4️⃣0️⃣🔝
жақында “
жаһан” журналынан қызықты бір мақала оқып қалдым. содан тобықтай. сүбелі деген жерлерін жаза кетейін.
адам баласының кемеліне келіп, өзінің саласында салуалы биікке жететін кезі –
қырықтың төңірегі екен.кей кәсіпкерлер жас кезінде жасындай жарқылдағанымен, өмірлік жобаларын
қырықтан асқанда жүзеге асырыпты.
марк тсукерберг пен билл гейтстің әлемдік империяларының іргетасын жиырмаға жетпей төсегені, стив джобстың аpple шаңырағын жиырма жасында көтергені де рас.
☕️бірақ джобстың бағын ашқан, табысын молайтқан жұлдызды инновация –
iрhone жұртшылыққа жеткенде ол 52 жаста екен.
↗️сол сияқты жеф безос кітап сататын платформа – amazon-ды әмбебап дүниеге дүкенге айналдырғанда
45-те еді.📚п
енсильвания университеті жанындағы у
ортон бизнес мектебінің профессоры даниел кимнің зерттеуі бұл сөзімізді қуаттай түседі.Оның әріптестерімен бірге жүргізген
“аge and high growth entrepreneurship” деп аталатын ғылыми жұмысы америкадағы ең табысты кәсіпкерлердің жұлдызы жиырмада емес, алпыста да емес,
қырықты орталаған шағында жарқырайтынын көрсетеді.
даниелдің айтуынша, 2007-2014 жылдар аралығында ақш-та компания құрған кәсіпкерлердің орташа жасы – 42.
даниелдің командасы зерттеудің аймағын кеңейтіп, хай-тек стартаптар мен патенттерге байланысты салаларды да тексеріп көрді. ғажабы сол, бұл тарапта да орта жас – 43 жас екені анықталды.
✏️кремний аңғары мен бостон төңірегін ғана зерттеу нысаны етіп алды. сөйтсе, бұл жақта да бизнес негіздеушілердің дені отызды жеміріп, қырықты толтыра бастаған байсалды кісілер екені белгілі болды.
💬тарихқа қарасақ, қалам ұстағандардың да өмірлік жобаларын қырықты алқымдаған кемел жаста тәмамдағанын байқаймыз. мысал үшін, толстой өзінің “соғыс және бейбітшілік” деп аталатын атақты шығармасын
отыз алты жасында батсап, қырық бірінде тәмамдапты.📚мұхтар әуезов те “абай жолының” бірінші кітабына осы жаста кірісіпті. толстой мен деңгейлес жазушы – тургенев те “рудин”, “дворян ұясы”, “қарсаңда”, “әкелер мен балалар” атты романдарын отыз жеті мен қырық төрт жас арасында таңбаға түсіріпті.
☁️бальзактың “горио әкей”, “үзілген үміттер”, “аңғардағы лала гүл”, “цезарь бирото”, “ескілік мұражайы”, “аңғардағы лала гүл”, “цезарь бирото” тағысын тағы романдары өмірінің осы белесінде дүниеге келіпті.
достоевский
қырық жасында “тапталғандар мен қорланғандар”,
қырық бір жасында “өлі үйден шыққан жазбалар”,
қырық төрт жасында “қылмыс пен жаза” романдарын жазса, джойс
қырық жасында “улисс” романын, хемингуэй
қырық бір жасында “қоңырау кімді жоқтап күңгірлейді” романын жарыққа жеткізіпті.
💡келешектің кірпішін қалайтындар қызу қанды жиырмадағылар мен отыздағылар емес екен,
байсалдылыққа жеткен, абайшылдықты үйренген қырықтағылар мен елудегілер екен.жұмыс орындарын ашып, халықтың әл-ауқатын көтеретіндер де, мемлекетке салық төлеп, келешек ұрпақтың жолын ашатындар да осылар екен.
💡д
емек, университетті бітіре салысымен, стартапер атанғысы келетіндер мен әлемдік компания құрғысы келетіндердің салы суға кетіп, жолы болмай жатса, жабықпауы керек.
тсукербергше түнекті жарып шыға алмағандарына налымауы керек.
себебі өмірлік шаруаға кірісетін жасқа келмеді, бар қызығы алда деген сөз.
🔗
“жаһанды” жата-жастана оқыңыздар, ағайын.