ALYPSOQ


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Спорт


Сіз бұл арнадан қазақ жауынгерлерімен қатар басқа да UFC жауынгерлері туралы жаңалықтарды қазақша оқитын боласыз!
Бізбен бол!
Instagram: https://www.instagram.com/alyp.soq/
Youtube: https://www.youtube.com/@alypsoqnews
Жарнама жасау бойынша: @bzhumazhan

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Спорт
Статистика
Фильтр публикаций


🏆 Әлеуметтік желіде спортшы өзін қалай көрсетуі керек?

Бұл постты жазуыма ММА спортшысы (BMF чемпионы) Еркебұлан Тоқтардың соңғы жазбасы себеп болды. Кәдімгідей адамды елітіп әкетеді, тіпті сондай өмір сүргің келіп кетеді. Сол жазбадан кейін «неге басқа спортшылар да осылай істемейді?» деген ой туды. Бұл тақырып жайлы ММА мамандары бұрыннан айтып жүр. Бірақ, өкінішке қарай, оны тыңдайтындар аз…

Бүгінгі пост – спортшы ретінде әлеуметтік желіде өзіңді қалай көрсету керектігі жайлы болмақ. Кеттік!

1️⃣ Ереже: Сен жай ғана спортшы емессің, сен — брендсің!
Алдымен өзіңе сай, нәпсіге ауыртпалық салмайтын контент табу керек. Қарапайым мысал – Криштиану Роналду. Ол өзінің сымбаттылығын, қайтпас қайсар мінезін негізге алып, Instagram парақшасын ерекше жүргізеді: әдемі суреттер, жаттығу сәттері, жарыс алдындағы және кейінгі эмоциялар, отбасы мен жеке өмір көріністері, мотивациялық жазбалар. Бұл – брендтің негізі. Роналду тек футболшы емес, ол – мотивация символы.

2️⃣ Ереже: Өз тарихыңмен бөліс.
Адамдар тек нәтиже көреді, бірақ соған дейінгі жолды білмейді. Міне, соны көрсету маңызды.
Қай ауылдан шықтың? Қай залда жаттықтың? Алғашқы жарыста не болды? Мысал: Хабиб Нурмагомедов әрдайым балалық шағы жайлы айтып отырады. Сол арқылы ол өзінің шыққан жерін, өскен ортасын, өсу жолын көрсетеді.

3️⃣ Ереже: Шынайы бол!
Шаршау, жарақат, салмақ өлшеудегі күйзеліс, қиындықтар – бұлар шынайы эмоциялар.
Адамдар жасандылықтан шаршаған. Мысал: UFC-дің backstage видеолары мен процестерді көрсетуі жанкүйердің нағыз қызығушылығынан туған.

4️⃣ Ереже: Бренд = Серіктестік
Жақсы жүргізілген парақша – демеуші тартудың басты құралы. Жарнама – тек «нан табу» емес. Бұл – сенің беделің, сенің танымалдылығыңның көрсеткіші.
Кім біледі, бір күні Nike немесе Red Bull сені байқап қалар?

Қорытындылай келе, менеджер Саят Әбдірахмановтың сөзімен айтқанда: «Қазақстандық лигада төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, одан қалды октагоннан тыс өмірде қызықсыз болсаң – сені қалай көтереміз?».Бұл сұрақты әр дамығысы келетін спортшы өзіне қоюы керек. Еркебұлан Тоқтар, Қуат Хамитов, Криштиану Роналду сынды спортшылар жанкүйерге не керектігін біледі. Солай олар назарды өзіне аударта алады.

Бастысы шынайы бол!


🏆 Әлеуметтік желіде спортшы өзін қалай көрсетуі керек?


Өз ойларыңызды жаза кетіңіздер!✍️

https://www.instagram.com/p/DHBXqhusrHz/?igsh=N2NnczExYjB5aDho


UFC313 турниріндегі файтерлердің гонорары

🇧🇷 Alex Pereira - 4.042.000$
🇷🇺 Magomed Ankalaev - 2.282.000$
🇺🇸 Justin Gaethje - 1.421.000$
🇦🇿 Rafael Fiziev - 766.000$
🇺🇸 King Green - 371.000$
🇨🇱 Ignacio Bahamondes - 206.000$
🇺🇸 Jalin Turner - 160.000$
🇦🇲 Armen Petrosyan - 156.000$




Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🇰🇿🇰🇿🇰🇿Чемпион Қазақтың ұлттық шапанымен




Төрешілердің берген бағалары....

Лайықты жеңіске жетті ме? Әлде тең айқас па еді?


Еркек!👏🏻
Қиыншылықпен келген белбеу🏆


🏆Магомед Анкалаев жартылай ауыр салмақтың жаңа чемпионы


Перейраның дәл соққысын көрмедік…


Анкалаевтың ешқандай тэйкдауны өтпеді…


Тағы да тең ба? Әлде Анкалаевтың жеңісі ме?


Перейра болды ма…? Перейраның дәуірі аяқталды ма?


3 раунд - тең болған секілді


2 - Анкалаев

Анкалаев қатты дайындалыпты…👏🏻


1 раунд - Перейра


Басты жекпе-жек….Сіздің болжам?🫵🏻


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Джастин Гэтжи төрешілердің шешімімен реваншта тағы да жеңісті жұлып әкетті.

Бонус лайық жекпе-жек👏🏻


3 раунд кім алды?👀

Показано 20 последних публикаций.