Aman world


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Технологии


Senior Software Engineer at Google
Жарнама бойынша - @zhannishk

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Технологии
Статистика
Фильтр публикаций


Update: Уәде еткендей жобаны айтқан уақытымда бітірдім 😎😎😎
Gallup-та Focus 1-ші, Responsibility 2-ші орында болса солай болады дейді ме? 😁


3 мың оқырман🔥🔥🔥

Бүгін бір керемет күн болды ғой. Каналымызда 3к болдық. Контент және бастамалар көңілдеріңізден шығып жатыр деп үміттенемін. Мұндағы бастаманың барлығы сіздердің ұсыныстарыңызбен болып жатқан дүниелер.

Каналды осында 4.5 жыл ашып едім. Л3->Л5 жеттім. Джуннан Сениорға 😎
Көз алдыларыңызда өсіп жатырмын. Оқырмандарымның да көбі басында студенттер/джунлар еді олар да қазір мидл/сениор+. Бұйырса тағы 4-5 жылда юникорн иегерлері шығар арамыздан.

Рахмет барлықтарыңызға!!! ❤️❤️❤️

1.4k 0 1 22 113

Қайырлы күн, Aman World оқырмандары ☀️

Tech book club-тың дүйсенбі күні алғашқы онлайн кездесуі өтті. Оқырманардың 80% қатыса алды. Клуб мүшесінің бірі бірінші тарауға презентация жасап, түсіндіріп шықты. Сұрақтар қойылды, барлығымыз білгенімізше жауап бердің. Арада мықта мамандар да жетерлік екен. Менің көңілімнен шықты.

Кітап клубқа сәл жаңа нәрсе енгізіп жатырмыз. Кітап 16 тараудан тұрған соң аптасына 1 тараудан оқып, жоспарда ~4 айда бітіру. Бірақ, тек бір кітапты оқи бермесетен арасында, әр 5ші апта сайын, кітаптан ауытқып, әр түрлі тех компаниялардың тех блогтарын оқып тұруды қосып көрмекшіміз.

Айтпақшы, оқырмандар арасында топқа жазылып үлгермей қалғандар бар екен. Тағы бір топ ашуымды өтінген соң, екінші топ ашып жатырмын. Тіркелемін десеңіздер @zhannishk жазыңыз. Бүгін-ертең топты толықтырып бастап кетеміз. "Building Microservices" кітабын оқимыз. Әйпесе маған бірден 2 тех кітап оқып жүру ауырға соғады.

Есеп клуб туралы әлі тренер жағын қарастырып жатырмын. 1 адаммен сөйлесіп қойдым. Ертең тағы да бір кісімен сөйлеспекшімін. Одан бөлек адамдардан идеяға фидбэк жинап жүрмін. Ақыры жасаған соң толық ойластырылған клуб жасағым келеді. Сондықтан бұр іс әлі де брейншторминг этабында.


Қайырлы күн, Aman World оқырмандары ☀️

Кітап клуб бастаған соң артынан есеп клуб ашса қалай болады екен деген ой келді.

Жақсы бір тренер тауып, оқып практика жасау керек тақырыптарды/есептерді бекітіп, айлық подпискамен курс ашсам адамдарға қызық болады ма екен?

Форматы:
- апта сайын тренермен жаңа тақырыптар
- апта бойы тақырыпқа қатысты есеп шығару
- аптасын 2-3 рет office hour тренермен.
- менен апта сайын әр түрлі қолдаулар (код ревью, резюме, қонақтар, мок интервью, карьерный консультация)
- Толық онлайн. Кешкі уақыт, жұмыс бастыларға ыңғайлап.

Әрине, ақылы және қымбат болмақ 😅

Мұндай сервиске қажеттілік болып жатса бұл істі қолға ала аламын.

#клубомания

2k 0 7 42 101

Update

~40 адаммен 1 топ аштық. Қосыламын деп тіркелген 80 адамның жартысы ғана ары қарай төлемді жасам топқа қосылды. Әлі де топқа қосылайықшы деген ұсыныстар келіп жатыр. Бірақ 40 адамнан көп болса сапа нашарлап кетер деген оймен қазірше жаңа адамдарды қабылдап жатқан жоқпын. Бірақ қосылуға қатты ниетіңіз болса @zhannishk жазып екінші топқа тіркелсеңіз болады. Екінші топты ең болмағанда 20 адам жиналса ашамын.

Клуб қазірше жақсы жүріп жатыр. Күнделікті саммари жасап жүрмін оқығанымды. Топта адамдар өздерінің тәжірибесімен бөлісіп жүр. Онлайн кездесулеріміздің уақытын бекітіп қойдық.


Гугл Цюрихтың 20 жылдығына орай осындай футболка таратып берді. Түстерін онша гуглдың стиліне келмейтін сияқты ма иә?


Update

Топқа тіркелуді тоқтаттым. 80+ адам жиналды. Ешкімнің көңілін қимай ~40 адамнан 2 топ ашатын болып шештім. Алғашқы бастамамыз сәтті болсын деп тілеп қойыңыздар 🙏


Кеттік!

Жоғарыдағы шарттармен келісетін, кітап оқып дамуға уақыт таба алатын, техникалық кітап оқитын ортаға қосылғысы келетіндер - топқа жазылыңыздар.

Бірінші ай тестовый болмақ. Әрі түрлі форматтарды жасап көреміз. Клуб барлығымызға ұнап жатса жалғастырамыз. Мен бұған дейін ешқандай кітап клубта болмағанмын. Сондықтан мен үшін де жаңа нәрсе болмақ.

Топқа тіркелу қарашаның 1-і 13:00 тоқтайды. Топта максимум 40 орын ғана болады. Одан көп болса игере алмай қалуымыз мүмкін деген қорқыныш бар :)

Төлем жағын (5000тг) жаңа топта хабарлайтын боламын.

Tech book club тіркелу тоқтатылды. Бірақ қосыламын десеңіз @zhannishk жазыңыз


Сундар ағай гитхабтың копайлоты енді бұдан былай гемини қолданатын болады дейді. Копайлот қолданатындар бар ма?


Үйдегі жұмыс орныма осы 2 картинаны сатып алдым. Толық темірден жасалған. Жарасып тұр ма? 😅

Негізі қазақша стильдегі картина да ілгім келді, бірақ европаның сервистерінен таба алмадым. Негізі сол жақта әлі де орын бар 😁


Жұмыста жобамды жаңа жылға дейін бітірсек керемет болады деп айтқан менеджерім. Қазанның басынан бері қатты жұмыс істем қойдым ба, менеджеріме одан ертерек бітіре алуым мүмкін, қараша қараша соңына дейін - деп айтып едім, қалай сол қарашаның ортасы дедлайным болып кеткенін байқамай қалдым ғой 😂
Жиза ма? 😁


Tech book reading club

Жақында ғана Start With Why кітабымды оқып бітірдім. Менің жалпы кітап оқып жүргеніме қатты көп болмады. Бірақ ерекшелішім, бастаған кітабымды соңына дейін аяқтаймын. Бастап, бірақ бітірмеген кітабым жоқ.

Енді техникалық кітап оқып бастамақ ойым бар. Бұл жолы Sam Newman-ның Building Microservices атты кітабын оқымақшымын. Чаттан біраз tech book reading club ашу жөнінде ұсыныстар болған. Соған орай сол техникалық кітап оқу клубын ашса қалай болады екен деген ой бар:
- 1-2 аптада бір рет онлайн кездесу өткізіп, оқып жатқан кітапты бірге талқылап тұрамыз.
- Бөлек телеграм топ ашамыз, барлығымыз ойымызды сонда бөлісіп отыратын боламыз.
- Айлық подписка(commitment) құны 5000 тг.

Қаншалықты сұраныс бар екенін түсініп көрейін. Потенциально кітап клубқа жызыламын дейтіндер 💯 қойсын. Сұраныс болса әрі қарай жобаны ойластырамыз

3.2k 0 15 21 107

Гуглда шамамен 180к адам жұмыс істейді. Компания үлкен болған сайын оны басқару да қиын болады. Жұмыста неше түрлі процестерді енгізіп тастаған. Дизайн документке апрувал алу, кодыңа апрувал алу, проектіге апрувал алу т.б.. Бір жобаны толық продакшнға шығару үшін 1040 белестен өтуің керек.
Әрине, бұл стартаптардың жылдамдығымен салыстырғанда өте жай, бірақ 180к адамы бар компания үшін өте жылдам деп ойлаймын.

Сен қайда жұмыс істегің келер еді, стартап әлде MAANG?


Не ғой, буст жасап жіберсеңіздер керемет болар еді. Әйтпесе сторис сала алмай қалдық қой каналдың атынан.

https://t.me/boost/amanutemuratov


Биыл Google Zurich офисына 20 жыл :)

3k 0 1 1 116

Тағы бір кітапты оқып бітірдім, 6/10 ⭐️


Интернеттен мына ақпаратты көріп қалдым. Маркет қайта қалпына келіп жатыр ма?


Өзің жазған код-қа тест жазу - өзіңнің қабілетіңе күмәндану, әлсіздіктің белгісі.

4k 0 21 11 116

Youtube ads премиум подписканың бағасын көтерді деп бүткіл дүние жүзі шулап жатыр. Швейцария отбасылық подписканың бағасы 24 --> 34 франк болыпты.
Біз де қалысамыз ба? Каналда жарнама жөнінде жекеге жазыңыздар 😁😅


Қарапайым software engineer болу уже не хайпово дейді ғой. МЛ инженер болу керек дейді. Қазіргі заманда тас атсаң AI конференцияға тиеді. Қарапайым софтвер инжениринг ешкімге қызық емес болып бара жатқан сияқты. Деп сіздерді бір үрейлендіріп алайын иә?

ЛЛМ-дардың жазып жатқан кодына қарап "тәәәәк, енді не істейміз?" - деп қоясың. codeforces рейтингі 1800 дейді. Сұмдық қой.

3.9k 0 10 18 48
Показано 20 последних публикаций.