alishka


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Искусство



Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Искусство
Статистика
Фильтр публикаций


Қаптап кетті қоғамда санасыздар
Айтып өтсем ауыз ашып қаласыздар
Ел қорғаған батырлардың ұрпақтары!
Қай жақты бетке алып барасыздар?!

Үйленіп ұлмен ұлдар, қызбенен қыз
Адасып жүр жүздеген ұл, жүздеген қыз
Бақыт деген сондағы осы болса
Соғыстан бақыт неге іздегенбіз?

Туған соң еркек болып, жігіт болып
Неге керек қыз өмірін сүріп көріп?
Алла берген жынысты ауыстырмай
Туған соң өлу керек жігіт болып

Қыз болып туылған соң, нәзік болып
Қыз болып жүру керек жабық болып
Сақтап тұрып арыңды, ұятыңды,
Өлу керек қыз болып, жарық болып

Ардагерлер, соғыстың дәмін көрген
Ел үшін керек болса жанын берген
Осындай ұрпақтарын көрер болса
Қиып бере салушед бағын белден
Көп болса елімізде осындайлар
Сорым дермең, айтыңдаршы бағым дермең?!


Түн ортасы, көкжиектен таң атпаған
Шықылдаған сағатқа қарап та алам,
Есеңгіреп, отырмын есім кетіп
Басымда ойлар, қолымда парақ, қалам

Қуанбай ақ, бөленбей ақ таң нұрына
Шыдам жетпей айналамның тарлығына
Ерік беріп жүректің жаңбырына
Нүкте қоя салғым келеді барлығына


Tym tyrys.


Қолыңда бар мүмкіндік болған кезде
Іске кіріс, мән бермей алдам сөзге
Жұрттар сөгер, қояды айтып, айтып
Елде мақсат әртүрлі, арман да өзге

Арман алдан қол бұлғап шақырғанда
Шап беріп ұстап алғын жақын бар да
Бағыңа өмір өзі беріп тұрған
Еншіңнен бас тартуға хақың бар ма


Қылығыма бала күннен сүйсінген
Жанарында ай жарқырап, күн күлген
Кеше ғана тентек болған балаңның
Алыс кетіп, сағынарын кім білген

Абыройын сары майдай сақтаған
Сен қуансаң жарылуға шақ қалам
Өмірімде сенің барың, анашым
Маңдайыма жазылған зор бақ маған

Әр сөзімді қылығымнан жаттаған
Дәл осындай анам бар деп мақтанам
Перзентіңнің осы өлеңін қабыл ал,
Өмірімнің мәні болған ақ мамам

Сен мұңайсаң бүкіл әлем түнерген
Сен қуансаң ұлыңдағы мұң еріген
Маған қарап, сәл жымиып күлуің
Бар әлемнің байлығы деп білем мен

Бір өзіңе арналады жыр, әнім
Сенсің менің алаулы отым, шырағым
Құдайыма қол жайғанда алдымен
Бір өзіңнің саулығыңды сұрадым

Жүрегімнің, жарқылысың жанымның
Өзің бүгін мәні, сәні әнімнің
Білем мама, сағыныштан жарылдың
Менде өзіңді жанымменен сағындым❤️✨


Bári jaqsaryp keledi🙌


Тек өзіңмен байланысты тағдырым
Сені ойласам ұмытамын барлығын
Саған ғана ашқым келеді сұлуым
Сезім толы махаббатың сандығын

Сені көрсем басқаларын көзге ілмей
Ал жаныңда айтуға да сөз білмей
Жүрек шіркін сол бейнеңді көргенде
Басқаларын тастайды ғой сездірмей

Кейде ілмейсің мені тіпті назарға
Білем енді уақытым жоқ созарға
Хабарлама жазу да қиын тіпті
Сөз таба алмай қалам кейде жазарға

Түсініп көр енді менің жайымды,
Мендік арман, мендік мына уайымды
Сәл уақыт бер түзетемін барлығын
Міне осы білгің келсе ойымды)


Тағы да таң атуда өзіңді ойлап
Жанымды бір жағымсыз сезім бойлап
Тұмандай түсініксіз сол сезімдер
Ғашықтың жібереді ау көзін байлап

Дұрыстап сөйлесуге жарымадық
Жайың қалай? Ал менің хәлім анық
Өзің келіп тастаған тұңғиықта
Шарасыздан барамын тағы қалып

Білсем де шықпайтынын ештеңенің
Алыстауға себепсіз сескенемін
Көңіліңді табуға тырысам деп
Не істемедім?)


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Күндерімді төгілген таңыма арай
Бұйырған тәңір сыйы бағыма орай
Сағындым отбасымды, бауырымды
Ауылымның, әжемнің хәлі қалай?

Әке жан, қалың қалай, аманбысың?
Білемін дұғадасың балаң үшін
Мен үшін алаң болма, уайымдама
Өзің сенген перзентің табанды шын

Білем мама, сағынасың түсінемін
Сағыныштан жиналып ішіңе мұң
Ұлым деп меніменен мақтана алсаң
Қалай ғана еңсемді түсіремін

Аман ба бауырларым, тілеулерім
Сүрінгенде сүйенген сүйеулерім
Қазір міне арманымның шыңындамын
Қабыл болып тілеген тілеулерің

Есімді алды арманым, еліктіріп
Жаныма үлкен қаланы серік қылып
Уәде берем, биіктен орын алам
Үмітімді күтемін сеніп тұрып


Бір өзіңді ойлаумен таң атырып
Жүргім келген бағың боп жаратылып
Есіміңді естісем, көркем бейнең
Есіме түсіп тұрады аракідік

Жүргенде сағыныштан есім шығып
Сезімімді кетпегейсің жесір қылып
Бүгін тағы түсімде кезіктірдім
Саябақта, жатқанда бесін кіріп

Сағындым, ол сезімді жасырмаймын
Көңілде бір жүк жатыр, басылмай мұң
Өз күйімді өзім тұрмын түсіне алмай
Міне менің жайым осы, осындаймын


Бойға жинап мүмкін болған бар асылды
Ғимараттар, саябақтар жарасымды
Жол тартып ару қала Алматыға
Қиып барам туған қалам - Таразымды

Осы - әңгімем, айтылған ашылып сыр
Көңіл бірақ көп нәрсені жасырып тұр
Амалсыздан барамын қиып кетіп
Себебі арман қол бұлғап шақырып тұр

Мен ойлансам түнереді аспан лезде,
Ол жақта бәрі басқа, достар да өзге.
Дәл бұлай қимаспын деп ойламап ем
Үлкен өмір есігін ашқан кезде


Көркем бейнең миыма бермей тыным
Ұқтырдың ау шын сезім өлмейтінін,
Ұқтырдың ау құдіретін махаббаттың,
Даусың ғана бар мұңымды емдейтінін


Қазір мүлде күй басқа, көңіл бөтен
Айыра алмай түсімбе, өңім бе екен
Миға тыным бермеген сол қыз жайлы
Көп ойладым, ол менің теңім бе екен?)


Kóp oıladym, ol meniń teńim be eken?)


Еліктіріп, есімді шығарардай
Жүректе тулай берді ау тына қалмай
Білмеймін енді қанша жүрерімді
Есіміңді жүректен шығара алмай

Миыма маза бермей бейнең көркем
Сірә мендей сені ешкім сүймейді ертең
Еш себепсіз алыстап кете бермей
Сүйіп тұрып бағала сүйгенді еркем

Сын сағатта сергелдең боп қалғаным ау
Енді отырмын ойланып таңда мынау
Қол жетпейтін арманыңды қуа бермей
Маған бір қарап қойшы ардағым ау

Білемін, саған оңай жете алмаймын
Маза бермейдi айналып өте алмай мұң
Бірақ мені түсініп көр, мен сен үшін
Жалғыз жүрек, жанды құрбан ете алмаймын


Достасып жүріп, маза бермеді әлгі мұң
Сол кезде неге айта салмадым барлығын
Оянып сезім, махаббат оты жанғанда
Тарс жаба салдым жүректің алтын сандығын

Бейнеңе қарап еріксіз ғана телмірдім
Қайтадан саған жақындай алмай мен жүрмін
Әлемнің жиып бар сұлулығын бойыңа
Есейген мені ертегіге де сендірдің


Bari endi bastaldy!


Жазу үшін бүгін тағы қаламды алдым
Әңгімесін жақсы мен жамандардың
Өтірік күліп жүру қалыптасқан
Мақсаты сияқтанып адамдардың

Бұл сөзіммен демеймін ақылым көп
Алайда достық жатыр сатылым боп
Кім білген өзгерерін адамдардың
Алғашында көрінген жақының боп

Көңіл қалған достан да, басқадан да
Енді ешкіммен ниет жоқ дос боларға
Іштен тына салғаным дұрыс болар
Сырымды ашып жүргенше басқаларға


Қаламым мен қағазым бардан ада,
Қалам ұстап түн ортасы, таңда ғана
Бүгін міне, тағы бір өлең жаздым
Амалсыз, іздеуменен жанға дауа...


Көптен бері көрінбейсің, көріктім ау
Телефонның ар жағынан еліттің ау
Өз өзімнен өзгеріп шыға келем
Сені көрсем жүректе еріп қырау

Білем әлі өкпелісің, түсінемін
Өкінгем де істеген ісіме мың
Тағы жазып, сағынып, хабарласып
Тағы міне көңіліңді түсіремін

Болды енді, жетер осы бұлданғаның
Шыны керек бұлданып дым да алмадың
Кешіреғой алдыңда айыптымын
Бақыттың бөлшегінен құр қалмағын


...Осы ғана өзіңе айта алғаным
Біразын айтқызбады сайтан жаным
Ал енді түн, алдымен уақытымды,
Сабырым мен жүйкемнің қайтар бәрін

Показано 20 последних публикаций.

15

подписчиков
Статистика канала