Осы аптада Батыс ақпарат құралдары мен құқық қорғау ұйымдары Қазақстандағы билік транзитінің АҚШ-пен қарым-қатынасына ықтимал әсерін және Шыңжаңда қамалғандардың «жаппай босатылуын» талқылады. Қарағанды облысында табылған археологиялық олжа біршама шетелдік БАҚ-тың назарын аударды.
The National Interest журналы тамыздың 1-інде жариялаған «Қазақстан АҚШ-тың Орталық Азиядағы жаңа әріптесі бола ала ма?» атты мақаласы «Америкалық саясаткерлер Қазақстандағы реформаларды саралағанда өте сақ болулары керек» деп басталады.
«ЖЕМҚОРЛЫҚ, ӘЛЕУМЕТТІК ТОЛҚУ МЕН ӘЛСІЗ ЭКОНОМИКА»
Билік басында 30 жылдай болған Нұрсұлтан Назарбаевтың орнын басқан президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдындағы міндеттерді меңзеген басылым «Оның (Тоқаевтың – ред.) елі жемқорлықтан, әлеуметтік толқудан және әлсіз экономикадан зардап шегіп отыр. Бұл мәселелерді жақсы білетін оның инаугурациялық сөзі реформа үшін үш емес, бес емес, он басымдықты айшықтап өтті» деп жазады.
ҚЫТАЙДЫҢ «ЖАППАЙ БОСАТУ» СӨЗІНЕ СЕНБЕЙТІНДЕР
Шілденің 30-ында The New York Times газеті «Қытайдың мұсылмандарды лагерьлерден босату мәлімдемесі күдікке кез болды» деген мақала жариялады. Басылым Қытай үкіметінің сейсенбі күні Шыңжаңдағы қамау орындарында отырғандардың басым бөлігін бостандыққа шығарғаны туралы мәлімдемесіне сенбейтіндер жетерлік екенін жазады. Шыңжаң үкіметінің басшысы Шохрат Закир мен орынбасары Әлкен Тунияз Пекиндегі баспасөз мәслихатында лагерьде қамауда болғандардың «90 пайызы қоғамға оралғанын» айтқан.
ТОЛЫҒЫРАҚ ОҚЫҢЫЗ.
🔘Читайте нас на русском
👉🏼@radioazattyq