыққанды мәлімет бәріне бірдей ұсынылды. Азаматтарымыз алғашқы минуттан бастап зардап шеккендерге көмек қолын созды. Халқымыз жанашырлық, ұйымшылдық және шынайы тілеулестік қасиетін көрсетті. Жұрт кезекке тұрып, қан тапсырды. Әзербайжан елшілігі ғимаратына гүл шоқтарын қойды. Бұл туралы еліміздің және шетелдің бұқаралық ақпарат құралдары жан-жақты мәлімет таратты. Құтқарушылардың, дәрігерлердің және волонтерлердің адал қызметіне күллі әлем куә болды. Әсіресе, көршілес әрі серіктес елдер – Әзербайжан, Ресей, Қырғызстан азаматтары айрықша алғыс білдіріп жатыр, – деді Мемлекет басшысы.


Президент Үкіметке апат салдарын жоюға атсалысқан адамдардың ерлігі мен еңбегін лайықты атап өту, ерекше көзге түскен азаматтарды мемлекеттік наградаға ұсыну жөнінде тапсырма берді.


Кредиттік демалыс кімдерге беріледі?

Жоспардың орындалмай қалатын кезі болады. Барлығы біз ойлағандай бола бермейді. Мәселен, ай сайын кредит төлеп жүрген адам кенет жұмысынан босап қалады немесе сырқаттанып қалуы әбден мүмкін. Ондай кезде кредиттік демалыс алуға болады. Оны қалай рәсімдейді?

https://youtu.be/sb6w4euaalw


Google, Netflix және Apple компаниялары Қазақстанға бес есе көп салық төледі

Ірі шетелдік компаниялардан биыл бюджетке 70 млрд теңге қаражат түсті. Бұл Үкіметтің жоспарынан да асып түсті.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2022 жылы шетелдік интернет-компанияларға қосылған құн салығы енгізілді. Ол басқаша «Google салығы» деп аталады. “Соның арқасында салықтық тәртіпті нығайтуға мүмкіндік ашылып отыр” дейді комитет өкілдері.

Бүгінде елімізде 98 шетелдік ұйым тіркелген, олардың арасында Alibaba, Aliexpress, Apple, Google, Huawei, Netflix, Pinduoduo, Temu және басқа ірі компаниялар бар.


Ұшақ апаты бойынша Ресей мен Әзербайжан мамандары криминалистикалық тергеуге қатыспайды – Бозымбаев

Қара жәшікке сараптамасы жүргізіледі. Тексеруді тиісті сертификаты бар екі ұйым өткізуі керек.

Техникалық сараптамаға Embraer өндірушілері мен ұшақ қозғалтқышын шығарған компания өкілдері де тартылады, – деді вице-премьер.


Көлік министрі Марат Қарабаев Бакуден келген ұшақ әуежайға екі рет қонуға оқталғанын мәлімдеді.

Қазақстанның әуе кеңістігіне енгеннен кейін экипаж Ақтау әуежайындағы диспетчермен байланыс орнатты. Жердегі көрініс айқын болу үшін ұшу-қону жолағындағы шамдар қосылды, – деді министр.


Қарабаев оқиға хронологиясын да баяндады.


Бүгінгі «Кезекші бөлім» бағдарламада:
1. 46 миллион теңге қолды болды. Елордада ломбард тонаған кімдер?
2. Отбасылық жанжал соңы қылмысқа ұласты. Астанадағы тұрғыннан есірткі табылды.
3. Азық-түлік арасына жасырылған телефон. Шығыс Қазақстанда тыйым салынған затты темір торға кіргізбек болды

https://youtu.be/GKJUzJ9Lk8w


Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты.

Саммит жұмысына Ресей Президенті Владимир Путин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян (бейнебайланыс арқылы), Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Иранның Өнеркәсіп, кеніштер және сауда министрі Мохаммад Атабак, Еуразиялық экономикалық комиссияның төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысып, Куба Президенті Мигель Диас-Канель Бермудес бейнеүндеу жолдады.

Жиында Еуразиялық экономикалық одақ қызметі мен интеграциялық үрдістерді одан әрі дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

Отырыс соңында Жоғары Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің делегация басшылары бірқатар құжатқа қол қойды.




Атырау қаласының экс-әкімі 3 жылға сотталды

Қайрат Оразбаев 2020-2022 жылдары қаланы басқарған тұста рекреациялық жер телімдерін заңсыз сатқаны үшін кінәлі деп танылды. Бұрынғы шенеунікке 3 жыл шартты жаза тағайындалды. Оразбаевтың өзі сот үкімімен келіспеді.

“46 том істің қорытындысын 2 сағатта шығару мүмкін емес. Бірақ мен Қазақстандағы әділдікке сенемін. Мен өз мемлекетіме сенемін. Мен өзімнің халқыма сенемін. Акиматқа 41 жыл адал жұмысымды жасадым. Тек қана заңды түрде қозғалыс жасаймыз”, - деді экс-әкім.



Жаслан Мәдиев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев жұмыс сапары аясында Қызылорда облысына барды. Сапардың негізгі мақсаты – өңірдегі цифрландырудың барысымен танысу, IT-инициативаларды қолдау және аэроғарыш саласының мәселелерін талқылау.

Сапардың бірінші күні министр Байқоңыр ғарыш айлағына барып, «Бәйтерек» жобасын іске асыру және оны іске қосуға дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кездесу барысында жобаның ағымдағы мәртебесі, дайындықтың негізгі кезеңдері және 2025 жылға арналған жоспарлар талқыланды.


Қазақстан, Ресей және Әзербайжан ұшақ апатына байланысты ақпарат алмасты

Үш елдің Төтенше жағдай министрліктері бейнеконференцбайланыс режимінде сөйлесті.

Авариялық-құтқару жұмыстарына 482 адам, 97 бірлік техника, 2 әуе кемесі және 4 кинологиялық есептоп жұмылдырылды.

ТЖМ кинологиялық қызметінің қатысуымен іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Сот вайнер Мейіржан Төребаевтың жазаны жеңілдету туралы өтінішін қанағаттандырмады

Барлық мән-жайды ескере отырып, сот М.Төребаевтың жеке ісінің материалдарын жан-жақты зерттеп, сот өтініш хатты қанағаттандырусыз қалдырды, – делінген хабарламада.

Төребаев 2023 жылы 23 маусымда қаржы пирамидасын құрды деген айыппен 5 жылға бас бостандығынан айырылған.


Қайтарылған активтер есебінен Петропавлда балабақша салынады

280 орындық балабақша салуға арнаулы мемлекеттік қордан 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді.

Нысан «Жас Өркен» шағын ауданында бой көтереді.

Қазір Петропавлда балабақша кезегінде 3 мың бала тұр, олардың жартысы 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар.


Бірыңғай уақыт белдеуінің халық денсаулығына әсерін зерттеуге 54 млн теңге бөлінеді

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің конкурс құжаттамасында жазылған

Зерттеу нәтижесінде уақыт ауыстырудың халықтың психикалық және физикалық денсаулығына әсері туралы ғылыми тұжырымдар ұсынылуға тиіс.

Бұдан бөлек, осы мәселе бойынша мемлекеттік органдардан нақты ұсыныстар әзірлеу талап етіледі.

Бұған дейін зерттеуге 100 млн теңгеден астам қаржы жұмсау жоспарланған.


Енді дәрігерлерге қол көтергендер 3 жылға дейін сотталмақ

Бүгінде Денсаулық сақтау министрлігі жазаны қатаңдататын заң жобасын келісу рәсімінен өткізіп жатыр. Жақынарада Парламентке жіберіледі.

Қазір қолданыстағы заңнамаға сәйкес, дәрігерлерді ұрып-соққандар 10-нан 15 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл төлейді немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады.

Енді жаза күшейтіліп, 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе 3000 АЕК (11 млн теңге) көлемінде айыппұл салу, 800 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту көзделген.


Бүгінгі «Кезекші бөлім» бағдарламада:
1) 145 миллиондық алаяқтық. Алматылық автодилер Ресейден экстрадицияланды
2) Тағы синтетика. Жетісуда шетелдіктер ұйымдастырған есірткі зертханасы жойылды
3) Шырша жанып кетті. Шымкенттің орталық алаңында оқыс оқиға орын алды

https://youtu.be/QAiN12sLKe0


Қызылорда облысының прокуратурасы алаяқтыққа қарсы күресте жасанды интеллекті
пайдаланады


Облыстық прокуратура алаяқтық қылмыстарының алдын алуға арналған «IT ТERGEU» жобасын әзірледі, бұл жоба жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін сот-тергеу тәжірибесінде тиімді қолдануға бағытталған.

Жоба үшін облыстық бюджеттен 85 млн теңге бөлініп, ақпараттық-талдау бағдарламалары сатып алынды.

Бағдарламалардың көмегімен 749 қылмыстық іс бойынша 1074 ұялы телефон нөмірлері тексерілді. Нәтижесінде 151 қылмыс дерегі ашылып, 62 қылмыскер ұсталды, сондай-ақ, 2 киберқылмыстық топ, 52 дроппер мен хабар- ошарсыз кеткен 91 тұлға табылды.

Қазіргі уақытта интернет алаяқтық бойынша 264 қылмыстық істің 78-і сотқа жолданып, көрсеткіш 29%-ға артты.

Банктер мен микроқаржы ұйымдарына қатысты 52 істің күмәнді есепшот транзакцияларын тоқтату үшін анти-фрод орталығына сұраныс жолданды.

Өңірде профилактикалық жұмыстар аясында қаржы институттары өкілдерімен бірнеше ресми кездесу өткізілді, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 200-бабына сәйкес 25 ұсыныс енгізілді.
 
Қызылорда облысының прокуратурасы азаматтарды алаяқтардың құрбаны болмау үшін сақ болуға шақырады.
 



Показано 20 последних публикаций.