🔘Шымкенттік белсенді Facebook-тағы парақшасына "Бүгін мен Шымкент қаласы Кемел Тоқаевтың көшесінде тұрып, оның ұлы, президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жариялаймын. Мұхтар Жәкішевке, Серікжан Білəшұлына жəне барлық саяси тұтқындарға бостандық беруін сұраймын!" деп жазып, акциядан түсірілген шағын видеоны да жариялап қойған. Видеодан белсендінің "Мұхтар Жәкішевке бостандық! Серікжан Біләшұлына бостандық!" деген жазуы бар плакат ұстағаны көрінеді.
Толығырақ.
🔘Қарағанды облысында екі елді мекенде төрт ірі қара әлсіреп, құлап қалған. Алдын ала мәлімет бойынша, Юбилей ауылындағы жағдай нодулярлы дерматитпен байланысты болуы мүмкін. Малдың неден құлағаны зертханалық сараптамадан кейін анықталады.
Ақой ауылында да дәрілеуден кейін үш ірі қара мал аяғынан тұра алмай қалған. Осы ауылда жағдайы нашарлады деген тағы төрт сиыр оқшауланған орында антибиотик және иммуномодулятормен емделіп жатыр. Шығынын мал иелері төлейді.
Толығырақ.
🔘Батыс баспасөзі Қазақстан үкіметінің жергілікті интернет қолданушылардың HTTPS трафигін жолдан бақылап отыруға кіріскенін сынап жатыр.
Мысалы, BBC-ге комментарий берген Comparitech компаниясының сарапшысы Пол Бишоф Нұр-Сұлтанның бұл саясатын «қауіпсіздік емес, аңду» және «мемлекет ауқымындағы делдал шабуылы» деп сипаттаған.
Толығырақ.
🔘Читайте нас на русском
👉🏼@radioazattyq