Репост из: Әулием Шекспир
Түн ұйқым төрт бөлініп, мазам қашып жүрген күндер еді. Сондай түндердің бірінде қайта-қайта оянып кете бердім. Жүрегімнің шаншып ауыра бастағаның байқадым. Кенет, санама бір өлең шумақтары өздігінен келе бастады.
Қырсығым, қылығына қылықтанам,
Қырсық мінез сендегі қызық маған.
Жүрегіме бағынбайтын қасы ирек,
Жолықтырдым бір қызды сөз ұқпаған.
Не өзі, не өмір демі тар ма?
Саған ғашық болмаудың емі бар ма?
Мені ұнатқан қыздарды көре тұра,
Ұната беріппін-ау сені ғана...
Иәә, бұл менің шын жүректен жазған алғашқы өлеңім еді. Дәл осы сәтте өзімді ақын ретінде сезіне бастадым. Бұл постты шын жүректен жазып отырғанымды түсінсеңдер ғой. Бұған дейінгі сүйдім-күйдім дегендерім, шығарған өлеңдерім балалықтан жасалынған дүние екенін түсіндім. Сол түні алған әсерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Себебі, шынайы ғашық болғанымды білдім. Бұдан кейінде бірнеше өлеңдер шығарылды, бірақ маңыздылығы сол түні шығарылған өлеңге жете алмады. Шын жүректен жазылған дүниелер шедевр болып қала бермек ❤️