🚗
Қытайда бір айда 1,5 миллионға жуық электромобиль сатылдыҚазан айында Қытайдың жаңа энергетикалық жеңіл көлік нарығында қарқынды өсім тіркелді. Қытайлық жеңіл автомобильдер қауымдастығының соңғы мәліметтері бойынша, өткен айда 1,43 миллион дана электромобиль сатылған. Осылайша салада жаңа рекорд тіркелді.
Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 50% жоғары. Бұл көрсеткіш қыркүйек айындағы сатылымнан да айтарлықтай асып түсті. Қытайдың ішкі нарығында электр көліктерінің сатылымы үшінші ай қатарынан өсім көрсетіп келеді.
Сарапшылардың айтуынша, мұндай оң өзгеріске, трейд-ин мемлекеттік бағдарламасын көмегі зор болған. Оның шеңберінде, бензинмен жүретін көліктің иелеріне электромобиль алғанда үлкен жеңілдік жасалады.
Осы тұста айта кетейік, Қытайдың ішкі нарығында жеңіл автомобильдердің жалпы сатылымы 3 миллион бірліктен асты, бұл өткен аймен салыстырғанда 9%-ға және ал өткен жылдың сәйес кезеңімен салыстырғанда 7%-ға көп.
✈️
t.me/atamekenbusiness_silkway