Ақназар Ишанғали


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


▫️ NMU Egyptian University
▫️ Әдемі әуезді азаншы 2020
▫️ Sajda.Kz | Tayyab Азаны бар🔥
▫️ QMDB✅

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


أَحَبُّ الخَلْقِ إِلَى اللَّهِ المُتَوَاضِعُونَ.

Аллаға жаратылғандардың ең сүйіктісі – кішіпейіл жандар.

📚Жағфар әс-Садиқ (Алла рақымына алсын)


Білім жолындағы шәкіртке

Білім – жүрекке нұр, ақылға жарық. Әрбір оқыған әрпің – саған мәңгі азық. Сенің әр қадамың – Алланың разылығы үшін, сондықтан сен тоқтама. Сабыр ет, себебі шыдамдылық түбінде сені арман-мақсатыңа жеткізеді. Өзіңді осы жолға арнаған екенсің, біл: сенің ізденісің, еңбегің, дұғаларың – үлкен есіктерді ашады. Шынайы білім Алланың ең үлкен сыйы, ал оны іздену – ең үлкен құлшылық.

📚Түнде өзіме арнап жазған мотивация😊


اَللّٰهُمَّ بَارِكْ لَناَ فِيْ رَجَبٍَ وَشَعْبانَ وَبَلّغْنَا رَمَضَان

Аллахумма барик ләна фи Рәжаба уә Шаъбана уә балиғна Рамадан

«Уа, Аллаһым! Ережеп пен Шағбан айларын берекелі ете көр! Бізді қасиетті Рамазанға аман есен жеткізгейсің!»


اللهم اجعل أول يومي صلاحاً، وأوسطه فلاحاً، وآخره نجاحاً، وأسألك خير الدنيا والآخرة

Уа, Алла, менің күнімнің басын игілікке, ортасын сәттілікке, соңын жетістікке толтыр, әрі Сенен дүние мен ақыреттің жақсылығын сұраймын!

Амин🤲


Ережеп айы құтты болсын мұсылман бауырлар😊🤲


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Неғыса менсіз неғыла беріңдер ия) - деп ұйықтайық бауырлар😅🔥


Қадір түнін ұйқымен өткізіп, жаңа жыл кешінде таңға дейін ояу болған бұл үммет басына түскен қайғы-қасіреттің себебін сұрай-ақ қоя берсін.

📚Шейх Ахмад әт-Тайиб


وقال الحسن البصري رضي الله عنه: يا ابن آدم، إنما أنت أيام، فإذا ذهب يوم ذهب بعضك.

Ей, адам баласы! Сен тек күндерден құралғансың. Егер бір күнің өтсе, өміріңнің бір бөлігі кемиді.

📚Хасан Басри


Уақыт – қылыш сияқты. Егер сен оны кесіп үлгермесең, ол сені кеседі.

📚Имам Шафиғи (Алла оған разы болсын)


قال الصحابي الجليل عبد الله بن مسعود رضي الله عنه:ما ندمت على شيء ندمي على يوم غربت شمسه، نقص فيه أجلي، ولم يزد فيه عملي.

Сахаба Абдулла ибн Масғуд (Алла оған разы болсын):

Мен үшін ең үлкен өкініш – күн батып, өмірім қысқарса да, сол күнде жақсы амалдарымды көбейте алмағаным.

📚Қиматуз Заман


Репост из: Дастан Құрманбаев
Мысырлық жазушы Мұстафа Рафиғи (1880-1937): “Жігіт өзі күнәһар болса, қыздардың барлығы бұзылған деп ойлайды”, — дейді.

📚 Уахи әл-Қалам


Үйлеріңді, көліктеріңді, балаларыңды, тамақтарыңды суретке көп түсіре бермеңдер! Сендерге береке тілеуші көзге қарағанда, көреалмаушы жамандық тілеуші көздер көбірек.

📚Шейх Мағсарауи


Ибн Хажар сол күнгі жағдай туралы әс-Саибтің сөзімен былай дейді: «Мекке алынған күні кейбір сахабалар мені Алла елшісіне ертіп алып барды. Осман мен басқа кісілер мені мақтай бастады. Сол кезде Хақ елшісі: «Оны маған үйретпеңдер (мақтамаңдар). Ол меніңнадандықтағы кезең індегі жолдасым. Мен оны сол кезден бері танимын».


Шейх Әбду Ас-сәлам ибн Абду әл-һинди Шаннар әд-Димашқи әл-Ханафи (Алла ұстазымыздың өміріне береке берсін.)

Бүгін ұстазыдың “Мишкатул Масобих” кітабынан дәрісіне қатыстым. Бірнеше тараудағы хадистерді оқып насихатын естіп қайттық🫂

Бұйырса кеткенімше ұстаздың дәрістеріне келіп ижазасын алсам деген ниет бар😊🤲


Бүгінгі естіген насихат:

Білім алатын ұстазды таңдағанда, өте мұқият болыңыздар. Ол ғалымның алдында отырып, оның қызметінде болған адам болсын. Өйткені, ұстаздың тек білімі ғана емес, мінез-құлқы да шәкіртіне сіңеді.

📚Шейх Шаннар


Айя София мешітде намазға қамат айттым.

Көру үшін осыны бас…

Бисмилла! Лайк + Коментария + Историяға бөлісіп жіберіңіздер🫂 Сіздер үшін бір екі басу. Мен үшін қуаныш🥹🤲


Адамның миы дейірмен тасына ұқсайды. Егер ішіне жаңа нәрсе салып тұрмасаңыз, өз - өзін үгітіп тастайды.

📚Ибн Хальдун.


"Әр құлау - өмірдің соңы емес. Жаңбырдың құлауынан кейін жерде өмір басталады".

📚Мәуләнә Руми


Күнә істесең дереу тәубе ет. Себебі кісі суға түскені үшін емес, судан шыға алмағаны үшін батып кетеді.

📚Хазреті Мәулана.


قال عمر بن الخطاب رضي الله عنه: "من قال أنا عالم فهو جاهل".

"Кімде кім "мен ғалыммын" деп айтса, сол барып тұрған надан адам".

📚Сахаба Омар ибн Хаттаб (Алла оған разы болсын).

Показано 20 последних публикаций.