Репост из: qyzylkorpe
Ол менен жазуымды өтінген соң ғана, мен тырысып бағудамын, бірақ... Менде бұны жазатындай талант жоқ.
Жер бетіндегілердің бәрі өзінің ұмытылмағанын қалайды. Бірақ Хейзел басқалардай емес! Хейзел ақиқатты біледі. Ол мыңның көңілін баурауды емес, бірдің жүрегін жаулауды қалаған. Жаулады да.
Бәлкім оған деген махаббат көп болмаған шығар, бірақ өте күшті болды. Тіпті... бұндағы бәріміздікінен де күші жоғары. Хейзелдің ұстамасы болған сәтте, мен өзімнің өлерімді білгем, біле тұра оған айтпадым, айтқым келмеді. Ол интенсивті терапияның палатасында жатқанда, мен оның жанында отырдым, мені шығарып жібергенге дейін. Оның сөнген жұмулы жанары, бозарған ақ денесі, бірақ оның қолдары баяғыша өз қалпында, баяғыша жылы, тырнақтары да әдеттегідей қою көк түспен боялған. Қолын қолыма алдым. Мен екеумізсіз бұл жалғанның қандай боларын елестетуге тырыстым, қандай мәнсіз әлем боларын елестетуге...
Ол өте сұлу. Мен оған ғашық болудан жалықпаспын. Және мені оның менен ақылдырақ немесе олай еместігі уайымдатпайды, себебі мен білемін, ол ақылдырақ, ол ерекше қызық және ол ешқашан ашуланбайды. Мен оны сүйемін. Мен оны ессіз сүйемін. Оны сүйетіндігіммен де бақыттымын Ван Хутен!
Бұл ғаламда қайғы-мұң мен қасірет-зардан қашып құтыла алмаспыз, бірақ біз жанымызды жаралайтын жандарды өзіміз таңдай аламыз. Ал мен өз таңдауыма разымын. Меніңше, ол да...