"Бұл бастамаға тоқтау салу керек". Qaznet сертификаты жайлы
Қазақстандық қолданушыға арналған Qaznet Trust Network "қауіпсіздік сертификатын" билік жаппай орнатуға шақырады. Мамандар бұл бастама интернет үшін аса қауіпті екенін айтып, оны енгізу процесін тоқтату керек деп санайды.
АҚШ-тың Мичиган университетіндегі Censored Planet зерттеу тобы Qaznet сертификатын тестілеуден өткізіп, оның қорытындысын жариялады. Зерттеушілер сертификаттың қолданушы мен веб-ресурстар арасындағы ақпарат алмасуға араласу, трафик ұрлау, контентті мофицикациялау және қолданушыны аңду тәрізді функциялары бар екенін анықтаған. Censored Planet тобының сарапшысы, компьютерлік ғылым профессоры Эрик Вустроу Қазақстан бұл технологияны жетілдірумен әлі де айналысып жатыр дейді.
Азаттық: Ресми нұсқада Qaznet Trust Network қауіпсіздік сертификаты Қазақстан азаматтарын кибершабуылдардан қорғайды деп түсіндірілді. Сіздің ойыңызша, сертификат қызметіне мұндай міндет кіре ме?
Эрик Вустроу: Менің ойымша, сертификат мұндай қауіптерден қорғай алмайды. Сертификат әсер ететін сайттар тізіміне қарасақ, оның мақсатына "фишинг", зиянды бағдарлама мен басқа да қауіптерден қорғау кірмейтінін көреміз. Ол көлемі шектелген әлеуметтік желілер мен сайттарға ғана бағытталған. Олардың көбі – өздерін қорғау әдістері жолға қойылған ірі компаниялар.
Азаттық: Сіз сертификат жұмысын бақылаумен айналысып жүрсіз. Сертификат туралы қандай қорытындыға келдіңіз?
Эрик Вустроу: Соңғы бір-екі аптада сертификатты бір өшіріп, бір қосты. Соған қарағанда, сертификат жұмысының тиімділігін тексеріп жатқанға ұқсайды. Әзірге сертификат бүкіл елді қамтымайды. Бірақ болашақта не боларын кім білсін?!
ТОЛЫҒЫРАҚ ОҚЫҢЫЗ.
🔘Читайте нас на русском
👉🏼@radioazattyq