🔴 Ақтөбенің Шалқар ауданында карантин күшейді
Ақтөбенің Шалқар қаласында адам көп жиналатын шаралар мен отбасылық кештер өткізуге тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Шалқар қаласында бүгіннен бастап шектеу енгізілді. Мерекелік, спорттық-көпшілік, ойын-сауық, мәдени-көпшілік іс-шараларды, конференциялар, семинарлар, көрмелер өткізуге тыйым салынды. Отбасылық басқосулар да болмайды. Мектеп бітіруші түлектердің қоштасу кешін өткізуге шектеу қойылды. Фитнес, жаттығу залы, сауда-ойын-сауық орталықтары жанындағы балалардың ойын алаңдары, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары, компьютер клубтары, спорт кешендерінің қызметі тоқтады.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/aktobenin-shalkar-audanynda-karantin-kusheydi_a3659536