Репост из: Әулием Шекспир
Өзімді неге алдаймын, ақынмын деп,
Ұйықтамастан шабытты шақырдым деп?
Жас баладай көрінсе де бал қылығың,
Мен сені атаушы едім, ақылдым деп.
Мен неге қара түнмен тілдесемін,
Ғашық болған адамдай күй кешемін.
Сен көрініп, қайтадан жоғалмасаң,
Сағыныштың сырларын білмес едім.
Айтарым айналды ма жыр-дастанға,
Қарағанды ұнатам түнгі аспанға.
Жұлдыздардан бейнеңді оймен құрап,
Əдеттеніп қалыппын сырласқанға.
Пендеміз тағдырына бағынышты,
Көрерміз маңдайдағы жазымышты.
Сен маған естелікке тастап кеттің,
Жүректің түбіндегі сағынышты...
Ұйықтамастан шабытты шақырдым деп?
Жас баладай көрінсе де бал қылығың,
Мен сені атаушы едім, ақылдым деп.
Мен неге қара түнмен тілдесемін,
Ғашық болған адамдай күй кешемін.
Сен көрініп, қайтадан жоғалмасаң,
Сағыныштың сырларын білмес едім.
Айтарым айналды ма жыр-дастанға,
Қарағанды ұнатам түнгі аспанға.
Жұлдыздардан бейнеңді оймен құрап,
Əдеттеніп қалыппын сырласқанға.
Пендеміз тағдырына бағынышты,
Көрерміз маңдайдағы жазымышты.
Сен маған естелікке тастап кеттің,
Жүректің түбіндегі сағынышты...