🔴Дулат Ағаділдің асына жүзден аса адам жиналды. Келушілер қатары көбейіп жатыр
Бүгін, 8 тамыз күні сағат 12.00 уақытында Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы Талапкер ауылында азаматтық белсенді, марқұм Дулат Ағаділдің асы өтпек. Асқа осы уақытқа дейін жүзден аса адам жиналған. Ауыл сыртында полиция көліктері мен автобустары тұр. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлады.
Ағаділдің үйінің алдына үш киіз үй тігілген, дастархандар жайылған. Марқұмның суреті мен "08.08.2020" деген жазу бейнеленген плакаттар ілінген. Асқа жиналғандар арасында Алматы, Семей және Қарағанды секілді өзге өңірлерден келгендер бар.
Жиналғандар алдында марқұмның анасы Гүлбараш Жолмұханбетова, әйелі Гүлнар Қасымханова және белсенді Жанат Нұркішев Ағаділ өлімінің "ерте аяқталған" тергеуі жөнінде сөз сөйледі.
Ас беріліп жатқан үйге полиция өкілдері, Талапкер ауылының әкімі мен санитар дәрігері келіп ескерту жасамақшы болды, бірақ халық наразылық білдірген соң, олар ешнәрсе айтпастан кері бұрылып, кетіп қалды.
@azattyq.