жәннатқа бір қадам


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


Admin: @kulweqyz

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Қазір адамдар көп нәрсенің бағасын біледі, бірақ бір-бірінің емес


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram










bastai goi🍃


Жігіттер қауымына!

Қыздарымыздың көшеде арын саудалап жүргені жасырын дүние емес. Олар қысқа кисе аузынан суы ағып қарайтын қазағымыздың жігіттері де жетерлік. Орамал былай тұрсын етек, жеңі қайда қалып жатқанын білмейді қаракөз аруларымыз. Соларға қарап: " Әй, қарындасым-ау, қазақ емеспіз бе, киіп алғаның не?" - дейтін ерлер болса ғой деймін. Мейлі сізді тыңдамай-ақ қойсын, ескерту сіздің міндетіңіз! Көрген әрқайсы жігіт келіп ескерту жасап айтатын болса, олар да бірден болмаса да, ақырындап тыйылар еді. Әрине, сіз шахуаттана қараған сайын олар да қысқа кигісі келе береді.

"Арым - жанымның садақасы" - дейтін қаракөз қарындастарыңыз көбеюі үшін сіздерде де еркектік намыс болуы керек шығар. Сондықтан , ұлтымыз жойылмасын десек тәрбиемізді түзейік.


Алла Елшісі ﷺ айтады:

" - Кімде-кім өзінікі дұрыс бола тұра талас-тартыстан бас тартса, мен оған Жәннаттың шетінен зәулім сарай берілуіне кепілмін;

- Кімде-кім қалжыңдап болса да өтірік айтудан тыйылса, Жәннаттың ортасынан зәулім сарай берілуіне кепілмін";

- Кімде-кім көркем мінез-құлыққа ие болса, Жәннаттың төрінен зәулім сарай берілуге кепілмін".


Ер кісінің намысы - әйелінің орамалында...📌


құнды дүниелер де қашан да жабық болады.
алма, анар тағы басқалар..


al sen adamsýń ğoi.🌾


Адамдар сізге өзіңіз секілді жар нәсіп етсін деген кезде, ұялмай:

Әмин, Ин Ша Алла деп айта алатындай болыңыз..🕊


«Алла елшісі(с. ғ. с.): Алланың ең жаман құлдары туралы айтайын ба? - дегенінде, сахабалары:
" Иә, Алланың елшісі, айт " - дейді.
Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с): "Бұл өсек таратып, бірін-бірі жақсы көретін жандардың арасына іріткі салып, жазықсыздарды кінәлаушылар" - дейді»


Репост из: مفتاح العقل🖋
ҚАЗАҚ я дінді( шариғатты) ұстанғысы келмейді, я таза қазақ болғысы келмейді.. Не болғысы келіп жүргенін өзі де жауап бере алмай жүрген адам...


(с)Ұстаз Бауыржан Әлиұлы


Маңызды емес маған елдің өсегі,
Тілдерінен төккен ғайбат, кеселі.
Мұның бәрі керісінше соларға,
Ақыретте сор болады бес елі...

Кінәратпен ала берсін мазаны.
Маңызды емес жұрттың қылған мазағы,
Ол бұлардың о дүниеде тартатын,
Өздеріне жасап жатқан азабы...

Қызықты емес елдің мені даттауы,
Маңызды емес асырып та мақтауы.
Ең керегі жұмақ барар жолымда,
Ібілістің іздерінің жатпауы...

Мейлі билік болмасын да қолымда,
Маңызды емес киген қымбат тоным да.
Көремін ғой сүйсем шексіз Алланы,
Нығметтің одан асқан зорын да..

Бұйырмасын маған жүріс балпаң да,
Маңызды емес дәулеттілік, қалтам да.
Ең тәттісі сауапқа бай құл болсам,
Жаппар Ием жалғыз сенің арқаңда...

Тек тілімнің тоқтамасын шүкірі,
Маңызды емес күмәні елдің, пікірі.
Ең бастысы қабірімде сөйлейтін,
Жұдырықтай жүрегімнің күтімі...

Тура жолға апаратын қадам бар,
Онда талай тілімденген табандар.
Тауқіметін мына өмірлік түк емес,
Ақыретің маңыздысы адамдар...

Ерболат Қарақойшы - Маңызды емес...


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Репост из: Бауыржан Әлиұлы (ресми)
Хәкімдерден қалған мынадай сөз бар.
"Көзге көрінерлік құлшылығың қанша артса да, ешбір күнәһар мұсылманды өзіңнен төмен санама! Бәлки оның күнәсін іштей мойындап, мұңайып жүргендігі Сенің құлшылығыңа сеніп масаттанып жүргеніңнен Құдайдың құзырында артық шығар. Немесе оның жұрт көзіне түспеген, жасырын жасап жүрген сауапты ісі бар шығар. Қалай болғанда да ол сауапты ісі, сенің жасап жүрген құлшылығыңнан артық болар. Себебі жария істен кейде құпия жасалған істер озады"
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!


"Балам, Намазың, оразаң қайда?"- деудің орнына, "балам, намазға ерте, оразаға жассың" - дейтін дәуір басқаны нендей өкініш!

Показано 20 последних публикаций.

15

подписчиков
Статистика канала