🔘Ағаділдің асына 200-дей адам келді, полиция сырттай бақылап тұрды. Белсендіні еске алу қалай өтті?
Бүгін, 8 тамыз күні Нұр-Сұлтан іргесіндегі Талапкер ауылында биыл ақпанда полиция тергеу изоляторында жұмбақ жағдайда қайтыс болған азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің асы өтті. Ас берілген үйдің айналасында полиция жасақтары және автобустары тұрды. Құқық қорғау органдары жиналғандарға күш қолданған жоқ, бірақ үй үстінен бірнеше рет дрон ұшып өтті. Ауыл әкімі мен санитарлық дәрігері үйге келіп жиналуға болмайды деп ескерту жасамақ болды, бірақ тұрғындардың наразылығынан соң кері бұрылып, кетуге мәжбүр болған. Астан соң жиналғандар марқұмның зиратына барды.
@azattyq.