Репост из: KazakhExport
Биылғы сегіз ай қорытындысы бойынша Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі қолдауына ие болған отандық кәсіпорындар өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда экспорт көлемін төрт есеге ұлғайтты. 2024 жылдың 1 кыркүйектегі есебі бойынша Агенттік жауапкершілігіне алған келісімшарттар құны – 171,8 миллиард теңге.
Экспорттаушы өңірлер арасында Қарағанды облысы көш бастап, ел бойынша жіктелген жалпы көлемнің 37,8 пайызын қамтып отыр. Қарағандылық кәсіпорындар 64,9 миллиард теңге болатын экспорттық келісімшарт жасасқан. Одан кейінгі орынға Қостанай облысы (25,8 миллиард теңге) жайғасса, үштікті Алматы облысы (21,3 миллиард теңге) қорытындылады.
Экспортталған өнімдердің басым бөлігі – металлургия (43,4%), тамақ өнеркәсібі (39,1%), машина жасау (10,5%), агроөнеркәсіптік кешен өнімдері (4,9%), құрылыс материалдары (1,5%), шыны өнеркәсібі (0,3%).