АЛАН&KIDS БАЛАЛАР ЖУРНАЛЫ


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Семья и дети



Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Семья и дети
Статистика
Фильтр публикаций








Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram












Онсыз да тілім-тілім терісін ара талап, одан бетер жанына батып барады. Сол қашқаннан Қоян алдынан шыққан бір көлшікке күмп етті де, жоғалды. Аралар қайтып кетті. Бір күнде екі рет таяқ жеген Қоян көлдің жағасына шықты да, отыра қалып, көз жасына ерік берді. Ағаштан құлап, жарақат алғанын, араға таланғанын, одан құтыламын деп малмандай су болғанын, енді бүрісіп айдалада отырғанын ойлап өксіп-өксіп жылады. Оның жылаған дауысын су ішіндегі балықтар естіді. Бір кәрі шортан бұған бей-жай қарап қала алмай, су бетіне шығады. Ол жылап отырған Қоянға жақындап:
- Шырағым, саған не болды? Бұлай отыруыңа жол болсын! – деді.
- Не болды деріңіз бар ма... – деп Қоян одан бетер еңіреді. – Ел қатарлы тіршілік етпек болып... кәсіп іздедім. Тиінге бардым. Жаңғақ теремін деп ағаштан құладым. Аюға ілесіп, бал ұрлаймын деп араға таландым. Үсті- басым жан таптырмай барады...
- Сенің жағдайың шынымен қиын болған екен, бала. Құрлықты мекендейтін жануарлардың өмірі өмір емес. Нағыз өмір біздікі ғой. Су ішінде рахаттанып жүзіп жүргенің. Ашықсаң, аузыңды аша салу жеткілікті – керек қорегің алдыңда. Қарның да тоқ, қайғы да жоқ. Сен осы мейірімсіз әлеміңді таста да, менімен жүрсеңші. Мен сені ғажайып өмірге апарайын.
Жұбата сөйлеген Шортанның сөздері Қоянның құлағына майдай жақты. Ол сол сәтте-ақ күні бойы бастан кешкен оқиғаларын ұмытып, қарт Шортанның артынан ере берді.
Өзінің байыптылығымен, көпті көрген даналығымен алыс-жақын аймаққа танымал болған Шортан бұл жолы Қоянның суда сүңги алмайтынын ескермеген еді. Ал табысқа тез жетуді ойлаған ақымақ Қоян әлі жетпес іске әлек болып үшінші рет опық жеді. Су астына сүңги жөнелген балықтың ісін айнытпай қайталамақ болған Қыли көз көлге басын тыққаны сол еді, аузы-мұрнына су кіріп, тұншыға жаздап, қайта шықты. Ол жалма-жан жағаға жетті де, үсті басын күнге кептірмек болып, алдында жатқан бөрененің үстіне барып жантая кетті. Күнге қыздырынып жатып Қоян болған істің бәрін ой елегінен өткізіп, бір күнде бірнеше рет басын тасқа соқтырған өзінің ақымақтығына қынжылды. Ақырында ол әр істің өз қиындығы барын және әркім өзі жақсы білетін кәсібімен айналысуы керегін түсінді де, бақшада қалған құрал-сайманын жинап алуға тұра жөнелді.


Ақымақ қоян

Авторы: Әсел Қанаш

Көктем шығып, тіршілік атты қайта жандана бастаған шақ. Азық-түлігі таусылып, қыстан үзіле жеткен жан-жануар алдағы жаз қайта күш жинап, келер қыс қорегін қамдауға кірісіп кеткен.
Ұзын құлақ сұр Қоян да өзінің жейтін азығын ертерек дайындап алуды ұйғарып, күні бойы сәбіз тұқымын жинаумен болды. Ертеңгі күні таң ата салысымен бақшаға барып, сәбіз егеді.
Алтын күннің сәулелері Қоянның бөлмесіне жарыса кіріп, Ұзын құлақты қытықтап оятты. Қоян әдеттегідей төсегінде біраз керіліп жатпақ еді, бүгін жоспарлап қойған жұмысы есіне түсіп, атып тұрды. Ол таңғы асын асыға ішті де, құрал-сайманын сайлап алып, бақшаға бет алды. Бақшаға келе сала, көп ойланбастан бес-алты жолды қазып тастады, содан соң ол жерге тұқымдарын сеуіп, көміп, үстіне су сеуіп шықты. Қоян осылай тағы да бір- екі рет қайталады. Бір уақытта ол шаршай бастағанын сезіп, біраз демалайын деп, жеміс сеуіп жатқан тіліктің шетіне отыра кетті. Кенет оның көзі бұтадан бұтаға секіріп, жаңғақ теріп жүрген Тиінге түсті. Қоян Тиіннің әрекетін ұзақ бақылап отырды да, ойы бұзылып, істеп жатқан ісінен жеріп қалды. «Осы менікі не әурешілік?! Таңертеңнен кешке дейін бүкшеңдеп жүргенім мынау. Ол аздай, әлі бұның арам шөбін жұламын, бірнеше рет суарамын. Сөйтіп ала жаздай әуре-сарсаңнан құтылмаймын... Ал басқаларды қарашы! Мен сияқты күні бойы тер төгіп жүрген ешкім жоқ. Ойнап жүріп-ақ азығын жинап жүр, шаршамайды, көңілдері де көтеріңкі. Мен де солай жасап көрсем қалай болады екен?!»
Қоян осы ойын дереу іске асырмақ болып, жұмысын тастап, Тиінге келді.
- Достым, сен маған жаңғақ жинаудың жолын үйретші. Ертелі-кеш бүкшеңдемей, сен сияқты секіріп жүріп қарнымды тойдырғым келеді.
- Жарайды. Үйретсем, үйретейін. Бұның түк қиындығы жоқ. Жаңғақ деген өте дәмді ас қой, – деп Тиін келісе кетті. – Мен отырған бұтаға шық.
Қоян Тиін отырған ағашқа өрмелемек болып екі-үш рет талпынып еді, онысынан түк шықпады. Тиін оған көмектесейін деген оймен бір топ тиінді шақырып алды. Олардың жартысы Қоянның алдыңғы екі аяғынан сүйреп, қалғаны артынан итеріп, жабылып жүріп манағы бұтаға шығарды. Жетер жеріне жетіп алған соң Тиін досына жаңғақ терудің әдіс-тәсілін түсіндіре бастады. Содан соң: «Соңымнан ер!» – деді. Биік ағаштың басында онсыз да дірілдеп әрең отырған Қоян қорқа-қорқа Тиіннің артынан жүрді. «Ал енді сен қарғып барып, анау тұрған кепкен жаңғақты жұлып ал» – деді ұстазы шәкіртіне. Қоян «Тәуекел!» деді де, Тиін нұсқаған жаңғаққа қарай бар пәрменімен бір-ақ ырғыды. Бұл іске ешқандай ебі жоқ Қоян жаңғаққа қолы жетсе де, бұтаққа қарманып қалуға шамасы келмей, жерге гүрс етіп құлады. Ол аздай, ағаштың жаңқалары денесін жырым-жырым қылып, тұла бойын дуылдатып барады. Қоян осындай қатерлі іске басын тіккеніне қатты өкінді. Қолындағы жаңғағын татып көрмек болып, аузына апарып еді, кермек дәмі тіліне жағымсыз тиді. Сонша жанын қинап тапқаны осы бір ащы жаңғақ па?! Онысы тағы — күзден бері қурап, бос қалған ескі жаңғақ. Қоян жаңғақты лақтырып жіберді де, сүйретіліп орнынан тұрды. «Мына іс маған жарамайды екен» – деп ойлады ол. Қоян Тиінмен қош айтысты да, өз жөнімен кете барды.
Сәтсіз істен ұнжырғасы түсіп келе жатқан Қоян жолда Аюға жолығады. Аю оның сырылған денесін көріп, мән-жайды сұрайды. Қоян болған істі түгел баяндап береді.
- Ммм... мынауың расымен де болмайтын іс қой. Ағашта өрмелеп көрмеген сен үшін бұндай шаруаның қайыры болмас. Одан да менімен жүр. Мен саған бал табуды үйретейін. Бал деген астың төресі ғой! Кез келген асты мақтағанда «дәмі балдай» деп, балмен салыстырып жатады. Саған да ұнары анық. Бал деген суаруды да, ағашқа өрмелеуді де қажет етпейді. Барасың да жейсің. Болды.
Қоян Аюдың айтқанына қызығып, бірден келісе кетті. Осылай екі дос омартаға бет алды. Келген бетте Аю бірнеше бал жәшіктерін құлатып, аузы ашылған бір жәшіктің ішіндегі балауызын тістеп алды да қаша жөнелді. Ол Қоянға да осылай жасау керектігін түсіндірген болатын. Алайда құж-құж қайнаған ара қашып кеткен Аюға емес, құлаған жәшіктің даусынан үркіп, не істерін білмей тұрып қалған Қоянға тап берді. Қоян да қаша жөнелді. Аралар Қоянның соңына түсіп, қуа жөнелді.


О, Әбжылан, опасыз! Сенің уың осы сүт арқылы құдіретінен айырылсын! О, Жаратушым, тілегімді қабыл ет! – деп еңіреп тұрып, сүтті жыланға шашып жібереді. Сол сәтте, шынында да, жылан бар құдіретінен айырылады. Сүттің қасиетті күші оның уы мен айбатын сиқырлап тастайды. Жылан есеңгіреп тұрып-тұрып, есіктен шығып кетеді.

Міне, осыдан бастап барлық жылан атаулы сүтті көрсе, айбатынан айырылады екен. Олар үйге кіргенде басына ақ құйса, сытылып шығып кетеді. Оларға бұл қасиет сонау заманғы өз аналарынан дарыса керек.


Сәбиге өмір сыйлаған құдірет

Ерте заманда бір патша өмір сүріпті. Патшаның қисапсыз байлығы болса да, үнемі қабағының астынан бір мұң бары байқалып тұрады екен. Сөйтсе, әлгі патшаның перзенті болмапты. Патша қапаланып, қайғырып жүргенінде, бір күні жұбайы жыланның тіліне жерік екенін айтыпты. Осы сөзді қаншама рет Құдайдан жалынып сұраса да, ести алмаған ол жүрегі жарыла қуанып, жар салыпты:

— Егер кімде-кім менің жарлығыма құлақ асып, жарымның жерік асы-жыланның тілін әкеліп берсе,соған жалғыз қарындасымды қосып, өзіме күйеу бала етемін. Бір ескеретін жәйт: ол Сахарадағы жыландар ордасының патшасы атақты Афита-Әбжыланның тілі болуы тиіс, – депті.

«Үмітсіз–сайтан» демекші, байлық пен аса сұлу патша қарындасын алуға қызыққандар Сахараға жол тартыпты.
Олардың ішінде сол шаһарда тұратын бір саудагердің Азу есімді баласы да бар екен. Азу о баста өмірге келгенде, жылан терісін жамыла туыпты. Өз терісінің пайдасын көрмекке әрі сынамаққа ол да үмітпен жыландар ордасына аттаныпты.

Азу жолда келе жатып, әр жерде шашылған адам сүйектеріне көзі сүріне береді. «Бұлар да мен сияқты үміткерлер шығар» деп топшылаған ол өзі тек терісінің арқасында ғана аман келе жатқанын түсінеді. Ақырында көп қиындық көріп, Сахараға жетеді. Ордаға келген соң ол жыландармен тез араласып кетеді.

Бірде жыландар патшасы тағамды өте жақсы даярлай алатын аспазшы керек екенін мәлімдейді. Сынға түскендердің арасынан Азу озып шығады. Ол қолынан келген өнерінің барлығын жұмсаған екен. Сөйтіп, аз уақыт ішінде Азу Афита-Әбжыланның жақсы көрер жақынына айналады. Әңгімеге тарта жүріп, жыландар патшасының жаны қолындағы сақинада екенін де біліп алады. Оны Афита масаңдау кезінде айтып қояды.

Бір күні Азу тәтті тағам жасап, оған ұйықтататын дәрі қосады да, Афита-Әбжыланға жегізеді. Ол қатты ұйқыға кеткен кезде сақинасын алып, қақ бөледі. Содан соң тілін кесіп алып, түн қараңғылығымен тайып отырады. Бұл оқиғаны таң атқан соң бір-ақ білген жыландар оны әрі іздеп, бері іздеп, таба алмай қала береді. Азудың оңай құтылуының себебі: Сахарадан шыққан соң, ол адам қалпына қайта ауысып алады. Еліне аман-есен оралған Азу патшаға жыланның тілін әкеп беріп, оның қарындасына үйленеді. Ал, жерік асын жеген патша жары көңілі судай тасып, айы-күні жетіп ұлды болады. Ұлан-асыр той жасалады.

«Той десе, қу бас домалайды» демекші, бұл тойға баяғы Азуды іздеп жүрген жылан да келіпті. Ол Азуды иісінен танып қалып, санын бір-ақ соғыпты. Ішіне кек түйіп, өз ордасына қайтыпты. Келген соң бұл жаңалықты басқаларға айтып беріпті.

Мұны есіткен жыландар ашуланып, адамзаттан кек алмаққа бекінеді. Улы тілі арқылы адам баласына зиян келтіріп, ұрпағын кеселге душар етпек болады. Афита-Әбжыланның жұбайы Флита-Әбжылан қатты ызаланып, оны өлтірмекке өзі аттанатынын мәлімдейді. Афита-Әбжылан дүние салған кезде ол қасында бола алмапты, алысқа қонаққа кеткен екен.

Араға біраз уақыт салып Флита-Әбжылан патшалыққа келеді. Азуды іздеп жүріп, бір үйдің түндігінен сығалап қараса, бесіктегі жас баланы көреді. Бұл жаңа туған нәресте патшаның мұрагері еді. Ол бар ашуын осы баладан алмаққа бекінеді. Үйде жан жоқ кезді пайдаланып, түндіктен түседі. Баланың қасына енді жақындай бергенде, есіктен бір әйел кіріп келеді. Жылан сасқалақтап қалады. Ал, патша жарының абыржығаны сонша, тілі күрмеліп:

— О, Құдайым. Жалғыз сәбиімді ажалға қалай қиям? Оны босанарда жыланның тіліне жерік болып едім, енді ажалы да сол жылан тілінен болмақ па? Жо-жоқ, құтқара көр! – деп жалбарыныпты.

Сол сәтте қайдан есіне түскені белгісіз, ошақта тұрған сүтке қарай ұмтылады. Қазандағы сүтті жыланға көрсетіп тұрып:

— О, Әбжылан! Менің жалғызыма қиянат жасама!.. Жүрегім сезеді, сен кек алмақшысың. Баламды саған бермеймін. Болмаса мені шақ. Мен де анамын, ана сүтінен жаралғанмын. Балам да, басқа жан-жануарлар да ана сүтінен жаралған. Сен де біз сияқты ана сүтінен нәр алғансың. Тіршілік иесінің нәрі - сүт. Ол қасиетті де қастерлі. Оны Алла тағалам сыйға тартқан. Ақты жерге төкпе деуі сондықтан. Ал мен сол сүтті сенің басыңа төгемін. Тек балам үшін, тек жалғызымның өмірі үшін ғана салттан аттаймын.


«Бөдененің құйрығы неге қысқа?»

Бұл былай болған екен. Ертеде бір биік тау болыпты. Ол таудан ары қарай ешбір құс асып өте алмапты. Небір ұшқыр, қыран құстар талаптанып көріпті. Бірақ шамалары келмепті. Бүркіттің қыраны келіпті, аса алмапты. Қырғидың атақтысы келіпті, ол да аса алмапты. Құстардың бәрі өз бақтарын сынап көріпті. Ең соңында «Енді кім қалды?» дегенде, бөдене шақырылыпты.
«Тәуекел» деп, бөдене ұша жөнеледі. Шырқап көтеріліп барып, таудан ол да аса алмапты. Содан соң ызаланған бөдене зымырап, құйылғаннан құйылып келіп, тауды көкірегімен соққан екен дейді. Сонда ол таудың ар жағына бір-ақ өтіпті. Міне, содан бері қарай қонғанда, аяғымен қонбайды, көкірегін жерге соға қонады. Ал құйрығы неге қысқа десек, әлгі тау тесігінің арасында жұлынып, қалып қойыпты... Әйтпесе, бұ-юрын бөдененің құйрығы қырғауылдың құйрығындай ұзын болса керек. Сөйтіп, биік таудан аса алмаған құстар ары қарай бөдене тескен тесіктен өтіпті.


*Ұмыт қалған балауыз жайлы ертегі*

Авторы: Мира Сембайқызы

Қашаннан екені белгісіз, балауыздың сөреде жатқанына көп болды. Ешкім оны керек етпейді. Жарқыраған электр жарығы бар. Бірақ, балауыз ешқашан үмітін үзген емес. Осы үйдегі адамдардың тіршілігін сырттай бақылап, кәдеге жарар күнін сабырмен күтіп жата берді.
Бұл үйдің де жандары өзге отбасылар секілді, күндіз ата-анасы жұмыста, балалары сабақта болатын. Кешке бәрі үйге жиналады. Әрқайсысы өз смартфондарына үңіліп отырып, кешкі астарын қалай ішкендерін де білмей, өз бөлмелеріне тарап кететін. Қолдарындағы смартфоннан жалықса, балалар компьютердің, үлкендер теледидардың алдына жиналатын. Осылайша бірқалыпты күндер өтіп жатты. Даңғарадай үйдегі адамдар бір-бірімен сырласып, сөйлесуден қалды. Әркім өзімен-өзі әуре. Отбасы жылуы жоғалып бара жатқандай. Осының бәрін көріп жүрген балауыздың адамдарға жаны ашып,
сөніп бара жатқан жылуды қалай жандырсам екен деп уайымдайтын. Оларға шынымен де көмектескісі келді.
үзіліп, бүкіл қала жарықсыз қалды. Электр қуатын тұтынатын құрылғының бәрінің басына үнсіздік туды. Дәл сол сәтте сөреде жатқан балауыздың арманы орындалды.
телефондарының жарығымен барлығы жабылып, ұмыт қалған балауызды іздей бастады. Ақыры тапты-ау. Балауыздың табылуын күткендей, ұялы телефондардың да қуат көзі таусылып қалды. Оны кішкене ыдысқа қойып, тұтатқаны сол еді, тас қараңғы үйге нұр себілгендей болды. Үйдегі жалғыз жарық – ұмыт қалған балауыздың сәулесі. Ата-анасы да, балалар да балауыз тұрған үстелдің басына жиналды. Олар бір-бірін танымайтын, ортақ әңгімелері жоқ адамдардай біраз үнсіз отырысып қалды. Кенет отағасы:
Бір күні қатты боран соқты. Қаттылығы сонша, электр желілері
Аналары:
- Осы сөрелердің бірінде бір балауыз болған. Қане, іздейікші, - деп ұялы
- Балалар, осылай үнсіз отырамыз ба? Мен сендерге балалық шағымдағы қызықты бір оқиғаны айтып берейін, – деп ең алғаш атқа мініп үйренгендегі қызықтары жайлы майын тамызып тұрып әңгімелеп берді. Содан кейін аналары да өзіне көйлек тігемін деп, үлкен матаны кескілеп тастап, анасынан ұрыс естігенін айтып, бәрін бір күлдіріп алды. Балалар да мектептегі қызықтарын айтып, ата-аналарын біраз таң-тамаша қылды. Ал балауыз болса, өзінің арманының орындалғанына төбесі көкке жеткендей болып, маздап жана берді, жана берді. Қуанышы қойнына сыймай, осы бір мейірім, жақындық ұшқыны қайта орнаған отбасының жылуын сөндіріп алмас үшін, нұрын аямай төкті. Шаттанғаннан соңғы рет лап-лап жанды да, баяулап сөне бастады. Сол сәтте электр жарығы да самаладай жарқырап кетті. Бірақ, бұған ешкім де қуана қоймады. Олар әлі де болса біраз отыра тұрғылары келген еді. Осылайша, ұмыт қалған балауыз өз арманына жетіп, бір отбасының жылуын жағыпты. Сол кештен үлкен әсер алған отбасы кей күндері бүкіл жарықты сөндіріп, балауыз жағып қойып, қызықты әңгімелерін айтып, бір-бірімен сырласатын болыпты.


Қу түлкі ертегісі:
****************************
Жолбарыс бір түлкіні ұстап алады. Түлкі құйрығын бұлаңдатып, тұмсығын жоғары көтеріп:
- Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етуге келгенмін, - дейді.
Жолбарыс түлкіге олай бір, былай бір қарап, сенбей:
- Мүмкін емес,— дейді.
- Сенбесең, менімен бірге орманға жүр. Ондағы барлық аңдардың менен қалай қорқатынын өз көзіңмен көр, - дейді түлкі.
Жолбарыс бұған келіседі. Түлкі жолбарыстың алдына түсіп, паңдана жүріп отырады. Жолбарысты көріп аңдар мен құстар зәресі ұшып, тым-тырағай қашады, ұялары мен індеріне тығылады, аспанға ұшады. Ал қу түлкі басын одан сайын көтере түсіп:
- Ал, енді көзің жеткен шығар! Менен қорықпайтын тірі жан бар ма?-деп мақтанады.
- Я, сен шынында да айбарлы екенсің,- деп алданған жолбарыс жайына кетеді.


Түлкі,тасбақа және кене
Ертеде түлкі, тасбақа және кене дос болыпты. Бір күні олар жерден бір уыс тары тауып алыпты. Үшеуі ақылдаса келе тарыны жерге егіп, көбейтіп алып, үшке бөліп аламыз деп шешеді. Түлкі бір жарды көріп:

- Мен осы жарды сүйеп тұрайын, құлап кетер, – деп, жарды саялап жатып алады. Тасбақа жерді тырналап, тары егеді. Ал кене піскен егінді жиып алады. Олар көп тары алады. Олар түлкіні шақырады. Түлкі келіп, егінді көріп:

- Тарыны үшеуіміз бөліссек қаншадан тиеді? Аз мөлшерде шығатын шығар. Одан да үшеуміз жарысып, кім озса егін соған бұйырсын, – деді. Мақұл деп үшеуі қатарласып, бір жерге келеді. «1,2,3» деп түлкі жүгіре бергенде, кене түлкінің аяғына жабысып кетеді. Түлкі барынша жүгіріп, мәреге бірінші боп жетеді. Сонда кене:

- Әй, мені басып өлтіресің бе?!, – дейді.

Түлкі:

- Сен қашан жетіп алғансың? – деп сұрайды.

Кене:

- Сен бағана «1,2,3» дегенде-ақ мен келіп қалғанмын, – деп жауап береді. Екеуі дауласып жатқанда, ентігіп тасбақа келеді.

Тасбақа:

- Әй, түлкі, мен бір пәле көріп келдім. Жаңа маған екі қара бүркіті және тазы иттері бар ат мінген екі адам келді. «Түлкі жолдасыңды тауып бер» деп мені қорқытты. Түлкі, мен сен туралы айтқан жоқпын. Енді олар маған сенбей, осы жаққа қарай келе жатыр, – дейді.

Түлкі: «мені айта көрмеңдер»,- деп жалынады. Түлкі:

- Мына тарыны екеуің тең бөліп алыңдар, мен сендерге ризамын. Аңшылар мені сұраса, «білмейміз қайда кеткенін деңдер», – деп, түлкі қашып кетеді. Сөйтіп, тарыны тасбақа мен кене екеуі бөліп алыпты.


Өсімдіктер мен кемпірқосақ

Баяғы заманда жер бетіндегі өсімдіктердің барлығы тек жасыл түсті болыпты. Бір күні қатты жаңбыр жауып, олар қуанып, асыр салады. Жаңбырдың қалай басылғанын да байқамайды. Жапырақтар бетінде жаңбыр тамшылары қалады. Тамшылар да өсімдіктермен бірге ойнағысы келгендей түрлі түске енеді. Дүние әдемі боп кетеді. Кенет өсімдіктер жаңбыр тамшыларынан әдемі біреудің өздерімен бірге күліп, ойнап, қуанғанын көреді. Оның сұлулығына таң қалады.
   - Сен кімсің? – деп сұрайды одан Алма.
   - Менің атым Кемпірқосақ, – дейді ол көзін қысып.
   - Сен жаңбыр суының ішіне қалай кіріп кеткенсің? – дейді Алма таңданысын жасыра алмай.
   - Мен жаңбыр суының ішінде емеспін, мен аспандамын, – дейді Кемпірқосақ.
   Аспанға қараған Алма тіпті таң қалады.
    - О-о-о, сен неткен сұлусың, Кемпірқосақ! Мен де сен секілді сұлу болсам ғой, шіркін, – дейді қызығып.
   Алма мен Кемпірқосақтың әңгімесін естіген Қызанақ:
   - Мен де сұлу болсам ғой, – дейді.
   - Менің де сұлу болғым келеді, – дейді Баялды қалыспай.
   Сонда Кемпірқосақ:
   - Менің қай түсім ерекше ұнады саған? – деп сұрайды Алмадан.
   - Қызыл түсің, – дейді Алма.
   - Онда мен саған қызыл түсімнен берейін, – дейді де, Кемпірқосақ Алмаға қызыл түсінен сәуле шашады. Алма қып-қызыл нарттай боп кетеді. Ол қатты қуанады. Оны көрген Қызанақ:
   - Менің де қызыл болғым келеді, – дейді тағатсыздана.
   - Онда сен де қызыл бол, – деп Кемпірқосақ Қызанаққа да қызыл түсінен сәуле жібереді. Лезде Қызанақ та қып-қызыл боп қуанышқа бөленеді.
   Сол сәт Баялды:
   - Менің де қызыл болғым келеді, – дейді.
   Онда сен де қызыл бол, Баялды, – деп Кемпірқосақ оған да қызыл түсінен бөліп береді.
   Бірақ Баялдыға қызыл түс ұнамай қалады. Ол:
   - Жоқ, менің қызыл түсті болғым келмейді. Маған көк түсің ұнап қалды, – дейді Кемпірқосаққа.
   Баялдының мінезін ұнатпаған Кемпірқосақ:
   - Мен берген түсімді қайта ала алмаймын. Мә, саған көк түс, – деп қызыл түстің үстіне көк түсін шашып жібереді. Баялды қою көк түсті болып шыға келеді.
   - Қалай түсің енді ұнады ма? – дейді оған Кемпірқосақ.
   Кемпірқосаққа ренжіп қалған Баялды басын төмен қаратып, бұртиып оған сөйлемей қояды. 
   Жеміс-жидектер мен көкөністердің бірінен кейін бірі әдемі түске еніп жатқанын көрген Қияр жапырағының арасынан шыға алмай біраз әуреге түседі.
   Дәу Асқабақ маңғаз қалпы асықпай:
   - Менің сары болғым келеді, – дейді.
   - Сен сары бола ғой, Асқабағым, – деген Кемпірқосақ оған сары түсінен шашып жібереді.
   Сол сәт секіремін деп жапырақтарының арасынан сәл басы қылтиып көрініп қалған Қиярға сары түстің бір тамшысы тамып кетеді. Лезде-ақ Қиярдың басындағы жап-жасыл гүлі сап-сары боп шыға келеді. Қуаныштан беті бал-бұл жанған Қияр отыра қап басындағы сары гүлін тамашалауға кіріседі.
   Ал Асқабаққа сары түс түгел жетпей, оның денесінде жасыл жолақтар қалып қояды. Бірақ Асқабаққа мына түсі де қатты ұнайды. Ол Кемпірқосаққа:
   - Рахмет саған, Кемпірқосақ! Менің түсімдей түс ешбір өсімдікте жоқ-ау деймін. Мен осы түсіммен қаламын, – дейді жадырап.
   Бағанадан бері айналасындағы болып жатқан оқиғаға ұйқылы ояу қарап жатқан Қарбызға Асқабақтың түсі ұнап кетіп ұйқысы шайдай ашылады. Ол да қалыспай Кемпірқосақтан әдемі бір түсті сұрап алайын деп ұмтыла бергенде, Кемпірқосақ жоқ болып кетеді. Қарбыз жасыл күйінде қалады. Содан бері ол Кемпірқосақтың шығуын күтіп үнемі аспанға қарап жататын болыпты.


“Үш көбелек” (Неміс ертегісі)

Күн шуақты алаңқайда апалы-сіңлілі үш көбелек тату-тәтті өмір сүріпті. Олардың біреуі-ақ, екіншісі — қызыл, үшіншісі — сап-сары екен. Көбелектер гүлден-гүлге қуана ұшып-қонып, өмірлерін көңілді өткізіпті. Бірде тасыр-тұсыр етіп жаңбыр жауып кетеді. Көбелектердің қанаттары дымқылданып,қайда тығыларын білмей дал болады. Ал, себелеп жауған жаңбыр тоқтар емес! Малмандай су болған көбелектер лалагүлге келіп: — Лалагүл, лалагүл! Бізді жаңбырдан тасалашы! — деп өтінеді. Лалагүл: — Жарайды, ақ көбелектің түсі маған ұқсайды екен. Мені саяласын! Ал, қызыл, сары көбелек басқа жерге тығылыңдар! — дейді. Мұны естіген ақ көбелек: — Менің әпкелерім су болып жүргенде, жалғыз өзім сенің саяңда қалай жайбарақат отырамын. Оларды да тасаңа тыға алмасаң, онда мен де отырмай-ақ қояйын… — деп ұшып кетеді. Үшеуі ұшып келеді, ұшып келеді. Жаңбыр да қоятын түрі жоқ. Қараса, үлкен қызыл қызгалдақ өсіп тұр екен. — Қызғалдақ, қызғалдақ! Мүмкін болса, жаңбыр саябырлағанша біз се¬нің ығыңа тығыла тұрсақ бола ма? — Қызыл көбелек маған ұқсайды. Соны алайын қалқама. Ал, ақ көбелек пен сары көбелек басқа орын іздесін! — дейді Қызғалдақ. Бұған ренжіген қызыл көбелек: — Сен менің әпкелерімді қабылдағың келмесе, маған да көмектеспей-ақ қой. Тоңсақ, бірге тоңайық, — деп ұшып кетеді. Қызыл көбелек қараса, алдарында үлкен сарғалдақ өсіп тұр. Олар гүл жанына ұшып келіп: — О, тамаша сарғалдақ! Жаңбыр тоқтағанша сені ықтай тұрайықшы?! -деп өтініш жасайды. — Жарайды, мен өзім түстес сары көбелекті жаңбырдан қорғай тұрайын. Басқаларың өзге жер іздеңдер, — деп жауап қайырады. — Жо-жоқ! Сен менің әпкелеріме көмек бере алмасаң, мен де сені паналамаймын! Одан да су болғаным артық, — деп жауап қайырып, ұшып кетеді. Көбелектердің бұл сөздерін бұлттың ар жағында тығылып тұрған күн естіп қалады. Күн көбелектердің өзара татулығына, ауызбіршілігіне қуанады. Оларға көмектесуге ұйғарады. Күн бұлттарды ыдыратып жіберіп, аспанға жарқырап шыға келеді. Жылы шуақтарымен көбелектердің су болған қанаттарын кептіріп, алтындай сәу¬лелерімен арқаларынан сипайды. Қуанған көбелектер қанаттарын шаттана қағып, қайтадан көңілдене бастайды. Алаңқайдың көркін кіргізіп, әрі-бері ұша бастайды. Бірақ, мұнан кейін олар ешқашан лалагүл, қызғалдақ және сарғалдақ гүлдеріне қонбайтын болыпты. «Шын достар — тек қиындықта сыналады» деген сөз содан қалса керек.

Показано 20 последних публикаций.