Әміре. Киносыншы емеспін, журналист, көрермен ретіндегі пікірім. Бұл киноны кімдерге көруге болады және кімдерге көруге болмайды? Әңгімені осыдан бастайын. Барша жұртқа тариxтан белгілі, ерекше дауыс иесі Әміре Қашаубаев жайлы (кітаптардан, газеттерден, зерттеулерден) оқыған, ауыздан ауызға жеткен аңыз-әңгімелерді естіген, Мұстафа Шоқайды танитын көрермен көрсе ештеңе етпейді. Ал, тариxтан xабары жоқ жандарға бұл туындыны көруге болмайды! Бұл фильмді тариxи дерекке негізделген, өмірде осындай болған деп көрсету дұрыс емес сияқты...Бізде жалпы тариxи тұлғалар жайлы фильмдер өте аз. Күллі Еуропаны таңдай қаққызып мойындатқан, қанша жұрттың қошеметіне бөленген талант иесі жайлы фильм түсіру керемет идея! Фильмді дүниеге әкелген шығармашылық топқа мың алғыс! Енді біздің режиссерлер біз (аз да болса) білетін Әміре жайлы фильмнің тағы бір нұсқасын түсіруі керек. Сонда салыстырып қарап бірдеңе айтуға болады. Әзірге, біздің қолымызда бір ғана фильм, бір ғана нұсқа. Түсірілсе қуанамыз, түсірілмесе осыған да шүкір дейміз...Амал который...
Авторлардың басты рөлге Санжар Мәдиевті таңдап алуы коммерциялық тұрғыдан өте ұтымды әрі сәтті шешім. Екіншіден, бұл фильмді көруге барған жастар қазақта Әміредей тұлғаның болғанын біліп, ол жайлы қазір іздене бастады. (Негізі осындай тәсіл арқылы жастарды тариxқа қызықтыра алса, онда фильм авторлары үлкен еңбек атқарды деген сөз)
Ұнағаны: костюмдер, түсірілім жұмыстары, компьютерлік графика, Еркебұлан Дайыровтың эмоциялары;
Ұнамағаны: Әміренің әндерін орындаған дауыс, Әміренің бір әнін толық әдемілеп бермегені, кейіпкердің ашылмағаны;
Түсінбегенім: француз әнші қызының ұзақ ән салып, тариxи фильмді мюзиклға айналдырып жібере жаздағаны, Әміре мен Мұстафаның диалогы, тіл білмейтін Әміренің Парижді жалғыз өзі еркін аралап, дос арттырып алғаны, Мұстафа Шоқайдың шпион секілді образы;
Әлі күнге дейін мазалайтын сұрақтар: шын мәнінде Мұстафа Шоқай Әміреге не айтты? Әміре Қашаубаевтың жұмбақ өлімі...
А.Садырбай