ПАЙДАЛЫ БІЛІМ МАРЖАНЫ


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


Арна ислам дінінің иман негіздері, наным-сенім (ақида), фиқх, Пайғамбар өмірбаяны (сира), көркем-мінез, әдеп, басқа адамдармен қарым-қатынас мәселелерін ашып түсіндіретін сұрақтар мен олардың жауаптарын қамтыған.

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Репост из: РАМАЗАН-ОРАЗА
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Оразаны бұзатын нәрселер - مبطلات الصيام

اللغة قازاقية
https://youtu.be/oVxvRqRVAXM


Репост из: РАББЫҢ КІМ?!!
📖🎙🔈Ғұлама Абдул-Азиз ибн Баздың "Бүкіл үмметке арналған маңызды сабақтар" жолдауына шейх Хайсам Сарханның жасаған түсіндірмесі

Дайындаған шейх басшылығындағы "Сунна" колледжі

https://t.me/rabbyn_kim/283


📖🎙🔉 "Рамазан - Раббымызға оралу айы"


"Бақыт кілті" топтамасынан

🖌📖🎙 Дайындаған шейх Хайсам Сархан басшылығындағы "Сүннет" колледжі


Репост из: Видео "Абу Ханифа мирасы"
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
✨ Исламға қалай кіремін?

Дайындаған шейх Хайсам Сархан басшылығындағы "Сунна" колледжі


Репост из: ҒИБРАТТЫ УАҒЫЗДАР
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
✨ Ражәб (Ережеп) айы

Дайындаған шейх Хайсам Сархан басшылығындағы "Сунна" колледжі




Репост из: КІТАП СӨРЕСІ
Исламға қалай кіремін.pdf
447.7Кб
📖 كيف أدخل في الإسلام): *سلسلة علمية للدكتور هيثم سرحان، يتناول فيها أهم القضايا الشرعية على شكل سؤال وجواب*.
*وقد تناول في هذه الحلقة قضية* الدخول في الإسلام، وكيف يصبح المرء مسلما؟ وماذا عليه بعد دخوله في الإسلام؟ وأهم ما يحتاجه المسلم الجديد للتدرج في تعلم الإسلام.

«Исламға қалай кіремін»: шейх, доктор Хайсам Сарханның бұл ғылыми топтамасы өзінің құрамына сұрақ-жауап түрінде келтіріліген ең маңызды шариғи мәселені қамтыған.
Бұл топтамада Исламға кіру мәселесіне, сондай-ақ адамның қалайша мұсылман болуына, ол Исламға кірген соң не істеуі керектігіне әрі жаңадан мұсылман болған адамға Исламды бірте-бірте оқып үйренуде қажетті болған ең маңызды нәрселерге қатысты сұрақтардың жауаптары жинақталған.


Репост из: КІТАП СӨРЕСІ
Таухид көрнекі тақтасы.pdf
4.2Мб
"Бірқұдайшылық-таухид" көрнекі тақтасы
📌 Таухидтың үш түрі (әл-улуһия, әр-рубубия, әл-әсма уа-с-сыфат)
📌 Діннің үш дәрежесі (Ислам, Иман, Ихсан)
📌 Тыйым салынған нәрселер (үлкен және кіші ширк, үлкен және кіші күнәлар)

✏️ Дайындаған шейх Хайсам Сархан басшылығындағы "Сүннет" көлледжі






💥Шайтан намазхандардың арасында ұрыс-керіс салудан үмітін үзбеді


✨С994: Бір мұсылманның басқа мұсылманның алдында қандай хаққылары бар? https://t.me/balalar_qazynasy/1123
✨С995: Егер мұсылман адам әрдайым жақсы амал жасап, кейін ауырып қалып, оны жасай алмай қалса, оған қандай сауап жазылады? https://t.me/balalar_qazynasy/1124
✨С996: Науқас адамды зиярат еткен адамның артықшылығы қандай? https://t.me/balalar_qazynasy/1125
✨С997: Тәкаппарлықтың анықтамасын келтір. https://t.me/balalar_qazynasy/1126
✨С998: Қиямет күні тәкаппар адамдар қандай кейіпте тіріледі? https://t.me/balalar_qazynasy/1127
✨С999: Мұсылмандардың арасында өзара сүйіспеншілік туындауының екі себебін келтір. https://t.me/balalar_qazynasy/1128
✨С1000: Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ең жиі айтқан дұғаны келтір. https://t.me/balalar_qazynasy/1129
✨С1001: Аллаһ Тағаладан Ол адамды дінінде нығайтуын сұрайтын дұғаны келтір. https://t.me/balalar_qazynasy/1130
✨С1002: Поэзияны дауыстап мәнерлеп оқуға болады ма? https://t.me/balalar_qazynasy/1131
✨С1003: Бала ата-анасының бөлмесіне қай уақытта рұқсатсыз кіруіне болмайды? https://t.me/balalar_qazynasy/1132
✨С1004: Бөгде адамдардың әңгімелерін жасырын тыңдауға болады ма? https://t.me/balalar_qazynasy/1134
✨С1005: Мұсылман адам (ұйқыдан бұрын) қандай бес амал жасайды? https://t.me/balalar_qazynasy/1135
✨С1006: Әтештің дауысын, есектің ақыруын және түнде иттің үруін естісең, не деп айтуың керек? https://t.me/balalar_qazynasy/1136
✨С1007: «Аллаһ кімге жақсылық қаласа...», - деген хадисті жалғастыр. https://t.me/balalar_qazynasy/1137
✨С1008: Бала үйден ата-ананың рұқсатынсыз шығуына болады ма? https://t.me/balalar_qazynasy/1138
✨С1009: Егер мұсылман адамға жақсылық келсе, немесе, керісінше, ол жамандыққа ұшыраса, ол не істеуі керек? https://t.me/balalar_qazynasy/1139
✨С1010: Мұсылман адам Құран мен Сүннеттің қаулыларының барлығын олардың ешбірін қалдырмай орындауға міндетті екеніне әрі олардың ішінен өзіне ұнайтынын таңдап, өзіне қиын болғанын тастауына болмайтынына нұсқайтын дәлел келтір. https://t.me/balalar_qazynasy/1140
✨С1011: Аллаһ тілге алынбайтын отырыстың үкімі қандай? https://t.me/balalar_qazynasy/1141


🌿МҰСЫЛМАН АДАМНЫҢ КҮНДІЗ ЖӘНЕ ТҮНДЕ ЖАСАЙТЫН ІС-АМАЛДАРЫ ЖАЙЛЫ БАП🌿
(5-бөлім)

✨С957: Адам антын бұзса, ол қалай өтеледі? https://t.me/balalar_qazynasy/1086
✨С958: Адам берген сыйлығын қайтарып ала алады ма? https://t.me/balalar_qazynasy/1087
✨С959: Аллаһ Тағала адамның дұғасын қайтармайтын уақыттарды немесе жағдайларды ата. https://t.me/balalar_qazynasy/1088
✨С960: Мұсылман адам бір жыл ораза ұстаған адамның сауабына қалай қол жеткізе алады? https://t.me/balalar_qazynasy/1089
✨С961: Қандай жақсы амал адамның ризығын көбейтіп, өмірін ұзартады? https://t.me/balalar_qazynasy/1090
✨С962: Қай пайғамбар Аллаһ Тағаланың сүйіктісі болып саналады? https://t.me/balalar_qazynasy/1091
✨С963: Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтудың қандай артықшылығы бар? https://t.me/balalar_qazynasy/1092
✨С964: Ата-ананы лағнеттеуге болады ма? https://t.me/balalar_qazynasy/1093
✨С965: Ән (музыка) тыңдауға болады ма? https://t.me/balalar_qazynasy/1094
✨С966: Егер бала ата-анасы үшін кешірім сұраса, бұл оларға пайда әкеледі ме? https://t.me/balalar_qazynasy/1095
✨С967: Адам көпқұдайшыл болып қайтыс болған ата-анасы үшін немесе туысы үшін кешірім сұрай алады ма? https://t.me/balalar_qazynasy/1096
✨С968: Әкеге көрсетілуге тиісті болған кейбір адептерді ата. https://t.me/balalar_qazynasy/1097
✨С969: Сенімен туыстық қатынастарды бұзғысы келген туыстарға қандай қарым-қатынас көрсету керек? https://t.me/balalar_qazynasy/1098
✨С970: Көршіге қандай қарым-қатынас көрсету керек? https://t.me/balalar_qazynasy/1099
✨С971: Қандай көрші Аллаһтың алдында ең жақсы көрші болып саналады? https://t.me/balalar_qazynasy/1100
✨С972: Егер адамдар жүретін жолдың үстінде тас, бұтақ немесе тікен көрсең не істеуің керек? https://t.me/balalar_qazynasy/1101
✨С973: Күлу әдебі жайлы айтып бер. https://t.me/balalar_qazynasy/1102
✨С974: Көп күлу неге алып келеді? https://t.me/balalar_qazynasy/1103
✨С975: Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қалжыңдасқан ба? https://t.me/balalar_qazynasy/1104
✨С976: Адамдарды лағнеттеген адамның жазасы қандай болады? https://t.me/balalar_qazynasy/1105
✨С977: Мұсылман бауырды қалай қарсы алу керек? https://t.me/balalar_qazynasy/1106
✨С978: Бауырын зиярат еткен адам қандай сауапқа ие болады? https://t.me/balalar_qazynasy/1107
✨С979: Жасы кішілер мен үлкендерге қатысты қарым-қатынас әдебі жайлы айтылған бір хадис келтір. https://t.me/balalar_qazynasy/1108
✨С980: Жануарға рахымдылық пен аяу танытқан адамның сауабы қандай? https://t.me/balalar_qazynasy/1109
✨С981: Жануарды себепсіз және пайдасыз өлтіруге болады ма? https://t.me/balalar_qazynasy/1110
✨С982: Құстың ұясынан балапандарын алуға болады ма? https://t.me/balalar_qazynasy/1111
✨С983: Алдау мен өтірік айтудың қандай қауіпі бар? https://t.me/balalar_qazynasy/1112
✨С984: Шыншылдықтың қандай артықшылықтары бар? https://t.me/balalar_qazynasy/1113
✨С985: Егер сатушы мен сатып алушы саудаларында шыншыл болса нәтиже қандай болады, және олар саудаларында өтірік айтып, жалғандық жасаса, нәтижелері қандай болады? https://t.me/balalar_qazynasy/1114
✨С986: Құран мен Сүннет тыйым салған нәрселерді сатуға болады ма? https://t.me/balalar_qazynasy/1115
✨С987: Егер сен ұрысып жатқан екі мұсылман адамды көрсең, не істеуің керек? https://t.me/balalar_qazynasy/1116
✨С988: Мұсылман адамды қақысыз сөгуге немесе жамандап қаралауға болады ма? https://t.me/balalar_qazynasy/1117
✨С989: Адамдардың үстінен күлуге немесе оларды кемсітіп, қорлауға болады ма? https://t.me/balalar_qazynasy/1118
✨С990: Егер сен науқас адамды көрсең, не деп айтуың керек? https://t.me/balalar_qazynasy/1119
✨С991: Адамдарға зұлымдық (әділетсіздік) көрсетудің қауіпті салдары қандай? https://t.me/balalar_qazynasy/1120
✨С992: Қандай адам нағыз борышқор (банкротқа ұшыраған адам) болып саналады? https://t.me/balalar_qazynasy/1121
✨С993: Мұсылман адамның басқа мұсылманға деген қарым-қатынасы жайлы керемет баяндау келген хадисті келтір. https://t.me/balalar_qazynasy/1122


🌿МҰСЫЛМАН АДАМНЫҢ КҮНДІЗ ЖӘНЕ ТҮНДЕ ЖАСАЙТЫН ІС-АМАЛДАРЫ ЖАЙЛЫ БАП🌿
(4-бөлім)
✨С921: Адамдардың ішіндегі ең жақсылары және ең жамандары кімдер? https://t.me/balalar_qazynasy/1050
✨С922: Адам қандай хәлінде тіріледі? https://t.me/balalar_qazynasy/1051
✨С923: Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізге ләззатты бұзатын нәрсені жиі еске алуды бұйырған. Бұл не? https://t.me/balalar_qazynasy/1052
✨С924: Адамның өлімінен кейін оның денесінің қай бөлігі ең бірінші болып шіріп, жаман иіс шығара бастайды? https://t.me/balalar_qazynasy/1053
✨С925: Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) екіжүзді адам үш нәрсемен ерекшеленетінін айтқан, сол нәрселер жайлы айт. https://t.me/balalar_qazynasy/1054
✨С926: Әр үмметтің өз сынақтары болған, бұл үммет немен сыналады? https://t.me/balalar_qazynasy/1055
✨С927: Не нәрсе нағыз байлық болып саналады? https://t.me/balalar_qazynasy/1056
✨С928: Иман келтірген адам мен кәпір адам үшін бұл фәни дүниенің орыны қандай? https://t.me/balalar_qazynasy/1057
✨С929: Адамдардың арасына алғаш қол алысу әдетін енгізгендер кімдер? https://t.me/balalar_qazynasy/1058
✨С930: Сахабалардың арасында қол алысып амандасу әдеті таралған еді ме? https://t.me/balalar_qazynasy/1059
✨С931: Қол алысудың айырықша ерекшелігі қандай? https://t.me/balalar_qazynasy/1060
✨С932: Ай күнтізбесі бойынша бір ай қанша күннен тұрады? https://t.me/balalar_qazynasy/1061
✨С933: Қандай есімдер Аллаһ Тағала үшін ең сүйікті? https://t.me/balalar_qazynasy/1062
✨С934: Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қай өсімдік жайлы онда өлімнен басқа барлық аурудың емі бар деп айтқан? https://t.me/balalar_qazynasy/1063
✨С935: Ем үш нәрседе. Бұл жерде не жайлы айтылған? https://t.me/balalar_qazynasy/1064
✨С936: Қиямет күнінен бұрынғы осы соңғы үмметтің орташа өмір сүру жасы қанша? https://t.me/balalar_qazynasy/1065
✨С937: Біз өлім тұсындағы адамның есіне не нәрсені салуымыз керек? https://t.me/balalar_qazynasy/1066
✨С938: Жәннатқа ең көп адамды не нәрсе кіргізеді? https://t.me/balalar_qazynasy/1067
✨С939: Мына хадисті толықтыр: «Мен тек ... үшін ғана жіберілдім». https://t.me/balalar_qazynasy/1068
✨С940: Аллаһ мінезіңді көркем етуі үшін қандай дұғаны айту керек? https://t.me/balalar_qazynasy/1069
✨С941: Адам көбейте алатын нәрселердің ішіндегі ең жақсысы не? https://t.me/balalar_qazynasy/1070
✨С942: Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қандай адамгершілік сипаттар жайлы олар адамның өмір сүру мерзімін ұзартып, қалаларды тірілтеді деп айтқан? https://t.me/balalar_qazynasy/1071
✨С943: Аллаһқа сүйікті болған кейбір сипаттарды ата. https://t.me/balalar_qazynasy/1072
✨С944: Аллаһқа жек көрінішті кейбір сипаттарды ата. https://t.me/balalar_qazynasy/1073
✨С945: Тозақта не себепті әйелдер көп? https://t.me/balalar_qazynasy/1074
✨С946: Ашуын төге алатын кезде өзін қолында ұстаған адам қандай сауапқа ие болады? https://t.me/balalar_qazynasy/1075
✨С947: Аллаһ Тағаланың разылығы үшін мешіт соққан адам қандай сауапқа ие болады? https://t.me/balalar_qazynasy/1076
✨С948: «Ұлы Аллаһ Пәк және Оған мадақ» деп айтқан адамның сауабы қандай? https://t.me/balalar_qazynasy/1077
✨С949: Көру қабілетін жоғалтып, соған сабыр танытқан адамның сауабы қандай? https://t.me/balalar_qazynasy/1078
✨С950: Түнгі (құптан) намаз бен таң намазын мешітте жамағатпен оқыған адам қандай сауапқа ие болады. https://t.me/balalar_qazynasy/1079
✨С951: Мұсылман адам сәжде жасау керектігі айтылған аятты оқығанда не істеуі керек? https://t.me/balalar_qazynasy/1080
✨С952: Мұсылман адам сәжде жасағанда шайтанға не болады? https://t.me/balalar_qazynasy/1081
✨С953: Көптеген сәжделер жасайтын адам (яғни көп қосымша намаздарды оқыған адам) қандай сауапқа ие болады? https://t.me/balalar_qazynasy/1082
✨С954: Мұсылман адам бірдеңе жасағысы келсе, не істейді? https://t.me/balalar_qazynasy/1083
✨С955: Бұл намаз қалай оқылады? https://t.me/balalar_qazynasy/1084
✨С956: Мұсылман адам жиі ант бере бермеу керектігіне дәлел келтір. https://t.me/balalar_qazynasy/1085


✨С1011: Аллаһ тілге алынбайтын отырыстың үкімі қандай?

✨Ж1011: Бұл жиналыс жаман жиналыс болып саналады және ол сол адамдар үшін Қиямет күні жан күйзелісі мен өкінішке айналады.

✨Д1011: Абу Хурайра Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Қайсыбір топ Аллаһ Тағала зікір етілмеген жиналыстан тұрып кетпесін, олар міндетті түрде өлі есектің денесіне ұқсас нәрсенің айналасынан тұрып кеткендей болады, кейін Қиямет күні бұл жиналыс олар үшін өкінішке айналады» (Абу Дауд, 4855; шейх әл-Әлбани бұл хадисті сенімді деп атаған, ал шейх Муқбил әл-Уадиғи оны жақсы деген; «Силсиләт әс-сахиха», 1/158, № 77 және «әс-Сахих әл-муснад», 2/350, № 1328).


✨С1010: Мұсылман адам Құран мен Сүннеттің қаулыларының барлығын олардың ешбірін қалдырмай орындауға міндетті екеніне әрі олардың ішінен өзіне ұнайтынын таңдап, өзіне қиын болғанын тастауына болмайтынына нұсқайтын дәлел келтір.

✨Ж1010: Аллаһ Тағала былай деген:
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا ادْخُلُوا فِي السِّلْمِ كَافَّةً وَلَا تَتَّبِعُوا خُطُوَاتِ الشَّيْطَانِ إِنَّهُ لَكُمْ عَدُوٌّ مُّبِينٌ
«Әй мүминдер! Исламға бүтіндей кіріңдер. Шайтанның ізіне ермеңдер. Өйткені ол сендерге ашық дұшпан» («әл-Бақара» сүресі, 208-аят).


✨С1009: Егер мұсылман адамға жақсылық келсе, немесе, керісінше, ол жамандыққа ұшыраса, ол не істеуі керек?

✨Ж1009: Егер мұсылман адамға жақсылық келсе, ол Аллаһқа шүкіршілігін білдіреді, ал егер ол жамандыққа ұшыраса, сабырлық танытады.

✨Д1009: Абу Яхия Сухайб ибн Синан Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Иман келтірген адамның жағдайы нендей ғажап! Онымен орын алатын әрбір нәрсе ол үшін жақсылық, және бұл иман келтірген адамнан басқа ешкімге нәсіп етілмеген. Егер оған жақсылық келсе, ол Аллаһ Тағалаға алғыс-шүкіршілігін білдіреді, және бұл ол үшін жақсылық болады, ал егер ол қайғыға ұшыраса, ол сабырлық танытады, және бұл да ол үшін жақсылық болады» (Муслим, 2999).


✨С1008: Бала үйден ата-ананың рұқсатынсыз шығуына болады ма?

✨Ж1008: Жоқ, бұл олардың тілін алмауға жатады. Тек егер мен олардың менің далаға шығуыма қарсы емес екендерін білсем, бұл жағдайда шығуыма болады.


✨С1007: «Аллаһ кімге жақсылық қаласа...», - деген хадисті жалғастыр.

✨Ж1007: Бұндай екі хадис бар, біріншісі: «Аллаһ кімге жақсылық қаласа, соған дінде дұрыс түсінік береді» (әл-Бухари, 71 және Муслим, 1037 – Муғауияның сөздерінен) және екінші хадис: «Аллаһ кімге жақсылық қаласа, сол адамды сынайды» (әл-Бухари, 5645, Абу Хурайраның сөздерінен).


✨С1006: Әтештің дауысын, есектің ақыруын және түнде иттің үруін естісең, не деп айтуың керек?

✨Ж1006: Егер мен әтештің дауысын естісем, Аллаһтан Оның жомарттығынан сұрауым керек, ал егер мен есектің дауысын немесе иттің үруін естісем, Аллаһтан шайтанның жамандығынан қорғаныш сұрауым керек.

✨Д1006: Абу Хурайра Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Егер әтештің дауысын естісеңдер, Аллаһтан Оның жомарттығынан сұраңдар, өйткені әтеш періштені көргені үшін айқайлайды (яғни Аллаһтан Оның жомарттығынан, періштелердің Аллаһтан сенің дұғаңды қабыл етуін және сен үшін кешірім сұрап жалбарынатынына үмметеніп сұрайсың). Егер сендер есектің ақыруын естісеңдер, онда Аллаһтан шайтанның жамандығынан қорғаныш сұраңдар, өйткені ол шайтанды көрді» (әл-Бухари, 3303 және Муслим, 2729. Имам Ахмадта: «...түнде», - деген шектеу келген, 2/307, № 8064).
Жәбир ибн АбдуЛлаһ Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Егер түнде иттің үруін немесе есектің ақыруын естісеңдер, Аллаһтан қорғаныш іздеңдер, өйткені олар сендер көрмейтін нәрселерді көреді» (хадис жақсы; Абу Дауд, 5103; «Сахих әл-Адаб әл-муфрад», 478 бет, № 937/1233).

Показано 20 последних публикаций.